Балаға ғашық кемпір

Жалғасы...

Боқан шалдың үйінде болған іс маған қатты әсер етті. Бұрын ауыл адамдарының бәрі тамаша, ақкөңіл, ақжүрек сияқты көрінетін. Сөйтсем, неше түрлі сұмдықтар болып жатады екен ғой мұнда.

   Таң алдында дәрет қысып оянып кеттім. Қараңғыдан сұмдық қорқатынмын. Бірақ қуығыма толған дәрет қорқынышымды ұмыттырып, еріксіз сыртқа айдап шығарды. Дәліздің светін жағып, тысқа шықтым. Қора ішіндегі әжетханаға баруға жүрегім дауаламай, аулада дәрет сындырдым. Қараңғы түнде әлдекім шыға келіп бассалардай, бойымда белгісіз қорқыныш билеп барады. Дәрет алып бола сала үйге қарай жүгірдім. Дәлізге кіргенде ғана жүрегім орнына түсіп, қорқынышым ептеп басылғандай болды.Содан төсегіме келіп жаттым. Екінші керуетте жатқан інім ұйқы құшағында.

 

 Ол шешесі қайтыс болғалы зират басына үшінші күн қатарынан келіп тұр. Басқа басар жер, барар тауы қалмаған іспетті.

Бұл өмірде оған шешесінен өзге еш жақын жан жоқ-тұғын. Таң бозынан келіп отырған ол түске қарай зират басына келе жатқан қалың қауымды көріп, тағы кім мен құсап сорлап қалды екен деп ойлады.

 Жалғасы

-Мырзам, хош келдіңіз! Айнадағы қыз сөйлеп тұр.

– Сен кімсің? – өзімді барынша сабырлы, барынша батыл ұстадым.

– Жын, жынның қызы…

 – Менде не ақың бар?

 – Мені тек сіз ғана құтқара аласыз.

1-бөлім

Автобус тола адам…

Барлығы маған таңданып келеді…

– Осыдан «Тораңғылыға» дейін екі жүз шақырым. Ал «Тораңғылыдан» ары «Бесбастауға» дейін жүз елі шақырым.Айналасы үш жүз елу шақырым жерде тамшы су жоқ. Бетбақ дала. Сонда сен «Тораңғылыдан» не іздеп барасың?