Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) мамандары Тохо университетінде жұмыс істейтін жапон ғалымдарымен бірге ақырзаманның нақты датасын анықтады. 

Зерттеу нәтижесі Nature Geoscience ғылыми журналында жарияланды. Онда күн радиациясы миллиард жылдан кейін Жердің атмосферасын толығымен жоятыны жайлы айтылады, яғни ғалымдар 1 000 002 021 жылы ақырзаман болады деп болжаған. Ғалымдар зерттеудің дәлдігіне көз жеткізу үшін жерде қай кезде тіршілік жойылатынын кем дегенде 400 мың рет есептеген. Айтуларынша, ақырзаманға атмосферадағы барлық оттегінің буланып кетуі себеп болады.
 
Дереккөз: Sputnik.kz