Бибі -Айша Нұржанқызы әлеуметтік желі қолданушысы
-Бибі əпке, фейсбук желісіне қашан қосылдыңыз жəне фейсбук желісіне қосылудағы басты мақсатыңыз?
-Фейзбукке 2013 жылдың аяғында тіркелдім. Ол кезде бұл желіге тіркелуде ешқандай мақсат болмаған. Жай ғана бұл не екен деген қызығушылық еді. Бәрінде алғашқыда "факебок" деп оқығаныма қазір күлкім келеді.
- Адамды фейсбук арқылы толы тану мүмкін бе?
- 10 жылдан астам уақыт бір жастыққа бас қойып келген, өмір жолдасыңның кей мінездерін тани алмай қалатын кездер де болып тұрады. Ал, монитордың арғы бетіндегі адамды айтпай - ақ қояйын. Негізі адамды жақыннан таныған сайын одан қашып кеткің келеді. Сондықтан ешкімді танығым келмейді, өзімді де өзгелер танығанды қаламаймын.
- Жазуды жан-жүрекпен жақсы көретін сыңайлысыз. Кəсібіңіз қандай?
-Мамандығым мұғалім. Бұл салада 6 жыл қызмет еттім. Кейіннен ортағасырлық Шағатай тілінің аудармасымен (тапсырыс) айналысып, бірнеше ғазал, хикметтері қазақ тіліне аудардым. Сұраныс болмағасын бұл жұмысты қойдым. Қазір журналистикаға бет бұрдым. Осы саланы игеріп кетуге бар ынта - жігерімді салудамын. Жазуда өзіндік стилімді қайта қалыптастырсам екен деймін. Мәселен , 20 - 21 жасымда жазған естелік дәптерімді қазір ашып, оқысам, сол 20 жастағы Бибайшаның жазбасы қазіргі Бибайшаның жазбасынан қарағанда әлдеқайда сауатты және өзіндік тағлымы бар екенін байқадым. Отбасы- ошақ қасы деп жүргенде өзіндік стилімді жоғалтып алдым. Қазір қолым босай қалса қойын дәптеріме өмірімнің ең маңызды есте қалар сәттерімді естелік ретінде жазып қоямын. Жалпы жазғанды жақсы көремін.
-Əзілге толы посттар жиі жазатын жансыз. Өмірде қандай жансыз?
-Әзілдескен жақсы ғой, алайда, түбін зілдей көретіндер де баршылық. Сондықтан тек таңдаулыларымен ғана әзілдеймін. Мәселен: Құрбы- құрдастар, қайныларым немесе күйеуімнің құрдастары болса ғана әзілдесемін. Өмірде қатал адаммын. Жыртыңтай бергенді ұнатпаймын. Адамдарға барынша құрмет көрсетіп, сыпайылық танытқанды ұнатамын
- Әлеуметтік желіге байланысты болған қызық оқиғаңыз бар ма? Бар болса, айта отырсаңыз...
- Былтыр фейзбукке мамам тіркеліп алыпты. Менің аккаунтымды тауып алып, ондағы әзілдерді оқып, әбден ұрысқаны үшін блоктап қойдым.
- Сұхбатыңыз үшін рақмет !Жұмысыңызда табысты болыңыз !