Молдова президенті Игорь Додон жұма күні оның кортежі жол апатына ұшырағанын, бірақ ешкімнің зардап шекпегенін айтты.
«Мен қауіпсіз жердемін. Бұл жолы мен отырған көлік зардап шеккен жоқ, алайда күзет қызметінің көлігі зақымдалды. Барлық әріптестерімнен, достарымнан сұрайтыным - алып-қашпа сөздерге сенбегіңіздер», - деп жазды Додон Facebook-тегі парақшасында.
Оның айтуынша, сайлау алдында түрлі қауесеттер тарауы мүмкін, бірақ ол апатты оқыс оқиға деп есептеуге шақырды. Молдовада парламент сайлауы 24 ақпанға жоспарланған.
Дереккөз: ҚазАқпарат