«Мен бұл оқиғаны басымнан кешірмесем, мұндайға еш сенбес едім» деп бастады әңгімесін Рақымжан аға. – Баяғыда қазір сүйегі қурап қалған Қаңтарбай шал бір нәрсені көңірсітіп айтып, отырушы еді.

Сонда «осы алжыған шал өлер алдында болмас дүниені айтып, елдің басын қатыратыны несі?» деп ренжуші едім. Ал енді өз басымнан кешкенді айтпас бұрын, сендерге Қаңтарбай шалдың айтқан әңгімесін айтып берейін. Өздерің білесіңдер ғой, ол кісі – өмір бойы қойшы болып өткен адам.

Жоғары оқу орынында оқып жүрген кезімізде поездбен жиі жүретінмін. Мерекелік демалыстар болса да шамалы күнге үйге барып келіп тұрғанды жақсы көретінмін. Әдеттегідей кешкі пойызыма отырдым. Демек ертеңгісін ауылымда болуым керек. Айналдырған он екі сағаттық қана жол болған соң жолға аса бір көп тамақ алған жоқпын. Бір бөтелке су мен шоколад қана сатып ала салдым. Негізі пойызға мінгенде шудың ортасында кітап оқығаннан гөрі жатып ұйықтағанды жақсы көремін. Көзім ілініп кеткеннен түн ортасы ауғанда шамамен үштер шамасында оянып кеттім.

     Есімді білгеннен біздің ауылдағы Орал есімді жігітті танимын. Жас шамасы 27-28 ге келіп қалған деседі білетіндер. Сырт келбетіне алыстан көз салсаңыз алтыншы сыныптың оқушысы сынды. Тек жақындай түссеңіз ғана отызға жетіп қалғандығына көзіңіз жетеді. 
Ауылдағылардың айтуынша Орал көп балалы үйде өмірге келген екен. Дене бітімі ғана емес, ақыл-есі де жетіліңкіремей қалған. Бастауыш кластық білімі бар. Төрт жылдан кейін мектепке де бармаған. Оның себебі де жоқ емес. 
Ең алғаш дүниеге келгенінде ақыл-есі бүтін болыпты.

   Нұрсерік екеуіміз ұзақ уақыт кездесіп жүрдік. Мектептен бері бір-бірімізді қатты ұнататынбыз. Осылайша 10-11 сыныптарда өзімізше қыз-жігіт болып, қол ұстасып бастадық. Кейін студент болған уақытта да әдейі бір жоғары оқу орынына түстік. Университет қабырғасында да екеуімізге барлығы қызыға қарайтын. Уақыт өте келе мен оның үй ішімен таныстым, ол да менің ата-анамды, бауырларымды барлығын біліп алды. Ал бітіретін уақыт таянған сәтте, дипломға сақадай сай дайындалмасақ та университетті аяқтайтын кешке барлығымыз жоғары дәрежеде жоспар құрдық. Қыздардың сәндейтін тұстары ең алдымен шашы, одан соң көйлегі емес пе?! 

Елес автобус туралы сюжет көрген соң, бала кезде естіген әңгіме есіме түсті. Төменгі сыныпта оқитынмын. Ата-аналарымыз кешке қонаққа кеткенде көршінің балаларымен бірге үйде отырыңдар деп, сыртымыздан қамап кететін. Олар келгенше ұйықтамай, небір қорқынышты әңгіме айтатынбыъ. 

Соның бірі. 
Ауылдың шетінде бір үй болды. Оған көшіп келгендер әрі кеткенде 2 жеті тұрып, көшіп кететін. Өйткені түн ауа ошақтан сәбидің шырқырап жылаған дауысы шығады екен-мыс."Қарасаң, пештің ішінде дым жоқ. Оянып кетсең бітті. Ана дауыстан соң ұйықтау мүмкін емес. Аза бойың қаза болып, денең түршігіп, дірілдеп жатасың. Күнде солай"-деп айтатын көрінеді ол үйге көшіп келгендер. Оған кім шыдасын.