Болған оқиға ізімен

Ғани Әлихан

Енді қайттім ...құдай маған шынымен де бір перзент бермейді ме ?Мүмкін кінә менен емес шығар . Өйткені бәйбіше бір сөзінде ана болу құқығынан осыдан он бес жыл бұрын айрылдым демеп пе еді?Әлде мен жаңсақ есіттім  бе? Мүмкін мына Сәкеңнен де бар шығар . Ондай да сұмдықты естігенмін . Өлі ұрық дей ме , әйтеуір миым жетпейді . Қысқасы еркек кінәлі келетін бір ауру бар . Ал өзінен сұрайын десем , үш күннен бері мең - зең күйде жүрген бұл сорлы ерте жатып қалған . Енді анау екі тажалға не деймін?Қысқасы басым қатып кетті . Содан ертесі күні кешке екі қызға өзім қоңырау соқтым .

- Тағы да түсік тастадым енді нестеимін?- деп жылап жібердім .Төбелерінен жай түскендей болды . Бастарын ұстап аңырап қалды .
- Алладан келсе амал қанша
? Денсаулығың жоқ екен ғой . Саған енді жақсылап қаралу керек , емделіп көр -дейді . Қысқасы көңілдері құлазыған қыздармен көп сөйлеспедім . Кіші қыз жылап қала берді . Үлкен қыз орнынан тұрып басқа бөлмеге кетті . Әрі қарай отыра бергеннен пайда жоқ , бейнебайланыс үзілді . Ал мына байсымақ басын ұстап жанымда отыр . Арағын қойғаны болмаса оң жаққа өзгеріп кеткен түгі жоқ мұның . Бұған не дейін ?Соңғы кездері бұл сорлы да өз борышын ойымдағыдай өтеп жүрген . Мен де өзімді қатын сияқты сезіне бастағанмын . Бірақ бала болмайды емес қой , болады . Болғанмен көпке бармайды әрі кетсе үш ай , сонан соң түсіп қалады . Негізі мына айтып отырғаным бұл үшінші түсік . Мен міне бір жылға жетпей үшінші рет түсік тастап отырмын . Құдай ай , кімнен қарғыс алдым ...кімге жамандық жасадым ...кімнің ала жібін аттап өттім , білмеймін . Мен осындай жазамды алдым . Өйткені наурызда келген кіші қыз жетектеп алып Мәскеуге ұшты . Сонда апарып бәйбішемен оқыған мықты бір дәрігерге көрсетті . Үш күн жүріп барлық тексеруден өткенде шыққан " үкім " үмітімді түбегейлі үзді . Өйткені мұндай әйелдерде бір ғана мүмкіндік болады екен , сен ол мүкіндікті жіберіп алғансың дейді . Ендігі жолы ЭКО немесе жасанды ваккум дейді . Ал жатырға бала бітіп оның жетілуі мүмкін емес дейді . Ол миллионнан бірге бұйыратын бақ , енді Алланың ғана қолында дейді . Қысқасы құлазыған көңіліммен жарымжан болып қайтып келдім . Ендігі шешімді тек Сәкең айтады . Сәкең де емес мына екі қыз айтады . Осылардың бұйрығын күткеннен басқа амал жоқ . Осылайша тағы да төрт ай жүрдім . Жүргенде де жәй жүрмей үлкен қызды күтіп тозақта жүрдім .Ештеңеге қолым бармады . Жұмыс жайына қалды . Үлкен үйден күй кетті . Сәкең де қатты жүдеп кетті . Сөйтіп жүргенде қабағына қар қатқан үлкен қыз жетті . Әй - шәйға қарамай қатты кетті . 

- Мамам саған айтты емес пе , осындай боларын ескертті  ғой -дейді . Не айтайын , бетімді басып жылап отыра бердім . Енді ол әкесіне шүйлікті . Әкесі не десін , ол да үнсіз қалды . Ал бізден жауап болмаған соң үлкен қыз шешімді өзі қабылдады .
- Тағы да бір жыл уақыттарыңыз бар . Қаралып емделіп көріңіздер , күтейік деді . Онан соң әкесіне қарай жеке шапты . 
- Мамамның арманы емес пе ?Жасыңыз болса кетіп барады . Енді өзіңізді ойлағаныңыз жөн . Бізді білесіз , біз қайтып келмейміз . Егерде өзіңіз шешім таппасаңыз , біз сізді шет елге алып кетеміз . Ал шет елде жасы келген жеке бастыларға жұмақ жоқ . Ол жер жастардікі папа . Жастайынан барғандар ғана өзін жайлы сезінеді . Ал кәрілер қор болады . Сол үшін жақсылап ойланыңыз . Тым болмаса бір перзент сүюіңіз керек . Мейлі ол қыз болсын, мейлі ұл болсын , бір ғана бала біреу ғана деп айтып салды . Мына сөзге еңкілдеп алып Сәкең кетті . Жер тесіп шұқылап мен қалдым . Арадан көп өтпей үлкен қыз кетті . Қарайласын , сіздерге көмектессін деп кіші қызды қалдырып кетті . Онымен де түк шықпады . Осылайша армандап жүріп алты ай тағы өтті . Құрсақ құрғырың көтеріле қоймады . Енді бұлданып алған кіші қыз бұл да кетті . Әкесіне өкпелі үлкен қыз тіпті хабарсыз кетті . Қысқасы Сәкең отпен судың арасында қалды . Менің де жағдайым мәз болмады . Өкініштен өртене жаздадым . Өйткені , жеті ай ұл баланы құрсағымда көтеріп жүріп , айрылып қалдым . Негізі солай боларын маған ескертті . Ескерткеннен не пайда , ол кезде менен ес кетті . Осылайша жыл толды . Сөйтіп жүргенде ұрда жық боп хабарсыз кеткен үлкен қыз келді . Енді маған да, Сәкеңе де кешірім жоқ . Оның бұйрығы бойынша әкесі бір шешім қабылдауы керек еді . Ал менің күдерім үзілгені қашан . Сондықтан да жылап отырып жауабын бердім . Өйткені түсінемін , жас емес 44 - ке келді . Содан қызы екеуі ауылдан анамды алдырды . Алдына ас қойып менің де жауабымды берді . Ақымақ басым - ай , қараңдаршы . Қаланың қақ ортасындағы қымбат үйді атыма жазып берді . Су жаңа көлігімнің кілтін қолыма ұстатты . Қысқасы қинала - қинала қимай шығарып салды . Осылайша байлық қуған екі жылым өте шығып жүзіқара боп ауылға келдім ...
Алайда мен ауылда көп жүрмедім . Ай жүріп айналам тыншығанда Астанаға қайта кеттім . Содан жасымнан арман болған Асылбекпен табыстым . Сөзіміз жарасып жатты . Жұмысқа тұрып бәрі де мен ойлағандай бола бастады . Бірақ мына қымбат үйде әрі қарай тұру мүмкін болмады . Өйткені ай сайынғы төлеміне ақшамыз жетпеді . Мен жалақы алғаныммен Асылбекте белгілі бір жұмыс болмады . Анда - мында барып кейде ақшасын алса кейде алалмай көп жүгірді . Соңында ақылдаса отырып бұл үйді сатуды ұйғардық . Қазақстанды қағазстан дейтіндей бар екен , сыйға берілген құжаттары мені көп қинады . Өйткені бұл үйді сату үшін Асылбектің атына өтіруім керек екен . Сонда ғана сататын құқымыз болады екен . Басқа жолы жоқ дейді , заң солай екен . Ал ай сайынғы төлем күн санап өсе берді . Осылайша алты ай жүгіріп әрең дегенде өткен бағасына сатып жібедік . Ал 24 мың долларды қалтаға басқан Асылбек өзгереп сала берді . 
- Сенде көлік бар ғой, маған да көлік керек дейді . Жоқ дей алмадым , көлігін әпердім . Онан сіңлімнің оқуы келді , оны төледім . Ауылдағы тозығы жеткен үйді күрделі жөндеу қажет еді , оны жөндедім . Соңында әупірімдеп жүріп бір бөлмелі пәтер алдым . Ал менде бала болмайтынын білген Асылбектің кикілжіңі көбейді . Сонан соң жыл жүрмей ол да қарасын батырды . Осылайша менің басымнан өткен үш жыл есімде ғана қалды . Ал алып қаланың атақты байларының бірі болсам деген арманым басымнан бұлбұл ұшты . Міне оған да бір мүшел толып өтіпті . Бүгін сол өткен өмірімнің бәрі есіме түсті . Өйткені бүгін Сәкеңмен тұрған үлкен үйдің алдынан өттім . Маңдайшасында " үй сатылады " деген тақтайша тұр . Тұла бойым мұздап сала берді . Іштей ғана күбірлеп , бақыт тіледім . Үйіңде ұл құшағыңда гүл болсын Сәке дедім . Сонан соң көз жасыма сүртіп тастап , әрі қарай жүре бердім ...

Соңы...