Гуйчжоу провинциясының тұрғыны күйеуі мен оның көңілдесін ағашқа байлап тастаған.
Деректер бойынша, әйел көзіне шөп салғанкүйеуін көңілдесімен ұстап алып, оларды көшеге шығуға мәжбүрлеп, ағашқа байлап тастаған. Сондай-ақ оқиғаға араласпай, полицей бақылап қана тұрған.
Хушуи аймағының қауіпсіздік қызметі бұл оқиғаны растады. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, әйел бұл іске отбасын сақтап қалу үшін батыл қадамға барған. Қамауға алуға қатысты ешқандай мәлімет жоқ.
Қаңтар айында Индонезияның Шығыс Ява провинциясында әйел ұялы телефонының құпия сөзін айтудан бас тартқаны үшін күйеуін тірідей өртеп жібергені хабарланған.