- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Жеңгем көрген түсі дәл келетінін айтады. Өңінде болатын жағдайды алдын ала болжап сезеді екен. Әсіресе, өзіне етжақын бауырларының басындағы жайды анық көреді. Мәселен, бірде түсінде сіңлісінің мұңайған түрін көреді. Таңертең ерте анасына қоңырау шалса, сіңлісінің дене қызуы көтеріліп, аяқ астынан ауырып қалыпты.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Тоқтаған бетте қу отын теріп әкеп, ас қамына кірісіп кеткен Ахат қас қарайғанша қазан да көтеріп үлгерді. Күндізгі қапырықтың беті қайтып, Сауыр жоталарынан жайлауға тән салқын самал еседі.
Дастарқан басында: - Біз тоқтаған мына сайды жергілікті халық Иенсай атап кеткен – деп Едіге ақсақал тағы бір әңгіменің ұшын шығарды. Шырт-шырт етіп жанып жатқан отқа бір уақ үнсіз қадалған қария бұл жолы бұрын-соңды естімеген оқиғаны ортаға салды.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Өмірде не болмайды дейсіз… Адам сенгісіз әртүрлі оқиғалар орын алып жатады. Тағдырдың тарамыс жолдары талай жандарды тепкіге салады. Өмірде болған бір оқиға баяндап берейін. Әңгіме газет бетінде жарияланған. …
Әжемнің ауылында, бір отбасында анасы мен баласы тұрыпты. Жігіттің өзгелерден ерекшелігі, біріншіден гармонда керемет ойнайды, екіншіден летаргиялық ұйқыға жиі кетіп, апталап тіпті екі аптадай ұйықтайды екен. Анасы осыны білетіндіктен мұндайда қатты уайымға салынбайтын көрінеді.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Ерсін Ерғалиев
Шыңғырған сәби даусынан оянып кеттім. Үйдің іші қаракөлеңке. Қарасам кішкене қызым бөлмемнің ортасында сылқ-сылқ күліп немесе бар дауысымен шыңғырып шыркөбелек айналып ойнап жүр екен. Төсегімнің шетін ала отырған әйелім баланың ойынына қарап мәз болып тұрған соң жұбайыма кеиіп: «түн ортасында қызыңды айғайлатып үй-ішін басқа көтертіп неғып отырсың, қазір ол ұйықтап жатқандарды оятады ғой.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Үйімде сібір тұқымдас үш түсті ала мысығым бар. Тұрқына қарап оны «Барсик» деймін. Марғау кезінен адамдар арасында болған соң ба, айтқан сөздерді түсінетініне таң қаламын. Оның қылықтары да қызық, Барсик аяққа сүйкеніп еркелесе тамақ сұрағаны, есік алдына барып мияуласа далаға шыққысы келгені. Сырттан үйдің есігін аяғымен ашып өзі үйге кіре беретіні және бар, әрі өзі өте сезімтал және біздің көңіл-күйімізді аңдып отырғаны. Ал түнде төсегімнің жанына мияулап келсе, оның далаға шыққысы келгені. Ондай кезде ұйқымнан оянып, мысықты далаға шығарып жіберемін.
Страница 25 из 41
Соңғы жаңалықтар
- Махаббат неге ұзаққа бармайды?
- Таразда мектептерге қарулы шабуыл туралы - жалған ақпарат
- Маңғыстауда тағы бір әскери қызметкер бензинге уланып қаза тапты
- Министрлер мен сыртқы саясатқа жауапты лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды — Ақорда
- Бурак Өзчивит Ақтауда: Түркі әлемінің мәдени астанасы атанған қалада түрік актері қонақ болды
- «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға кәсіпкер жаңа көлік сыйлады
- Қырғызстанда өлім жазасын қайтару бастамасы көтерілді
- Ойыншы
- Павлодар облысында 3 жасар қыздың қазасы: әкесі күдікке ілінді
- Қымбатшылық пен төмен жалақы: Экономикалық талдау
- Қазақстандағы "Сталкинг" заңының алғашқы қолданысы: Атырау облысындағы іс
- Санамның құпиясы: жан өлген соң қайда барады?
- Атыраулық тіс дәрігерлерінен 600 млн теңгенің мүлкі тәркіленді
- Қазақстанда ҰБТ форматы мен мазмұны өзгереді
- Қара кемпір
- Қымбатшылық жағдайында қаражат үнемдеу жолдары
- Египет курорттарында акулалардың жиілеуіне байланысты 10 отелдің жағажайлары жабылды
- Интуицияның құпиясы: жүректің үнін ести білу
- Зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметке пайдалану уақытша тоқтатылды
- Қазақстандықтардың есепшоттарына кибершабуыл жасаған күдікті ұсталды