- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Елес автобус туралы сюжет көрген соң, бала кезде естіген әңгіме есіме түсті. Төменгі сыныпта оқитынмын. Ата-аналарымыз кешке қонаққа кеткенде көршінің балаларымен бірге үйде отырыңдар деп, сыртымыздан қамап кететін. Олар келгенше ұйықтамай, небір қорқынышты әңгіме айтатынбыъ.
Соның бірі.
Ауылдың шетінде бір үй болды. Оған көшіп келгендер әрі кеткенде 2 жеті тұрып, көшіп кететін. Өйткені түн ауа ошақтан сәбидің шырқырап жылаған дауысы шығады екен-мыс."Қарасаң, пештің ішінде дым жоқ. Оянып кетсең бітті. Ана дауыстан соң ұйықтау мүмкін емес. Аза бойың қаза болып, денең түршігіп, дірілдеп жатасың. Күнде солай"-деп айтатын көрінеді ол үйге көшіп келгендер. Оған кім шыдасын.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Негізі мен ырым-наным дегенге атымен сенбейтін адаммын. Дегенмен де кейбір құбылыстарға қарап таң қаламын. Анамның айтуынша кішкентай күнімде ер балалар секілді бұзық болыппын. Ойнап жүріп біреудің баласын ұрып кетсем, міндетті түрде анасы келіп шағым жасайтын, не болмаса маған қатты ұрысатын. Сондай күндері анасында не болмаса отбасында келеңсіз оқиғалар орын алатын болыпты.
Анам айтқан уақытта мән бермеуші едім, өсе келе өзім де қатты байқап келемін. Қайдан білейін, мүмкін кездейсоқтық та болар...
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Аты – жөнім Ақылбекова Рәзия. Жалғызбасты анамын. Жолдасым осыдан үш жыл бұрын жүрек талмасынан көз жұмған болатын. Содан бері жалғыз ұлым Жалғас екеуіміз бір-бірімізге тіреу болдық. Әкесінің қазасынан кейін есеңгіреп қалған ұлым қиналғанын білдірмеуге тырысып бағатын, мойнындағы жауапкершілікті сезініп, үнемі отбасындағы ендігі ер азаматтың өзі ғана екендігін бірден түсінді. Әкесі дүние салғанда 10-сыныптың ортасында оқып жүрді де, кейін мектепті тездетіп бітіруге асықты. Бітірісімен оқуға сырттай тапсыра салып, өз бетінше жұмыс жасауға кірісті. Еңбектеніп, нанын жегізді маған. Алайда қуанышым ұзаққа созылған жоқ...
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
1974 жылы 10 класты бітіріп аудан орталығындағы ауруханадан № 286 форматтағы справканы алу үшін жолға жиналып жатқанмын. Қарындасым «менің көзілдірігімді оңдатып алып келші» деп үш сом берді. Содан аудан орталығына келіп бірден көзілдірік істейтін дүңгіршекке келсем, орта жасқа келген толық орыс әйелі отыр екен, мен оған көзілдірікті ұсындым.
Ол не істейтінін айтпай-ақ түсініп. Әпсәтте көзілдірікке линзаны тағып істеп берді де жұмыс ақысы 1 сом 50 тиын деген соң үш сомды ұстата бердім. Ол есептеп-есептеп маған көп ұсақ қағаз ақшаны ұстата салды. Ақшаны алып санасам 10 сом қайтарып беріпті, менің ішкі дүнием астаң-кестең болды, «не істейін, сіңіріп кетейін бе» деп те ойладым. Ол кезде он сом әжептәуір ақша ол ақшамен қалаға барып кешке дейін қыдырып қайтып келуге де болатын.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
(жалғасы)
– Қорқуды білмейтін күнәсіз сәби ғой, ересек адам болғанда жүрегі жарылып өліп қалар еді… кәрі құдағи менің сол қолымды уқалап отыр екен…
Менің сөйлеуге шамам келер емес… іштей қорқуды білмейді дегенге масаттанып қоям… өзімді бір үлкен батыр сезініп… аузыма су тамызып жатыр…
– Қарасан келгір көк бұқада нең бар еді, қасқыр жемесе, бір күні өзі қайтып келер еді ғой… Апам атама ұрсып отыр… Атам үнсіз. Енді сөзді бақсы алды:
Страница 34 из 39