Қайырлы күн, Дана ханым!  Риясыз əңгімелесуге келісім бергеніңізге көптен-көп рахмет!  Өмірде кіммен яки кімдермен  риясыз əңгімелесесіз?

    Өмірде көбіне,жалпы әңгімелесе бермеймін.Ашық- жарқын сөйлескенім болмаса, риясыз әңгімеге бара бермеймін.Анаммен,сосын туған әпкем бар сонымен ғана, риясыз әңгімеге бара аламын.

-    Дана Кентай - қазақ эстрадасына жаңа  леп əкелген əншілердің бірісіз. Өзгеріссіз өмір жоқ. Сізден қандай жаңа өзгерістер күтуге болады? Яғни, сізді жаңа образда яки жаңа стильде көре аламыз ба? 

     Ия бұйыртса жақында көре аласыздар деп айта аламын.Себебі,осы бағытта жұмыс жасап жатқанымызға бір жарым жыл болды ,продюсермен.Осы бір жарым жылда жазылған әндердің 90- пайызы лирикалық  бағытта екен.Жақында продюсермен сол творчество жайында әңгіме –дүкен болды,ендігі  уақытта лирикалық әндерді қоя тұрып, кішкене бір ырғақты  өзімнің табиғатыма сай әндер жазсақ деп шештік. Жақын арада мені жаңа стильде, жаңа образда көре аласыздар деп айта аламын.

- Тұлпарға да бап керек. Сізді өнер жолына баптап қосқан жандарға тоқталсаңыз...

       Ең алғаш рет өлеңге құштар екенімді,әнге  құштар екенімді анам байқап музыкалық мектепке берді.Музыкалық мектепте ең алғашқы ұстазым терме- жыр класы бойынша Айгүл  Қайнарбаева,одан кейін төрт жыл колледжде оқыдым.Ол жерде домбыра класы бойынша,Марат Анашев деген кісіден сабақ алдым.Кейінен Құрманғазы атындағы консерваторияға Алматы қаласына , арман қуып келдім.Сол жерден дәстүрлі әндер бойынша, Дүйсенбек Өмірәлиевтен сабақ  алдым.Бағыт –бағдар алдым.Одан кейін былтыр ғана Темірбек Жүргенов атындағы академияны  магистратура бойынша тамададым.Одан бөлек өз –өзімді қамшылап жүретін адаммын.Әрдайым дайындық үстінде болдым.Үлкен сахналарда шығатынымды сездім деп айтсаң да болады.Сондықтан да сөйлеу мәнері жағынан болсын, би жағынан болсын, вокал жағынан , өз-өзімді дайындап,баптап тұрдым.

-   "Талантты адам  өзін үш сөзбен суреттеуді үйренсе, онда оның шығармашылық əлеуеті толысуда". Бұл - Ахматованың үзік ойы. Өзіңізді үш ауыз сөзбен суреттеңізші..

      Өзімді үш сөзбенен суреттесем,ең бірінші еңбекқорлық,екінші тік мінезді,үшінші ізденімпаз деп суреттей аламын.

-  Əр əншінің бағын ашатын  бір əн болады. Сіздің бағыңызды қай əн ашты деп ойлайсыз?

      Әрине бірінші әнім"Ұмыттың мені қалай?" әні.Отандық телеарнада  "Айжан" телехикаясында  саундтрек ретінде қолданды.Ән мен телехикая бірін –бірі толықтырып, халыққа ұнады.Сол ән маған үлкен сахнаға жол ашып бергендей болды.Осы әнді таңдап ұсынған продюсеріме сондықтан мың алғыс деймін.

- Əн сапалы болса, тыңдаушыға тез жетеді. Жалпы, əн таңдаудағы сіз ұстанатын ұстаным бар ма?

 - Ұстанымым ол,  жүрегіме жақын болуы керек. Мен əнді бір тыңдағанымда   жүрегімді жаулап алатын  кішкене де болса,  изомика дейді ғой,сондай бір жері болуы керек. Ұстанымым - сол. Сол мені  еліктіріп  əкетер болса, жүрегіммен барынша  ол əнді тыңдармандарыма жеткізе аламын.Себебі, осы уақытқа дейін жазған əндерімнің бəрі өзіме ұнайды. Жəне  ондай мүмкіндік берген   прдюсеріме, тағы да  үлкен алғыс. Себебі  продюсерім əрдайым айтады,»егер өзіңнің  жүрегіңе жақын  əн болса,  оны жүрекпен  шырқайтын болсаң,  жүректен шыққан əн жүректерге  жетеді»- деп. Сондықтан,  əн таңдаудағы ең  басты талабым-  сол  өзімнің жүрегіме жақын əн болуы керек.

- Əншілік пен тележүргізушіліктің ұқсас тұсы?

   -Əншілік пен тележүргізушіліктің ұқсас тұсы дейсіз бе?!  Екеуі  де   сахнаның сəні болғандығы  шығар.  Ал, əншілік ол, бөлек бір  дүние. Ішкі жан дүниеңді əнмен  жеткізуің керек. Ал,  тележүргізуші ол былай айтқанда басқарушы деп айтсақ  болады.

- Өнерде достық бар ма?

- Сыйластық бар деп айта алам.

Өнерде жалпы достарым жоқ екен.  Бірақ,  барлығымен сыйласып, сəлеміміз түзу.

   Дана ханым, сұхбатыңызға рақмет !Шығармашылық  табыс тілейміз!