2 - бөлім

Болған оқиға желісімен....

Ғани Әлихан

Сонымен не керек , жаңа келген апайымызбен тез достасып кеттік . О баста біздің класқа кірсе үрпие қарайтын апайымызға бір ай өтпей бізден жақын класс болмай қалды . Сабақ арасында қалжыңдайтынды шығарды.

Сондай ақ біз айтқан астарлы сөзді де тез ұғатын хәлге жетті . Үйренбей қайтсін , адам тозаққа да үш күнде үйренеді деген бар ғой .Қысқасы сөйтіп жүргенде күз келіп күн суыта бастады . Ал джинсымен шуба киген Шолпан апайым онан сайын ажарлана түсті . Бұл тек біздің ғана емес бүткіл мектептің , онан қалса бүкіл ауылдың сәніне айналды .

  Ал менің болса арманым бөлек .Тілші болсам деп армандайтынмын . Егерде осы мектепті аман сау бітірсем , журналистикаға оқуға түсемін дейтінмін . Осылайша қызықты күндер өтіп жатты . Бір күні Шолпан апайымның сабағын асыға күтіп отырсақ орнына басқа мұғалім кіріп келді . Класс іші шу ете түсті . Шолпан апайдың сабағы емеспеді деп жамырай бастадық .
- Ол апайларың жоқ . Өз шаруасымен кетті . Енді бір айдан соң келеді . Қане қай тақырып еді ?-деп журналға үңілген басқа мұғалім сабақты бастады.

  Қысқасы бұл сабаққа деген бізде құлық қалмады.Өйткені бүтін кластың сәні сол апаймен бірге кеткендей күйге енді .Ұлдар жағынан көңіл күй кетті . Ал қыздар жағы қуанышқа кенелді . Бәрінен де менің өкпем қара қазандай болды .Неге айтпай кетті екен?- деймін . Тым болмаса маған бір ауыз айтпағаны несі деймін . Өйткені мен айда бір шығатын " Мектеп бұрышы " газетінің редакторымын .

   Сол шығарылымды Шолпан апай екеумізге тапсырған. Соны жоспарлап тақырып іздеп жүргенбіз . Бұл маған онымен көп сөйлесіп көп кездесуге мүмкіндік берген болатын .Тіпті түсінбей тұрмын деп сабақта отырған жерінен шақырып алатынмын .Шыны керек бұрында бәрін өзім жазып, өзім дайындап жүрген жәмән газетті  Шолпан апай келгелі түсінуден қалдым .

Болмашы нәрсегеде миым қататын хәлге жеттім . Оның үстіне ауылдағы ата жауымыз 71-лер әскерден келген.”Шолпанды шақырып бер “деп күнде қылтиып кеп тұрады . Құдайға шүкір мектеп ди⁠ректорынан қорқады .Әйтпесе басқаны тыңдайтын түрі жоқ .Оларда жағадан алып миымды ашытатын .

   Әсіресе ішінде Сакен (атын өзгертіп жаздым) деген жынды болды .Совхоздың сол кездегі кассирінің баласы .Сөзге түсінбейтін сорлы болатын .Көзіне көрінсем болды

- Еу Ғани , бері кел !-деп шақырып алып мозганы шірітетін . Сондағысы Шолпан апайыңа менен сәлем айт деп қоқиланатын . Бір күні қызық болды . Осы Сәкеңді оңдырмай түсірдім . 
- Саке сәлем айтсам үндемейді , кет әрі емес сияқты . Хат жазып берсеңізші апарып берейін- дедім . Далбан адам далбанғой ...
- Оо міне братишке , табылған ақыл деп осыны айт . Ертең спорт залға волейболға келемін . Сонда хат жазып әкелемін . Апарып берші деп қоштай кетті .Негізі бұл апайыммен ананы - мынаны (жігіт жайлы) айтатынбыз ,бірақ сыр берген емес . 
- Бұл білім ордасы ,оқудың аты оқу .Мен ұстазыңмын ,сен шәкіртімсің . Артық сөз керек емес -дейтін .

   Бірақ мен оған қоямын ба , бір сөздің ыңғайы келгенде сөзбен шымшып алдым  ( Соңғы күндері оған да еті үйреніп кеткен ) Жалт қарады .
- Адамның миына келіп , түсіне кірмейтін нәрсені айтасың сен Жақсыбаев- дейді . 
- Жалғыз жүрген соң ойыңызға , жалғыз жатқан соң түсіңізге , әрине кірмейді ғой апай - дедім .

Мына сөзге көзі аларып кетті . Қолындағы кітабымен қаламын сумкасына салып  “кеттік’ деді . Қайда барамыз ол жағы маған белгісіз . Өнертану кәбинетінен шығып соңынан еріп отырдым . Апайым болса сумкасын кеудесіне қысып алған , туфлиін тарсылдатып кетіп барады . Құдай - құдай деп соңынан жүріп отырдым . Ойбай , мынау қайда барады?- екен . Ұзын коридормен тіп - тіке ди⁠ректордың кабинетіне қарап келе жатыр . Иманым ұшып зәрем қалмады . Тап қазір барып мен айтқан сөзді ди⁠ректорға жеткізсе онда Ғанидың күні бітті дей бер . (бірақ мені соңғы үш төрт жылда не ди⁠ректор, не басқа мұғалім ұрып көрген емес)

 Қап әттеген - ай ! Не істесем екен ? Тоқтатып кешірім сұрасам ба екен . Ия ия , ең тиімдісі сол кешірім сұрап құтылу ғана . Міне мен осыны ойлап үлгіргенім жоқ Шолпан апайым ди⁠ректордың кабинетінің тұсына жетті . Енді менің амалым қалмады . Ғани қатты састы . Сасқаны сол қара басты . Қуып жеттім де қапсыра құшақтап алып :
- Апай кешіріңізші дедім . Апайымның болса көзі табақтай болды .Тіпті тілі байланып қалды . Мен болсам белінен құшақтап алғанмын . Жібере қоямын ба, кейін тартып жатырмын . Сонда ғана апайыма тіл бітті . 
- Жақсыбаев , саған не болған?- дейді жан жағына қарап алып  
- Ештеңе болған жоқ қой , ди⁠ректорда не бар апай -деймін мен . 
- Қандай ди⁠ректор , ди⁠ректоры несі?- дейді ол маған . Қысқасы ди⁠ректорға емес екенін сонда түсіндім . Сөйтсек ди⁠ректорға емес " психолог " бөлмесіне бара жатыр екенбіз .

Сол жылдарда психолог деп , мектептер жаңадан штат ашып жарты ставкаға психологтарды ала бастаған кез . ( қазір барма жоқпа білмеймін )

Ал апайым біздің мектептің психологы болыпты . Өзінің жеке кабинеті бар . Сонымен не керек кабинетіне кірсем құдай -ау не жоқ дейсің . Жаңағы Сакенге ұқсаған психтарға арналған түрлі - түрлі кітаптар сөреде жиналып тұр . Менің кітап көрсем оқымай тынбайтыным бар . Бір - екеуін қолыма алып отыр дегенге отыра кеттім . Содан сөз бастады .

Бірақ менің миыма түк кірген жоқ . Өйткені мен өз апайымды алғаш рет құшақтап көрдім . Осылайша, тәтті қиялмен бүгінгі күн өтіп, ертеңі түс болды . Айтқанымдай, төбесі қылтиып Сакен көрінді . Ойбай, әшейінде түртіп өтетін Сакенге«братишка,бауыр» боп қалыппын . Жөн - жорық сұрап жалбақтаған сорлы бүктелген қағазды қолыма ұстатты . 
   - Братишка, міне - хат , бірақ, ешкім көрмесін.Ешкімге айтпа, - дейді. - Егер алмай қойса , лақтырып жіберсе, өзің алда жыртып-жыртып ешкім көрмейтін жерге таста,-  дейді .

« О, бетіңді ұрайын, мынау да ұялуды біледі екен ғой ә? Арақ ішіп, көшеде көрсе, ұрып түрткілесе ұят емес,ал жазған хатын біреулер оқыса ұят екен . О, далбаёп!»

  Қысқасы ол спортзалға кіріп кетті,мен психолог кабинетіне жеттім. Содан жәймен есік саңылауынан үңілдім.Қарасам ақ жемпір киген апайым жалғыз отыр.Томпиған қос анарын айтсайшы,тар жемпірден төбе-төбе боп мен-мұндалап айқайлап тұр.Әттең - ай сол айқайымен мені шақырып тұрса ғой . Әй,бірақ ол маған арман ғой.Оған менің жасым жетпейді. Құрсын, ойға батып кетіппін ғой, содан есікті қағып:

-      Апай, мүмкін ба? - деп сұрадым.Бірақ мүмкін деген жауабын күтіп отырмадым, кіріп бардым.Қаламын дәптер бетіне тастай салған апайым:
- Жақсыбав не болды? - дейді күлімдей қарап.

Есім шығып кетті . Жүрегім дүрсілдеп қоя берді . Дүрсілдемей қайтсін,кешегі құшақтағандағы ашуынан бүгін бір белгі жоқ . Сол әдемі көздері төңкеріліп,кірпіктері үзіліп тұр.Не деген сұлулық? Шіркін - ай , біздің апайды кім алса да бақытты болатыны анық ! Мұндай сұлумен бақытсыз болуға хақың жоқ қой.Ал менің болса сүйсінгеннен басқа амалым жоқ . Қиялға беріліп кеткенім соншалық, апайдың отыр дегенін де естімеппін . Орнынан тұрып жоғары кеткен жемпірінің етегін төмен тартқандағана есім кірді . 
   - Айтабер , не шаруамен келдің?Анау газет келесі аптаның басында дайын болуы керек . Неғылдың қызық тақырып таптың ба? - дейді .

Менде болса үн жоқ . Әшейінде үш сағатта жазып, асып тастайтын газетті үш күннен бері созып жүрмін . Оғанда осы Шолпан апай кінәлі . Қасыма келсе болды қолымның ұшындағы қаламды ұмытамын . Не жазарымды білмей аузым құрғап қалады . Неге екен , білмеймін. Әлде мен өз апайыма ғашық па екем ? Ал кластағы Индира ше? Ол маған ұнайтын сияқты еді ғой . Өзі де кет әрі емес . Сонда мен неғып мынаған байланып қалдым екенҚоя ғой , бұлай жүргенің жарамас,Ғани. Онанда не әрі бол , не бері бол . Өзіңнен екі жас үлкен апайда нең бар ? Басқа қыз құрып қалып па ? Міне, қызық ! Осылайша апайым мен сеп - серёзьно болғым келген. АлайдаШолпан апайым аузымды ашып тастады . Өзінен-өзі әй - шәй жоқ .
     - Жақсыбаев! Мен негізі бұл мектепке уақытша ғана келген емуылдарың маған ұнады . Осында қалып кетем-ау, -дейді. Ойбайынаның есі ауысқан ба ? Әлде, жартыбас па ?
 - Сонда кіммен қалып кетесіз? - деп сұрадым жұлып алғандай .

   Апайым сөйлей алмай қалды . Көзін төмен салып әрі-бері қаламын айналдыра берді . Жақ ашып тіл қатпады . Мен де үндемедім. Орнымнан тұрдым да үйге қарай кете бердім.Ол болса соңымнан шығып айқайға басты «Жақсыбаев!» - дейді. Қарамадым. «Ғани,Ғани!» - дейді . Оған да қарамадым . Тоқтамай жүріп отырып үйге жеттім . Сонда ғана қалтамдағы Сакеннің хаты есіме түсті . Аштым да оқи бастадым . Ә дегеннен-ақ бәрін ұмыттымйткені күлкіге қарық болдым . «Сәлем,Шопан» деп басталған осы хатты күлкісіз оқып шығу мүмкін емес еді.( Ал өкініштісі сол , сауатсыз Сакен қазір бір үлкен мекеменің басшысы).Қысқасы, хатты қайта орап , ертесіне мектепке келдім . Содан Шолпан апайымды іздей бастадым . Бірақ таппадым . Өкінішке орай менің апайым оқуға кеткен еді ..

( жалғасы бар )