Бұл әңгімені атам айтып отырушы еді;

-      Адам тіршілігінде жаман жолда жүріп,арам іспен шұғылданса, ертең өлгенде қара жер де жиіркеніп қабылдамай қояды-деп.

         Ауылда бір жезөкше әйел болды.Көрінген көк аттыны құр жібермейтін.Сол әйел өлгенде күнәсінің ауырлығы сонша ,қара жер де қабылдай қоймады.Бір күні шашы шығып жатса, екінші күні саусақтары шығып жататын.Ал түн баласы ,жаны қиналып шыңғырған дауыстан маңайдағы ел ұйықтай алмаушы еді.

         Рахат (жүргізуші) - Өмірде біз түсіндіре алмайтын тылсым күштің бары анық. Мен өзім оған сенемін. Бұл таңғажайып оқиғаны басымнан өткерген уақытта онша мән бермеген екенмін. Қазірде есіме түссе таң қалысымды жасыра алмаймын.



       Ол кезде мен де студент едім. Бір топтың старостасымын. Қызықты студенттік күндер өтіп жатқан. Бір күні сабақтан шығып кітапханаға бардым. Бірақ, мазам болмай көп отыра алмадым. Алған кітаптарымды өткізіп, оқу залынан шықтым. Жолда деканатқа соғып топтастарымның степендиясын алдым. Өзім тұратын жатақханаға келіп бөлме есігін аша беріп едім, іле-шала артымнан астында вахтада отырған кезекші қыз келіп, мені ауылдан телефонға шақырып жатқандығын айтты. Ол кезде ұялы телефон деген атымен жоқ. Анда-санда ауылдан осылай жатақхана вахтасының телефонына шақыратыны бар. Онда да вахтада отыратын кезекші апайлардың көңіл-күйіне байланысты.

      Жылыжайда жұмыс істегеніме 30- жылдай уақыт болды.Қазіргі автоматтандырылған заманда  компьютер арқылы жылыжайдың ауа құрамын бақылап отыру.Бір қалыптан не түсіп кетпеу керек, не көтеріліп кетпеу керек.Қар,жаңбыр ,жел болса үнемі ауаны бақылауда ұстап отырмасаң болмайды.

    Өмірде тылсым күш бар деп ойлаймын. Оны жоқ деп ешкім дәлелдеген жоқ. Менің басымнан өткен бұл оқиға әлі бүгінгідей көз алдымда. Ол кезде жаңа отау құрған кезіміз. Қалаға келіп пәтер жалдадық. Төрт бөлмелі пәтерге екі жанұя қатар тұра бастадық.