Жексенбіде Испанияның Мальорка аралында шағын ұшақ пен тікұшақ соқтығысты


«Инка муниципалитетінде жергілікті уақытпен күндізгі сағат 13:35-те тікұшақ және жеңіл ұшақтың қатысуымен әуе апаты орын алды», - деп жазды өңірлік үкімет Twitter парақшасында.

El Periódico газетінің хабарлауынша, апат салдарынан жеті адам қаза тапқан. Оның ішінде екі бала бар. Оқиғаның себеп-салдары әлі айтылған жоқ. Тәртіп сақшылары апат бойынша тергеуді бастап кетті. 

Дереккөз: ҚазАқпарат