Жалғасы...

Өрт

Мен өзімше қашудың жоспарын жан-жақты жасап, қалай, қайда кету керектігін де тыңғылықты ойластырып алдым. Бұрын құл болған қарасұрдың қолынан өлген елес-әруақтар мекен еткен тұзды көлден бес-алты шақырымдай қиғаш өтетін ескі жолдың сорабымен жүріп отырып, қала-аралық тас жолға шығуға болады екен. Біздің қыстаудан оған дейін 150 шақырымдай болып қалады. Әрине, мұндай жолды аяғына шынжыр кісен салынған, әлжуаз жүдеу біз сияқты адамдардың жүріп өтуі екіталай. Сонда не істемек керек?

Жалғасы...

ХХІ ғасырдағы құлдық

Күнде бес уақыт намазымды қаза жібермеймін. Арақ ішетін достарыммен де араласпайтын болдым. Малдан айрылған соң үйде істейтін шаруа қалмаған. Соқталдай басыммен әке-шешемнің мойнында арамтамақ болып отыру онша ұнамсыздау сияқты көрінгенмен, басқа амал жоқ болғасын жазға дейін шыдайын деп жүрмін. Ойым жаз шыға Алматыға барып, жұмыс табу.

АҚШ азаматы Эван Александр қатты сырқаттанып, ауруханаға түседі. Бауырына жасалған отадан кейін ауыр ахуалдан оңалмаған күйі ессіз ұйқыға кетеді.

Екі апта бойы науқастың жағдайын бақылаған дәрігерлер оған «клиникалық өлім» диагнозын қойып, туыстарына оны жерлеу рәсіміне дайындала берулерін айтады. Миының тек жарты бөлігі ғана жұмыс жасап тұрған Эван бұл кезде расымен де өлі адаммен тең еді.

Боқан шалдың қазасы
Наурыз келді. Оңтүстікте күн ерте жылынады. Жер қарайып, күн көтеріліп қалған. Мал болмағасын істейтін шаруа да жоқ. Жазға салым қалаға барып, жан бағар жұмыс іздеп көрсем деген ойым бар. Менімен мектеп бітірген балалардың үшеуі ғана оқуға түсті. Қалғандары ауылда.
Олардың бітіретін бар шаруасы бастары қосылса арақ ішеді (ақшаны қайдан алатыны белгісіз). Мал баққан мен оларға көп қосыла қоймайтынмын. Дегенмен, соңғы кезде аздап араласатын болдым.

Ғасырдан да ұзақ жасаған адам

Мен мектепті бітірдім. Бірақ жұрттар сияқты сөмкемді арқалап үлкен қалаларға барып, оқуға түсейін деп талпынғаным жоқ. Өйткені, өз шамам өзіме белгілі еді. Сондықтан текке арамтер болғанша, ауылда қалып мал бағып, егін егіп, жұрт қатарлы қарапайым тірлік кешуді ойладым. Көкем бұған онша қарсы бола қойған жоқ.