Мәскеуде 1 желтоқсанда таңертең такси жүргізушісі ұйықтап кеткен қызды бас салып, зорламақ болған. 


Екі қыз елорданың орталығындағы түнгі клубтан үйіне қайтып келе жатқан. Жолда қос құрбы ұйықтап кеткен. Тұрғын үйлердің бірінің ауласына келіп тоқтаған таксист ұйқыдағы екі қыздың бірін бас салып, зорламақ болған. Қыз қарсыласып, ақыры көліктен сытылып шығып, полицияға хабар берген. Жауап алу кезінде күдікті өзінің жасаған әрекетін мойындады. "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Дереккөз: 
zakon.kz