Бұрындары ата-әжелеріміз «біздің пәленше деген бабамыз шайтан көріпті» деп әңгімені бастайтын-ды. Сондағы айтпағы, шайтан анау-мынау­ адамға көрінбейді, бес уақыт намазын қаза қылмаған, таза кісіге көрінеді деседі. Енді біреулер кез келген жерге отыратын нас адамдардың маңайы­н торуылдайды дейді-міс. Хақ дінімізде шайтанның адамды жолдан тайдыру үшін барын салатыны айтылады.

- Қызмет бабымен жұмысқа қажетті зат іздеп бір мекемеге кіргенмін,- деп бастаған еді әңгімесін Еркін, - өкінішке орай іздеген затым табылмаған соң, шығар есікке қайта бетедім. Есіктің босағасында тұрған орта бойлы, жасы 30 - 40 шамасындағы азамат:

- Не іздедің? - деп мені сөзге тартты.

- Іздеген затым жоқ екен, - деп едім.

Ол өлген соң да ауылда көп жүрді. Иә, өзін жерлегендер қайтқанда солармен бірге қайтып келген-ді. Бірақ оны ешкім де көрмеді. Үйіне келсе ешкім жоқ. Ол жалғыз басты еді.


Табалдырықтың астына жасырып қоятын қосымша кілтті алмақ болып қолын созып еді. Кілтті көрді, бірақ ұстай алмай қойды. Сосын қақпаны қақпақ болып ұрып еді қолы ары өтіп кетті, бірақ еш дыбыссыз.

      Менің басымнан өткен ұмытылмас қорқыныш. Сол күні мен ауылдан қалаға өз көлігіммен жолға шыққан болатынмын. Ауылға інімнің туған күніне барғам. Қонамын деп жоспарлаған болатынмын, бірақ басқа жағдайға байланысты түнгі сағат 12 де жолға шығуға тура келді. Ауыл мен қаланың ортасы 2-3 сағаттық жапан даламен жүретін жол болатын. Жолда ұйқым келіп, әлсін әлсін көзім жұмыла берді. Сондықтан радио қосып, сергек болу үшін 1-2 аузыма кофейный конфет салдым. Біршама уақыт өткен соң алдымнан әйелдің бейнесі көрінді, бет жүзін көре алмадым себебі алға қарай жүріп барады. Қасынан жаймен өте шығып кете бергім келді, бірақ кім білсін қыз бала, қандай да бір жағдай болған шығар, алып кетейін, әрі жолда әңгіме айтатын да адам болады деген оймен 5-6 метрге тоқтадым.

 

Ауылға оралу

Алматының базарынан киім сатып алып, сықиып киініп алдық. Қала маңында тұратын дядя Вася үйіне қонақ болып кетуді ұсынғанмен, баруға Серік екеуміздің де құлқымыз болмады. Оның үш жылға тарта құлдық қамыт киіп, азап шеккеніне өзіміз кінәлідей біртүрлі ыңғайсыз сезінген едік. Серіктің туып өскен жері Семей өңірі. Оның ендігі арманы ауылына барып, мал алып фермер болу. Қиын күндерді басымыздан бірге өткізген олармен қимай қоштастым.