Бұл оқиға менің жас кезімде болған еді. Ол кезде мен 18 жастамын. Әлі тұрмысқа шықпағам. Ата-анаммен бірге тұратынмын. Мектепті жаңа бітіргем. Сабақ үлгерімім орташа болғандықтан институтқа бармадым. Келесі жылы медициналық училищеге құжат тапсырам деп шештім.Жаз мезгілі болатын.Көршінің әйелі босанатын болып ауруханаға кетті де, үш жасар баласы Әлмұхамметке қарайтын кісі қажет болды. Мен бос болғандықтан Әлмұхамметке күтуші болуға келістім (ақысына). Оған ата-анам да қарсы болмады.

Бұл оқиға оңтүстік жақта болыпты, сол жердегі жұрттың аузынан естідім. 90 жастағы Сейсенкүл апа Жомарт дейтін немересінің көлігіне отырып жүз елу шақырым жердегі бір ауылға бара жатады. Ол ауылда жамағайындарының бірінің жылдық асы өтетін болып, таңғы шайын іше салып ертелетіп жолға шыққан екен.

Жер де жазық, жол да жазық. Әрі-бері ағылған көліктер де көп болыпты сол күні.

Бала кезімізде ауылда бір апа жасы қырыққа келіп қалған Құралбай деген баласымен бірге тұратын. Бірақ сол қырықтығы Құралбай кішкентай бала сияқты еді. Ешкімге зияны жоқ. 9-10 жастағы балалармен де ойнап жүре беретін. Кім жұмсаса соның жұмысын істейтін. Үлкендердің айтуынша, Құралбай шайтанның қызына ессіз ғашық болып, соған үйленген. Кейіннен оның шайтанның қызы екенін білген соң туыстары арашалап алған. Сосын шайтанның қызы Құралбайды ақылынан айырған екен. 

Оқиға былай болған көрінеді...

    Перінің қызы туралы ертегілерді көпшілігіміз естігенбіз. Аңыз әңгімелерге қарағанда, перінің қызы соқса, адамның бет-ауызы қисайып, ауруға шалдығады екен. Бұрынғы кездері пері соққан адамды молдалар оқып, ауруынан айықтырған көрінеді. Алайда, заманауи медицина мұндай жағдайды жүйке жүйесінің ауруына жатқызады.Өткен ғасырдың бірінші жартысында Шонжыда жалпақ елге аты мәлім болған Райыс Құйрықпайұлы деген молда өткен екен. Ол кезінде Ақыт қажының мешітінен тәлім алып, екі жыл Ақыт қажыға көмекші болып, бала оқытқан.

  Мен бір басымнан өткен жағдайды  сіздермен бөліскім келеді. 21 жасымда тұрмыска шықтым. 5 жыл көтере алмай катты киналдым. Жолдасым екеуміз бармаған жер баспаған тауымыз калмады. Емнің түр-түрін кабылдадык. Мүлде балалы бола алмайсыңдар деп ешкім айтпайды, толык диагноз ешкім коя алмады.

     Солай киналып, жылап жургенімізде, менің нағашы атам қатты ауырып қайтыс болды. Бізде бардық. Адам көп, абыр-сабыр арасында анам сені молда күтіп отыр деп сыбырлады. Сол сәтте біз отырған бөлмеге молдекең басын сұғып: "Кызыңыз келді ма?"- деді, анама карап. Анам көзімен мені көрсетті.