"Қазақстан алюминийі" АҚ-ның экс-президенті Алмаз Ибрагимов өз отанында президенттің кеңесшісі болды.
Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров қазақстандық кәсіпкер, 72 жастағы Алмаз Ибрагимовты өзінің кеңесшісі етіп тағайындады, деп хабарлады Қырғыз Республикасы президентінің сайты.

 Қазақстандық олигарх Қырғызстанның Ыстықкөл облысында туғаҚазақстандық бизнесмен Қырғызстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалдын. "Қазақстан алюминийі" АҚ-ның басшысы болғанға дейін ол Қырғызстандағы "Первое мая" колхозында бас инженер болып жұмыс істеді. Павлодар алюминий зауытының президенті (1994 жылдан - вице-президент, 2001 жылдан 2015 жылға дейін - президент) және "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ басшысы (2004 жылдан 2015 жылға дейін) болды.

Павлодар облысында Мәшһүр-Жүсіп Көпеев атындағы мешіт, Мәшһүр Жүсіп кесенесі, Православие соборы, Еврей синагогасы, Исабек Ишан хазрет кесенесі секілді діни нысандардың құрылысына үлес қосқан. "Құрмет" орденімен, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған.   

ktk.kz