WhatsApp-та хабарламаларды тез табуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылады.

Жаңа феукция пайдаланушыларға күні бойынша чаттарда хабар іздеуге мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, мессенджерде хабарламаны іздеуге мүмкіндік беретін функция бар.

Алайда қолданушылар үшін хабарламаны табу қиын. Жаңа функция қажет хабарламаны тезірек табуға мүмкіндік береді. Ол үшін тек хабарлама жіберген күнмен оны алған уақытты белгілесе жеткілікті.  Қазіргі уақытта функция альфа-тестілеу сатысында. Оның көпшілікке ұсынылатын күні әлі белгісіз. Ол iOS және Android құрылғыларында бір уақытта пайда болады деп болжанады, себебі мессенджер барлық платформалар үшін бірдей жаңартуларды ұсынады.