Журналист, әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы,жас қаламгер Салтанат Абылбекова
- Армысыз, Салтанат əпке! Фейсбук желісінің белсенді қолданушысысыз. Фейсбук өлкесіне қашан келдіңіз?
- Фейсбук желісіне 2014жылы келгенмін. Ол кезде үшінші сәбиім дүниеге келген. Жұмыс істеп үйреніп қалғасын шығар, үйде баламен отыру қиынға соққаны рас. Сәбиімді тербетіп отырып осында көптеген жазбаларымды салып, достармен пікір алмасып отырдым. Достарым да көбейді
- Фейсбуктің үш пайдасы мен зиянын атап өте аласыз ба?
- Негізі әлеуметтік желінің пайдасы да зияны да бар. Пайдасы сол бұл жерде көптеген ақын-жазушылардың сиясы кеппеген шығармаларын оқисыз, бұл жер күнделікті жаңалықтың жаршысы да. Ал зиянды жағы адамның санасын жауласа қиын. Кішкенеғана экранға телміріп жақындарыңмен сырласудан сөйлесуден қаласыз. Осы жөнінде мынадай әзіл бар.Үйде бір күн интернет болмай қалды, іш-пысқан соң үйдегілер бір-бірімізбен сөйлестік, бәрі тәп-тәуір адам екен деген. Сол айтпақшы вертуальды әлеммен өмір сүруді азайтқан дұрыс.
- "Ақындық -адал жүректің үні". Бұл сөз -Анна Ахматованың сөзі. Ақындық қырыңызды көп жұрт біледі. Ақындықтың жүгі ауыр емес пе?
- Ал ақындық жағына келер болсам, өлеңді 8-ші сыныптан бастап жазғанмын. Анау айтқандай мықты ақын емеспін, шабыт келгенде көсіліп қалатыным бар).
-Əзілдің ауылынан алыс емес екеніңіз көпке аян. Өмірде естен кетпеген бір қызық оқиғаңыз қайсы?
- Әзілге жақын жүретінім де рас. Өткен жылы "Өмірдің өзі театр" атты кітабым дүниеге келді. Ішіндегі әнгімелерге арқау болған қызықты оқиғалардың барлығы өз өмірімнен алынған .
Ал бастан өткен қызыққа келер болсақ, ұлымыз екеуміз түнделетіп пойыздан түскенбіз. Үйге келген де бір ақ білдім. Кішкентай ұлым бір аяғына өзінің аяқ киімін, екінші аяғына 41ші размерлі әйелдер аяқ киімінің сыңарын киіп келіпті. Үстіңгі полкіде үлкен апай ұйықтап жатқан. Сірә сол кісінің аяқ киімі болса керек. Ұйқысырап жүріп байқамаған ғой. Менің ұлым амалдап үйге жетіп алды. Әлгі әпкеден ұят болды.
- Уақыт бөліп сұхбат бергеніңіз үшін рақмет !