Үндістанның Уттар-Прадеш штаты Агра қаласында маймыл нәрестені ұрлап, өлтіріп тастады.Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлайды. 

Жабайы аң үйге кіріп кетіп, туғанына 12 күн ғана болған шақалақты анасының құшағынан тартып алады. Әйел соңынан жүгіре жөнеледі, көрші-қолаң мен туыстары да көмекке ұмтылған. Олар маймылға тамақ беріп, алдамақ болыпты, бірақ аң шатырға шығып, қашып кетеді. 
 
Сәбидің жансыз денесі көрші үйдің шатырынан табылыпты. "Маймыл нәрестенің басынан тістеп алған, адамдар тас атып, таяқпен қуған кезде, тастай қашқан көрінеді", — дейді полиция қызметкері. 
 
– Қансыраған сәбиді ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер шетінеп кеткенін мәлімдеді". Сол кезде ата-анасы шақалақты басқа ауруханаға алып барады, ол жерде де дәрігерлердің бірінші қорытындысы расталыпты.