Полиция оны автотұрақта шыққан төбелестен кейін ұстады

АҚШ президенті Дональд Трамп өзіне пародия жасайтын актер Алек Болдуинге сәттілік тіледі. Голливуд жұлдызы жұма күні Нью-Йоркте ұсталған. Болдуин Манхэттен аудандарының бірінде бір адамға жұдырық ала жүгіргенге ұқсайды. 

Құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сенсек, төбелес автотұрақта болған. 
 "Мен оған сәттілік тілеймін", - деді шуға қатысты журналистерге түсініктеме берген Трамп.  Алек Болдуин – америкалық актер, кинорежиссер, "Алтын глобус" және "Эмми" жүлделерінің иегері. Демократиялық көзқарастарымен танымал Болдуин бұған дейін америкалық телеарналардан берілетін әзіл-сықақ бағдарламасында Трампқа пародия жасаған. 
 
 
Дереккөз: Sputnik