Әңгіме

 Фариза Амангелдіқызы

Екі көзін есіктен алмай, "Апам қашан келеді екен?" деп кешке дейін жатқан Асан, бетін терезеге бұрды. Күн де Асанның беймаза күйіне алаңдаулы кейіпте қимай ұясына батып барады.
Білмеймін неге екенін, Асан күнді осылай елестетті. Маған жаны ашып, қызараңдап батып бара жатыр деп ойлады іштей. Осы кезде есіктің тұтқасын арғы жағынан біреу ұстағандай болды. Елең ете қалған Асан орнынан атып тұрды. Жоқ, апасы емес екен. Әпкесі мектептен қайтыпты.

 

Әңгіме

Фариза Амангелдіқы

Айдынды көтеріп Қалима үйге кірді. Мөлдір де бетіне сүйіп қайта-қайта құшақтап жатыр.

- Неге тоғай жаққа кетіп қалғансың балам? Түнде жалғыз қалып кетсең не болар еді?
- Апа, ол мені ұрды.
- Жарайды балам, байқамай қалған ғой...
- Жоқ, ол әпкемді ұрды, кейін мені итерді,- деді кішкентай Айдын қорқақтап. Мөлдір жылап жіберді:
- Апа, кетейікші бұл үйден. Қалаға кетейікші. Ол жақта да жұмыс көп қой. Мен сабақтан шыққан соң жұмыс жасайм. Нағашы әпкемнен ақылы пәтер сұрап көреміз. Мұнда бәрібір жақсы өмір сүрмейміз ғой апа.

Әңгіме

Фариза Амангелдіқызы

Фариза Амангелдіқызы Атаева : 1991жылы  Түркістан облысы, Жетісай ауданында дүниеге келген. Тұрмыста, 3 баланың анасы. Бала тәрбиесімен үйде отырған педагог ана өлең, әңгіме жазып  шығармашылық қасиетін дамытуда. Инстаграмм әлеуметтік желісінде өте белсенді , танымал.

 

Әңгіме

Нұржан Қуантайұлы

 

- Мына күннің азынауын-ай !.. - деп кірді Советхан өзімен бірге даладан ере келген бір құшақ суықты сау еткізіп босағадан өткізе беріп. Қонышы қайырылған, мұз қатқан сары пимасын бір-біріне қаққыштап жатып, төргі үйден бері қарай сығалаған, жүзінде бұл кім деген әуестік табы бар бес-алты жасар ұлға: ''әй, ұл, қалың қалай-ей, ассалау қайда?" деді көңілді, көтеріңкі үнмен. Қолы сия-сия баланың сонда ғана есіне түссе керек, қолындағы қаламсабын тастай салып, босағадан бері озып, сырт киімін шешіп жатқан, ортадан төмен бойы бар, жалпақ бетті, қоңқақтау мұрынды қара кісіге «салумаликім!» деп қос қолдап сәлем берді.

 

Ертеректе болған оқиға. Күш-қуаты тасып тұрған журналист, атақты «Saturday Revue» газетінің редакторы Норман Казинс өзін бір сәтте нашар сезініп, қызуы көтеріліп, денесі сырқырап, ауырып қалады.
 
Денсаулығы күрт нашарлап, күн өткен сайын халі мүшкіл бола берді. Мойнын қозғалта алмай, қолын көтере алмай қиналады. Оның дерті – коллагеноз деп аталады екен. Аутоиммунды ауру. Бүкіл организмді шарпып, иммунды жүйе біріктіретін ұлпаларға қарсы шабады екен.