- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Адам өз басынан өтпесе тылсым күштің барына сене қоюы қиын екен. Өз басымнан өткенге дейін мен де сенген емеспін. Осыдан 22 жыл бұрын басымнан өткен осы бір оқиға мені тылсым күштің барына сендірді. Сол оқиғаны «Алаш айнасы» оқырмандарына айтып беруді жөн деп таптым.
1993 жыл аумалы-төкпелі заман басталғаны әмбеге аян. Ол барлық жерде жұмыссыздық белең алған кез еді. Елдің көбі сауда-саттыққа көшті. «Өзен жағалағанның өзегі талмайды» дегенді ескеріп, мен Айдаркөлдің жағасында орналасқан балық шаруашылығымен айналысатын совхозға көшіп бардым. Ол кезде отбасым, екі балам бар. Жастық жігер мықты боды ма, әйтеуір, тәуекелшіл болатынмын. Бұрын қайыққа мініп, балық аулап көрген емеспін. Бірақ, «несі бар, елдің жасағанын мен де жасай алам» деп бел будым. Негізі әкем балықшы болған екен. Шардара су қоймасынан балық аулап, бала-шағасын баққан. Мен дүниеге келген жылы (1962ж) белгісіз жағдайда суға кетіп қайтыс болған екен. Сонан соң анам төркінін жағалап, Мырзашөл жаққа көшіп келіпті.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Әрбір күн сайын әлемде неше түрлі мистикалық, қорқынышты оқиғалар орын алады. Адамдар осы жағдайдан қорғану үшін полицияға, құтқару қызметіне хабарлайды. АҚШ-та 911 номеріне соғып, осындай жайттарды баяндаған сәттер бар. Солардың бірнешесін айтып берсем.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Өткен ғасырда Мырзашөл өңірінде тұрған кісілердің Ешмет молданы білмейтіні кемде-кем шығар. Ол кісі ел-жұртқа қасиетімен танылған молда болған. Бұхара, Самарқан, Хива, Қоқан, Ташкентте діни ілім алған. Өмірінің 25 жылын ілім алуға жұмсаған. Кеңес үкіметі тұсында діни ұстанымы үшін сотты да болған. Сол кісінің өзім куә болған бір-екі тылсым құдіретін ,айтып бергелі отырмын.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
1. Адам өлгенен кейін оның басы 15-20 секунд тірі жатады екен:
2. Тарақан бассыз 9 күн бойы өмір сүре алады;
3. Асылып қалған адамдарда "эрекция" кездеседі екен;
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
{jcomments on} 2005 жылдың қысы болатын. Ауылдан 80 шақырым жерде орналасқан аудан орталығында тұратын туысымыз қоңырау шалып, қонаққа шақырды. Қазақтың «...шақырған жерден қалма» деген қағидасын ескеріп, қалмай баратынымызды айттым. Әйеліме аудан орталығында тұратын туысымыздың қонаққа шақырғанын айтып едім, «бармай-ақ қойсақ қайтеді, менің ертеңге жоспарлап қойған үй шаруаларым бар еді» деді. Мен «барамыз» деп сөз беріп қойғанымды айтып, «үй шаруасын кейінгі демалысқа қалдыр» дедім. Әйелім үндемей өз шаруасына кетті. Әйелімнің үндемегенін келіскені деп ұқтым.
Страница 37 из 39