- Подробности
- Категория: Проза
Нұржан Қуантайұлы
Білезіктегі дисплейі дың ете қалды. Қараса, «сізді 11.00-де махалла жандармы Ли мырза өзінің офисінде күтеді» деген хабар тұр.
«Тағы не керек бұған?» деп ойлады Ерімбет. Аңдығаны мен болдым ғой бұл иттің. Япырау, микрочип бар, білезік-дисплей бар, көше мен аула толған спутник камера, үйдегі интернетпен де біліп тұр отырған-тұрғаныңды, кірген-шыққаныңды. Бұған не керек? Ішкен тамақ, киген киім - бәрін көріп отыр. Қай уақытта түшкіргеніңе дейін жазылып тұрады. Секундына дейін. Енді неге бұл мені тергеуге шақыра береді. Басқа ісім жоқ па менің.
- Подробности
- Категория: Проза
Гүлнұр Ембердиева
– Мен мұғалім боламын!
– Түу, бүкіл әулеттерің мұғалім болып, ұстаздар династиясын құрамыз десеңші, – өзі сабақты жарытып оқымаса да, әдемі киініп, сыланып жүретін Сайра мұрнын шүйіре қарады. Маған қарата айтылған сөз.
– Несі бар, мықты филолог боламын, – дедім қалысқым келмей.
- Подробности
- Категория: Проза
Хикая
– Ей жетімек, тұр қане! Дүкенге жүк келді. Түсіріп ал!!!
Айдос осы түрі сұсты əйелдің айқайына əбден тойды. Өзінің тастанды екенін үнемі бетіне басып, жекіріп, түрткілеп отырады.
Өзінің туған Анасы болса шіркін… Жетімек деп емес, балам деп басынан сипап, бұл əйел көрсеткен қорлықтың бірін де көрсетпес еді.
- Подробности
- Категория: Проза
Қате боп аударылған машинаның астына түскен Кәріпжан бейсенбі күні таң ата өз үйінде үзіліп кетті. Абырой болғанда, арттарында келе жатқан бір жүк машинасы бұлардың аударылғанын көріп, тез тұрғызып-ақ алған екен. Бірақ машинаның аты машина емес пе, бейшара жап-жас жігітті жаншып-ақ тастапты. Сонан үйіне әкелгенде де түні бойына ес жия алмай, қиналумен жұмды көзін байғұс.
Жақын дегенде жалғыз немере інісі, арыстай азаматы өмір үшін осынша арпалысып, жанталасып жатып, ұзақ қиналыстан соң, қас пен көздің арасында кенет иегін қағып қалып жайбарақат жөней бергенде Жарықбас шал жан ұшыра айқайлап, «бауырым-ай-лап» боздап қоя беріп еді.
- Подробности
- Категория: Проза
Төлен Тілеубай
(Деректі әңгіме)
Бетпақта келе жатты ақсақ киік,
Сандалып қаңғырақтап басын иіп.
Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп,
Мергеннің кеудесіне оғы тиіп.Тамады қара жерге аққан қаны,
Қиналып ентігеді шыбын жаны.
Боялып ақ денесі қызыл қанға,
Келеді әлі кетіп жығылғалы.Сәкен Сейфуллин
Теңіз көлінің алабында биыл қыс жылдағыдан қаттырақ. Бірнеше күн қатарынан соққан ызғырық желдің соңы ақтүтек боранға айналды. Көлдің ызғары суықты екі еселеп жіберді. Бір үйір киік суықты елең қылар емес. Көсем текені ес қылып, алаңсыз жайылып жүр. Кенет жым-жырт тыныштықты қатты гүрілдеген көліктің дауысы бұзып жіберді. Көсем теке үрпиісе қалған үйірдің сыртына шығып, бір сұмдықтың болатынын алдын-ала сезгендей, қалшиып тұрып қалды. Әзәзіл екі аяқтылардың өздеріне ор қазып, қырғын жасағысы келгенін жүрегі құрғыр әуелден білді.
Страница 15 из 44
Соңғы жаңалықтар
- Шерзат Болат ісі бойынша аппеляциялық сот өтті. Сот шешімі өзгеріссіз қалды
- Адамның 7 қуат көзі (чакралары): әрқайсысының маңызы мен ағзаға әсері
- Бағира – Шер…
- Астанада астыртын вейб саудасын қыздырған бес қойма анықталды
- 1 қыркүйектен бастап айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыс енгізіледі
- Президент ЖИ дамыту бойынша шенеуніктерге екі ай уақыт берді
- Киелі жерге барғанда тілегің орындала ма?
- Ақтөбеде пойыз бастығын пышақтап өлтірді
- Қазақстанда интернет пен ұялы байланыс неге қымбаттап жатыр?
- Университет бітіргендер неге жұмыс таппай жүр?
- Ақтөбеде ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды
- Алматыда студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге арналған Ахуал орталығы ашылды
- Маната асуында жаңа жол салынады
- Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды
- Реинкарнация: жанның қайта тууы мүмкін бе?
- Жаңа ауруханада – алғашқы қуаныш: тұңғыш сәби дүниеге келді
- Қазақстанда +43°C ыстық басталды: дәрігерлер мен ТЖМ халықты сақ болуға шақырды
- Өлімнен кейінгі өмір: тыныштық па, жаңғыру ма?
- Перизат Қайратқа қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті
- Елордадағы әскери базада бір сарбаз жарақат алды