3-бөлім

Болған оқиға желісімен....

Ғани Әлихан

Бір айға оқуға кетті деген апайым ары кетсе он күнде келіп қатты қуанғанымыз бар . Кәдімгідей сағынып қалыппыз . Әп - сәтте шүйіркелесіп қайта араласып кеттік . Бұл кезде ауылға алғашқы қар түскен . Қыс күшіне мініп суық жел бетке ұра бастаған кез . Ал апайым болса онан сайын ашыла түсті . Ақшыл түсті шалбармен ақ шуба , ақ шарф апайымның онан сайын көркін кіргізді . Құдды бір ақшақар , қар қызы дерсің . Оны көрген ауылдың еркетайлары ессіз құлап жатты . Құдай - ау менің апайыма көз салмаған жігіт қалмады . Оқыған тоқығанынан бастап атын әрең жазып жүргендерде хат жазғыш боп кетті . Бір қызығы соның бәрі менің көз алдымда болып жатты . Өйткені хат тасушы менімен Есбол досым . Осы екеуміз олардың арасындағы почьталонға айналдық . Қызық өмір еді ғой . 

- Ешкімге айтпайсың ба?- дейді . 
- Жоқ- дейміз әрине . 
- Мына қағазды апарып беріңдер- деп қоя береді . Ал мектепке келген соң онанда қызық . Жалма - жан аша салып оқып тастаймыз . Онан соң не ?Онан соң тағы да онан тағы да , осылайша үш - төрт рет оқып шығамыз . Сосын әрине жыртып - жыртып лақтырамыз да өз жөнімізге жүре береміз . Ал бізден хабар күткен сорлылар мектептің заборының сыртында қаз - қатар тізіліп отыратын .

 Ал Сакеннің хаты қалтамда жүріп жыртылуға келген . Ол аздай бір рет жуылыпта шыққаны бар .Негізі сол заман маған қызық көрінеді . Өйткені қазіргідей қолжетімді нәрсе жоқ еді . Қызға хат жазу ,онымен кездесу деген ол қиынның да қиыны еді . Ал кездесе қалсаң сүю деген ол тек қияли фантастика ғана .Қазіргідей смс жазып , номер алып ,кездесіп жабыса қалатын заман емес .Қысқасы жігіттерден қанша хат алсамда апайыма бермедім .Бәріне де бердім деп алдап қоя беретінмін . Сөзіме сенген Сакенге ұқсаған сорлылар жауап күтіп жүре беретін . Қашанғы жүрсін , мойындары созылғанша күтіп - күтіп соңында жауап алалмай өздері ақ безіп кететін . Ал менің болса төрт құбылам түгел .

Әдемі апайыммен емін - еркін кездесе аламын , сөйлесе аламын .Тіпті астарлы сөзімді тез түсініп олда астарлап жауап беретін болды .Айта кетейін аптада екі сағат сол апайым сабақ береді . Ал менің болса сол баяғы әдетім . Төрт шумақ өлеңді жазамда журналына немесе сумкасына салып қоямын . Оны өзімнен басқа ешкім білмейді . Тіпті ең жақын досым Есболға да айтпаймын . Тірі жан білмейді . Ал апай қайтеді деңіз ...журналды ашады . Онан жәймен өлеңді оқиды . Онан жан - жағына алақ - жұлақ қарап аладыда қалтасына сүңгітеді . Оны ешкім сезбей қалады . Бірақ оны білетін , сезетін тіпті көретін бір жігіт бар .Ол әрине мына мен . Класқа кірді дегенше көз қиығын сап қарап отырамын . Ол солай жасайды . Қысқасы итпен мысық ойыны . Бір қызығы әр сабақта солай қайталанады .Мен өлең жазамда салып қоямын , ол кейде оқыса , кейде оқымай - ақ қалтасына басады .Осылайша бір айда тек менен ғана он шақты хат алды . Сөйтіп жүргенде жаңа жыл жақындай түсті . Содан қызықтың көкесі басталды . Әрине , концертке дайындық деп сабақ жөніне қалды .Өйткені Есбол екеуміз ауылда болатын той мерекемен мектептегі концерттің басты қаһармандарымыз . Себебі соңғы екі жылда Есбол екеумізсіз бірде бір тоймен , бірде бір концерт өткен емес . Бәрінде домбыра , баян , гитара құшақтап екеуміз жүреміз . Бұл бір жағынан жақсы . Елге және қыз - қырқындарға сыйың бар . Ал жаман жағы сол Мәкеңе ұқсағандардың жеке әншісі боласың . Ішсе болды шақырады .Үйіне қонақ келсе болды шақырады . Жарықтық кең дастарханды адам болған соң үйінен қонақ үзілмейтін (соңында қаладан қатын алып жақсы болды , үйіне адам бармайтын болды ) Сосын бармай көр . Өйткені ол заманда біздің Мәкеңнің үкімі тек біздің ауылға ғана емес ауданғада жүріп тұрған кез ( Бұл Мәкең жайлы посттар жазғанмын )

 Сонымен шатаспасам желтоқсанның соңы . Жаңа жылға екі - үш күн қалған кез . Осы Макең өнертану залына кіріп келмесі барма . Өзі көп сөйлемейтін адам . Ала көзімен маған ымдап тұр . Бұл шығып кет дегені . Содан не керек бісміллә деп сыртқа шықтым . 
- Қалай братишке -дейді қолымнан қысып .
- Не деймін- жақсы Мәке жақсы -дедім . 
- Мына қызба жаңа келген мұғалім- дейді .
- Ия , тап өзі Маке дедім . Осы батырда ес болмайды деген рас ау :
- Біздің Болатқа шығарып бер -дейді . Болат дегені Мәкеңнің досы . Ең жақын досы . Былайша айтқанда қол шоқпары . Негізі ауылдағы төбелестің бәрін осы Болат бастайтын . Әрине Мәкеңе арқа сүйейді . Мәкеңсіз ол ешкімде емес , оны өзі де біледі . Сол кезде ол бойдақ . Соны үйлендіру керек . Өзі бір жүрген жексұрын болған соң ауылда қыз тимей қатынсыз жүрген . Енді келіп менің әп - әдемі Шолпан апайымды алып бермек . 
- Олай болмайды- деп қарсы шықтым . 
- Эээ дейді Мәкең . Қарсы сөйлейтін болғансың ба не ?-дейді . Не дейін , менде де намыс бар емес пе?
- Ия Маке . Ол қолымнан келмейді . Ол менің апайым . Қалай шығарып беремін- дедім . Мұндай сөзді күпеген , көзі аларып кетті . 
- Корочи кешке клубтың қасындағы общакқа кел- деді де өз жөніне кете барды . Қысқасы сол күні кешке Мәкең айтқан жерде тұрдым . Анаусы келеді . 
- Неғып тұрсың?- дейді . 
- Макеңді күтіп тұрмын- деймін . Үндері өшіп өз жөндеріне кетеді . Одан мынаусы келеді . Олда Мәкеңнің атын естіп зым – зияя боп жоғалады . Қысқасы мен көп күттім . Мәкең келмеді . Аязда тұрып жаурап кеттім де , үйге қарай тартып отырдым . Ертесіне таяқтың астында қалдым . Көгермеген жерім қалмады . Оң жақтан екі қабырғам бірдей кетті .Содан төсектен тұрмадым . Жалғыздық жаныма қатты батты . Неге мен жалғыз болдым екен?- дедім . Неге менің ағаларым жоқ дедім . Осылайша өзіммен өзім жаттым . Уақыты келгенде Мәкеңмен жеке сөйлесемін , кегімді аламын деп ант су іштім . ( кейін кегімді алғанмын , сонда осы Мәкең өліп қала жаздап жалынған болатын )

 Сөйтіп жатқанда тәңірдің таңы атып жаңа жыл келді . Бүгін 31 - ші желтоқсан . Әне - міне дегенше жаңа 1992 - ші жыл келмек . Салюттер атып біздің ауыл жаңа- жылды қарсы алмақ . Ал менде болса бір жатыс . Көшеге шығатын бет жоқ . Өкініштен өзегім өртеніп жанымды қоярға жер таппай жатырмын . Бірақ сол кезде мен үшін тосыннан сый келді . Сыйым сол , Шолпан апайым мені үйге іздеп келді . Келгенде жәй келген жоқ , қолына шоколадын алып үйіме кіріп келді . Онан өзі шәй қойып екеуміз отырып шәй іштік . Біраз әңгіме айттық . 
- Сотқа берейік -дейді апайым .
- Ойбай айта көрме -дедім . Бізде ондай жоқ , сот дегеннің аты өшсін . Сотқа беру деген осы күнге дейін болмаған . Бұл ауыл үздіктіңде үздігі өмір сүретін ауыл . Мұнда сотқа беру түгіл сот деген ұғым жоқ . Болмайды деп үзілді - кесілді қарсы шықтым . Негізі бұл апайым күтпеген жауап еді . Таң қалғанын жасыра алмады . Бірақ уақыттың тығыздығы емін - еркін отырғызбады . Сауығып кет деді де мектепке асықты . Қысқасы сол жаңа жыл менсіз өтті . Рас өтірігін кім білсін , орның ойылып тұрды деп жатты . Құдайға шүкір кластас достарым күнде кеп тұрды . Достың қажетін сонда түсінеді екенсің . Әсіресе Индира кластасым жарады . Тәуліктің тең жартысын менің үйімде өткізді . Алайда мен үшін Шолпан апайдың орны бөлек еді . Бірақ апайым қайтып қарасын көрсетпеді .Сонымен не керек әупірімдеп жүріп жаңа жылды қарсы алып , бұрынғы күйбің тіршілік бастады . Апта он күндей жатып менде қатарға қайта қосылдым . Ал енді кеп Шолпан апайды іздейін . Осындағы нағашысының үйіне он бардым , күнде бардым . Аудандағы үйіне кеткен апайдан хабар жоқ . Каникуль бітіп оқу басталуға таяп қалды . Менің апайым із - түссіз кетті . Мен болсам сарғая күтіп жүре бердім . Сөйтіп жүргенде ауыл ішінен шу шықты . Ауыл болған соң белгілі ғой өсек - аяңға бір табан жақындығы бар . Шешем кеп өкпесін үйіп төкті .
- Әй қаланың қызында нең бар,қалаға ертіп кетсе қайтесің . Мені жалғыз тастап кетебересің ба ?Өзі сенен бес - алты жасқа үлкен болса- дейді .
- Ойбай мам , қатты шошыттың ғой . Оны кім айтып жүр? -деймін сасқалақтап .
- Неғыласың кім айтқанын? Араларыңда не бар , айт қане?- дейді мамам бұртиып . 
- Астапыралла мам- деймін . Арамызда ештеңе жоқ . Ол менің апайым ғой деп ақталдым . Негізі менің мамамның ашуы әу дегенше . Бес минут . Бес минуттан соң бәрін ұмытып бұрынғы мамама айналады . Ашуы тез басылды . Келді де қапсыра құшақтап алды . 
- Бір нәрсе сұрайын , тек сен шыныңды айтшы -дейді . Келісе кеттім .
- 31 ші желтоқсан күні , таңда , біздің үйден шығып кетіпті ғой анау апайың . Осы распа айтшы?- дейді .
- Ойбаййййй мам . Оны кім айтып жүр?- деймін таң қалып . 
- Айтпаймын ! Сен айт рас па өтірік па?- дейді мамам басымнан сипап .

Тағыда , сен сол қыз үшін таяқ жепсің ғой негізі - дейді . Мәссаған . Міне қызық ! Мұншама өсекті кім айтты екен . Білуім керек болды . 
- Сізге кім айтқанын айтсаңыз менде айтамын , келіссеңіз сол келіспесеңіз өзіңіз біліңіз- дедім . Енді менің мамам тығырыққа тірелді . Тілі байланып , аузына сөз түспей біраз отырды . Сонан соң ғана :
- Жарайды балам , айтпасаң айтпай - ақ қой . Бірақ оқушының үйіне кеп ,түнде түнеп таңда кетіп жүрген қыз , кім болсада қажет емес . Ондай қыздан аулақ жүр деп қоя салды . Мына сөзге таң қалғаннан басқа шарам болмады . Кім айтсада айтқыш екен деп менде қоя салдым . Ал мен күткен апай тағыда жоғалды ...

(жалғасы бар)