Болған оқиға ізімен

Ғани Әлихан

Үш күнге келдік деген қыздар бір бума қағазды құшақтап көп жүрді . Онымен қоймай маған да кесе көлденең шарт қойды . 
- Ұлды туып бересің 
 !- дейді . Ол біздің бауырымыз ол біздің анамыздың арманы . Сонан соң мына үлкен үймен ,орталықтағы екінші үлкен дәріхана сенікі . Өз көлігің ол өзіңдікі онымен шаруамыз жоқ . Ал қалғанында сенің шаруаң болмасын. Сосын біздің әкемізді тастап кетпейсің сондай келісім - шарт жасаймыз - дейді .

Әсіресе үлкен қыз өзінің тасбауыр безбүйректігін көрсетіп бақты . Негізі осы Европада өскен жастар қайырсыз келетіні рас екен . Мұндайды бұрын гәзет – журналдардан ғана оқитынмын . Міне бүгін сол менің басыма келді . Қайтейін менің осығанда « мақұл» деп бас изегеннен басқа амалым қалмады . Осылайша үш күнде менің де , Сәкеңнің де сондай ақ ұлымның да тағдыры шешілді . Осыған да құдайға шүкір деп қойдым . Бірақ осының бәрі кімнен келді маған сол жұмбақ боп жүрді . Өйткені үлкен қыз кеткеннен кейін Сәкеңе көңіл бөліп қарамағаным рас . Ал ел көрген ,жер көрген мына қаншықтар әкесінің жағдайы болмай жүргенін біліп тұр . Қысқасы мен Сәкеңнің қараусыз қалғанынмойындап тындым . Сол үшін де бұл екеуі маған шарт қойды . Міне осындайда ғана адам баласының тең теңімен тезек қабымен болғаны жөн екенін түсінеді екенсің . Егерде осы Сәкеңнің орнына өз теңім боларма еді , онда менің тағдырым басқаша жазылған болар еді . Әттең , өкініштен өзегім өртенді . Сонда да сабыр ,Сәбира сабыр , құжаттарыңды қолыңа алғанша жақ ашпа деп шыдап жүрдім . Ал екі дәріхананы сатқан, екі қыз Европасына қайтып ұшты . Арадан үш күн өткенде күтпеген жерден дене қызуым көтеріліп мен де жүрек айнуы басталды . Соңғы екі айда өзіме қарап жүрген дәрігерді де қайтарғаным бар , осы қызуды асқазаным деп түсінген мен бейбақ сол күні ауруханаға бара қоймадым . Қысқасы осылайша өз бақытымды өзім басымнан ұшырдым . Кеш болса да жедел жәрдем шақырған Сәкең бармағын шайнап қалды . Ал ауруханаға түскен мен апта жатып басып салбырап дымсыз келдім . Ішімдегі бала жеті айлығында өлі туылды . Міне осыдан соң Сәкеңмен арамыз тіпті де алшақтап кетті . Ол ішуді онан сайын үдетті . Қой деп қарсы тұруға мен де шама болмады . Бұл хабарды естіген анам арқаланып ауылдан келді . Онымен де түк өзгермеді . Қысқасы басыма қара бұлт үйірілді . Осылайша күндер зулап өтіп жатты . Күнім жақындаған сайын шет елден қоңыраулар жиілеп кетті . Енді менің барар жер, басар тауым қалмады . Болған жағдайды айтып ақталғаннан басқа ештеңе таппадым . Мұны естігенде кіші қыз еңіреп жыласа,үлкен қыз онан сайын қаһарын төкті . Жаңа жылда екеуі де келетіндерін айтып шүйлікті . Енді менің болашақ тағдырым қыл үстінде тұрды . Сонда ғана мен бейбақ бәйбішенікі дұрыс екенін түсіндім . Не десем де олда білікті маман ғой қанша айтсада тыңдамадым . Тіпті жалынса да ескермедім . Міне енді дәрігерлердің айтқаны сол бәйбішенің айтқанымен бірдей боп шықты . Мен тек қозғалмай жатып қана ұрпақ жалғай алады екенмін . ( ұмыттым ! автор ) . Бұл маған үлкен сынақ болды . Көз жасымды көлдетіп тұрып төктім . Мына өмірге деген өкпем қара қазандай болды . Бизнес жайына қалды . Осылайша мең- зең күйде жүріп арадан біраз күн өткенде емделуді ұйғардым . Өйткені жаңа жылға әлі үш ай бар тағы да көтерсем деп ойладым . 
- Көлігімді сатсам да емделемін . Маған бала керек , мен әлі жаспын -дедім Сәкеңе .
- Сенікін сатпаймыз менің көлігімді сатамыз- дейді ол . Қысқасы Сәкеңнің көлігін сатып емделуге кірістім . Бірақ қайда барсамда алдымнан сол бір жауап шықты . Өз- өзіңді күтуің керек дейді . Сосын бір Алланың ғана қолында дейді . Қысқасы бизнесті жинап тастап Сәкеңді ертіп жолға шықтым . Әулиелерді араладым . Жалпы Қазақстан бойынша аты шыққан жеті әулиеге бардық . Сонау Түркістаннан бастап соңында Бекет атаға да түнеп шықтым . Осы әулиелерге барғанымыздың пайдасы тиіп қуанышым қойныма сыймады . Ең бастысы мен тағы да көтердім . Ал Сәкең мүлдем арағын қойды . Енді біздің өміріміз қайтадан бір қалыпқа түсе бастады . Бизнесті қайта жалғастырып үйдің берекесі қайта кірді . Кәдімгі ерлі - зайыптылардай күн кешіп жаттық . Ал қыздар келетін жаңа жыл жақындай түсті . Енді біздің төрт құбыламыз түгенделді . Екі қызды осындай сүйіншімізбен қарсы алдық . Алайда мен асыға күткен арман тағы да аяқсыз қалды .
- Жұмыс дегенді қой , тіпті қалаға азық - түлікке шықпа . Бәрін папа өзі реттейді . Сен бізге бауырымызды туып бер деп шәңк еткен үлкен қыз аяғымды тұсап тастады . Міне осы сөзден соң тағы да қорқа бастадым . Негізі мен өзім де жұмысқа шықпаймын деп жүргенмін . Енді мені қайтадан ой басты . Баяғы үрей қайта туды . Бұрынғыдай бойымды қорқыныш биледі . Ішкі дүнием тағыда күйзеліске ұшырады . Бірақ бәріне де шыдап , үнсіз жүріп қыздарды шығарып салдым . Сәкең де жұмысты өз қолына алды . Алайда қатынға арқа сүйеп қалған сорлы мен ойлағандай болмады . Бұл менің онан сайын жүйкемді жұқартты . Содан тағы да сол баяғы сұрақ көкейімде тұрып алды . Қызық ! Баланы туып бересің дейді . Бізге бауырымыз керек дейді . Ол анамыздың арманы еді дейді . Сонда ғана орталықтағы үлкен дәріханамен мына үлкен үй сенікі дейді . Бұл қалай сонда ...балалы болмасам маған ештеңе бұйырмай ма ... бұлардың не ойлағаны бар ... демек мыналарға менің баламғана керек . Өзімнің бары жоғым көк тиын болғаны . Міне бұл менің ойым . Ал көксегенім басқа менің . Қарап жатпай күресу керек . Ия ия , жақсы адвокат тауып алып күресу керек . Ондай адвокатты мен тауып та қойғанмын . Нөмерін тердім . 
- Алло  !-дейді . 
- Алло , адвокат Нашарбаевпа екен бұл ?...
- Ия тап өзі , айта беріңіз тыңдап тұрмын дейді . Өз ойымды жіпке тізіп айта бастадым . Көп тыңдай қойған жоқ . Маған бейтаныс бір мекен жайды айта салды . Сонда келіңіз -дейді . Қандай құжаттар бар бәрін әкеліңіз дейді . Енді не дейін . Мақұл деп тұтқаны тастай салдым . Рас ия рас тастай салдым . Өйткені менің қолымда ешқандай да құжат жоқ . Тек неке қағазым ғана бар . Онан не пайда , ішімдегі бала енді екі айлық болды . Бірақ бұл менің сол адвокатпен сөйлескен алғашқыда соңғыда сөзім болды . Өйткені арадан ай өтпей ішімдегі бала қатып қалып екінші рет түсік тастадым ...

                                                       Жалғасы бар...