Индонезияда көп балалы ана абақтыға қамалды. Мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін келіншекке меңгерушісі жыныстық қысым көрсетуге тырысқан. Келіншек басшысының әңгімесін телефонына жазып алған.

Ол жазбаны сотта дәлел ретінде көрсеткен. Бірақ сот келіншектің өзін «әдепсіз материалдарды» таратқаны үшін алты айға бас бостандығынан айырған. Сондай-ақ 34,5 мың доллар айыппұл төлеуге міндеттеген.
 
Дереккөз: bbc.com