Аудармамды Бейсен Құранбек ағама арнадым

Рейхон Ахмад

 

 

 

Асқақтықты тану үшін,

үміт отын жағу үшін,

Жүрек жырын жазу үшін,

адал жүрек кезіккей.

Елдің ұлы болу үшін,

елдің жайын ұғу үшін,

ақиқатты шолу үшін,

ояу сана кезіккей.

*

Елін сүйген ерім,

аққай талай терің.

Халық үшін əлі,

берерің көп сенің.

 Асқақтық  іздедің,

адамдық білгенің.

Мейірлене сүйеді,

өзіңді күн керім.

Пейілі халықтың,

тірегі алыптың.

Елі үшін туған ұл,

жолдасы ғаріптің.

Мейірхан Мейрамбекұлы аудармасы