2026 жылы Қазақстанда зейнетақы өседі
el24.kz 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы мөлшері 10 пайызға артады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Өсім барлық түрдегі зейнетақыға — базалық, жасына байланысты және жинақтаушы бөлікке қатысты болады.
Министрліктің мәліметінше, индексация нәтижесінде:
-
ең төменгі зейнетақы 104 645 теңгеге дейін,
-
ең жоғарысы 238 412 теңгеге дейін жетеді.
Базалық зейнетақының ең жоғарғы мөлшері де артады — 110%-дан 118%-ға дейін көтеріледі.
Қазіргі таңда зейнетке шығу жасы өзгеріссіз қалады: ерлер — 63 жас, әйелдер — 61 жас. Бұл норма 2028 жылға дейін күшінде болады.
Министрлік мәліметінше, зейнетақы жүйесін жетілдіру бағытында халықаралық тәжірибелер зерттеліп, қосымша ұсыныстар әзірленіп жатыр.


Қымбатшылық пен төмен жалақы: Экономикалық талдау


Зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметке пайдалану уақытша тоқтатылды
el24.kz хабарлайды. Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты (БЖЗҚ) стоматологиялық қызметке пайдалану мүмкіндігі 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап уақытша тоқтатылады. Бұл туралы ресми түрде «Отбасы банк» мәлімдеді.
Неге тоқтатылды?
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың айтуынша, тіс емдеу саласында заңсыздықтар анықталған. Атап айтқанда, жалған құжат рәсімдеу арқылы БЖЗҚ қаражатынан шамамен 200 миллиард теңге заңсыз шығарылған. Осы себепті мемлекет аталған бағыттағы өтінімдерді қабылдауды уақытша доғаруға шешім қабылдады.
Өтінімдерге қатысты не белгілі?
-
15 қыркүйекке дейін берілген өтінімдер заңға сәйкес қаралып, өңделе береді.
-
15 қыркүйектен кейін жаңа өтінім қабылдау тоқтайды.
-
Өтінім қабылдаудың қайта қашан басталатыны туралы қосымша хабарланатын болады.
Азаматтарға ескерту
Мамандар азаматтарға жалған стоматологиялық қызмет ұсынатын ұйымдардан сақ болуды ескертеді. Бұған дейін кейбір клиникалар қызмет көрсетпей-ақ, тек құжат рәсімдеп, зейнетақы қаражатын заңсыз иемденген жағдайлар тіркелген.
Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану мүмкіндігі қоғамда үлкен сұранысқа ие болғанымен, бақылаудың әлсіздігінен теріс пайдалану орын алған. Ендігі мақсат — тәртіпті күшейту және шынайы медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету.


Қырғызстанда өлім жазасын қайтару бастамасы көтерілді
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елде балаларға, әйелдерге және қыздарға қарсы жасалған аса ауыр қылмыстар үшін өлім жазасын қайта енгізуді тапсырды. Бұл жөнінде оның баспасөз қызметі ресми хабарлады- деп жазады el24.kz тілшісі.
Бастама 17 жастағы қыздың қатыгездікпен өлтірілуінен кейін жария етілді. Қоғамда үлкен резонанс туғызған бұл оқиға қылмыстық жаза шараларын күшейту қажеттігін көрсетті.
2007 жылы Қырғызстанда өлім жазасы заңмен жойылған, ал 2010 жылы ел БҰҰ-ның тиісті хаттамасын ратификациялаған болатын. Сондықтан жаңа заң жобасы қабылданса, Конституцияға да өзгерістер енгізу қажет болады.
Жаңа бастамаға сәйкес өлім жазасы балаларға жасалған зорлық-зомбылық, әйелдерді зорлап өлтіру және аса ауыр қылмыстарға қатысты қолданылуы мүмкін.


Махаббат неге ұзаққа бармайды?
el24.kz Әрбір қарым-қатынас басында ерекше сезім мен түсіністікке толы болады. Алайда уақыт өте келе сол жылулық жоғалып, ер адамның көңілі суып кететін сәттер кездеседі. Мұның себебі көбіне әйел адамның байқамай жіберетін ұсақ мінез-құлықтарында жатыр.
1. Артық сын мен ескерту
Ер адам өзін үнемі сын астында сезінсе, ішкі сенімін жоғалтады. Әйелінің қолдауын, жылы сөзін естудің орнына тек кемшілігін көрсе, оның махаббаты біртіндеп суый бастайды.
2. Басқамен салыстыру
“Басқа ерлер әйеліне сыйлық алып береді”, “көршінің күйеуі үй шаруасына көмектеседі” деген сияқты салыстырулар ер адамның намысына тиеді. Ол өзін бағаланбаған, қажетсіз адам ретінде сезінуі мүмкін.
3. Суықтық пен немқұрайдылық
Махаббат тек сөзбен емес, жылы қарым-қатынас арқылы да сақталады. Егер әйел адам салқын, сезімсіз болып кетсе, ер адам өзін алыстатып, үнсіздікке көшеді.
4. Сенімсіздік пен бақылау
Телефонды тексеру, артық сұрақ қою, себепсіз қызғаныш – ер адамды шаршатады. Ол өзін сенімсіз ортада жүргендей сезінеді. Ал сенім жоғалған жерде махаббаттың ұзақ сақталуы қиын.
5. Рақмет айтпау және бағаламау
Күнделікті ұсақ істерге ризашылық білдірмеу – үлкен салқындық тудырады. “Рақмет” деген қарапайым сөздің өзі қарым-қатынасқа жылулық қосады.
Махаббат – үлкен күшті сезім. Бірақ оны сақтау үшін екеуінің де ниеті мен түсіністігі қажет. Ер адам өзін құрметтелген, бағаланған, сенім артылған адам ретінде сезінсе, ол ешқашан алыстамайды.


Маңғыстауда тағы бір әскери қызметкер бензинге уланып қаза тапты
el24.kz Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз жанармай буынан улану салдарынан көз жұмды. Қайғылы оқиға 2025 жылдың 6 қазанында шекаралық бөлімшеде болған.
Оқиға қалай болған?
Алдын ала дерек бойынша, оқиға «Үстірт» шекара бекетінде тіркелген. Сағат шамамен 21:10 кезінде бөлімше бастығы капитан Асу К. сарбаз Еркебұлан Сағындыққа дизель генераторының радиаторын жуу үшін бензин алу жөнінде тапсырма берген.
Сарбаз жанармай сақтау орнына кіргеннен кейін біраз уақыттан соң есінен танып қалған. 21:20 шамасында бөлімнің электрик-дизелисі оның жатқан жерін тауып, алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқан. Алайда барлық шаралар нәтиже бермей, сарбаз оқиға орнында көз жұмған.
Тергеу басталды
Қайғылы жағдайға байланысты Ақтау гарнизонының әскери полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы – «Қызметтік міндеттерге салғырт қарау» – бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Қайғылы оқиғаға байланысты жауапты тұлғалардың әрекетіне баға берілмек.
Марқұм туралы мәлімет
Қаза болған сарбаз Еркебұлан Сағындық 2005 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2025 жылдың көктемінде әскери қызметке шақырылған.
Ол Маңғыстау облысындағы шекара бөлімшесінде қызмет атқарып жүрген болатын.
Қауіпсіздік талаптары күшейтіле ме?
Бұл жағдай әскери бөлімдерде қауіпсіздік техникасын сақтау мәселесіне қатысты сұрақтар туғызды. Сарапшылардың пікірінше, жанармай және химиялық заттармен жұмыс істейтін сарбаздар арнайы нұсқаулықтар мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы тиіс.
Әскери бөлімдерде мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін жан-жақты тексеріс жүргізу және қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажеттігі айтылуда.


Әзірбайжан елінің азаматтарын Ақтаудан шығарып салды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
26 желтоқсан күні ұшақ апатынан зардап шеккен әзірбайжандық 14 азамат пен күні кеше Ақтауға келген Әзірбайжан делегациясының 20 мүшесі өз елдеріне оралды.
Оның ішінде аман қалған 2 бортсерік пен 1 бала бар. Олар ауруханада қажетті ем алып, жағдайлары тұрақталған соң Бакуге аттанды-деп хабарлайды el24.kz тілшісі, Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жыл қорытындысы: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері
- Подробности
- Категория: Бүгін
Қазақстанда ажырасу мәселесі өзекті болып отыр
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Қорғаныс министрі жаңа қызметке тағайындалды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Қазақстанның қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанның спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті болып сайланды,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайлау Астанада федерацияның кезектен тыс отырысында өтті.
Руслан Жақсылықовтың кандидатурасына федерацияның барлық мүшелері бірауыздан дауыс берді. Ол бұл қызметке Айдос Ақжановтың орнына келді.
Ашылмаған құпиялар әлемі
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Жанар-жағармай бағасы бақылауда – Министр
- Подробности
- Категория: Бүгін
Қазақстан Республикасының энергетика министрі жанар-жағармай нарығындағы бағаларды қатаң бақылауда ұстауға қатысты мәлімдеме жасады- деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, елде мұнай өнімдерінің бағасын реттеу және оның негізсіз көтерілуін болдырмау үшін арнайы шаралар қабылданды.
Бас прокуратура: Қ. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Ғайыпбаевтың өзіне қол салу тергеуі бақылауда
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
фото ашық дереккөзден
Үй отқа оранған күні де қара жамылған отбасына уақытша баспана ұсындық дейді әкім. Алайда Шерзаттың жақындары бұл көмектен бас тартқан көрінеді.
Яғни ата-анасының қара шаңырағын паналай тұратынын айтқан. Қаржаубай Нұрымовтың үйі ұлының қазасынан соң араға апта салып өртеніп кеткен еді. «Өрт қасақана қойылған» - дейді құзырлы орындар. Оқиға орнынан канистр мен резеңке қолғап табылды. Бұған қатысты тергеу әлі жүріп жатыр.
Талғар оқиғасы: қоғамды алаңдатқан қайғылы дерек
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
фото ашық дереккөзден
Желтоқсан: Ұлт рухының қайта оянуы
- Подробности
- Категория: Бүгін
1986 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласының орталығында болған оқиға қазақ халқының ұлттық сана-сезімі мен рухани тәуелсіздікке деген ұмтылысының жарқын көрінісі болды.
Бұл тарихи сәт КСРО құрамындағы Қазақстанның саяси, әлеуметтік, және рухани жаңғыруының бастауы ретінде есте қалды. Желтоқсан көтерілісі бүгінгі таңда Тәуелсіздікке жетелеген басты қадамдардың бірі ретінде бағаланады.
Сіз қандай тұлғасыз?`(тест)
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Зейнетақы жинақтарының 2025 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегі сол деңгейде қалады
- Подробности
- Категория: Бүгін
ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес «БЖЗҚ» АҚ жыл сайын, келесі қаржы жылына арналған ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы ресми жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ, өзінің интернет-ресурсында алдағы жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігі шегін (ТЖШ) орналастыруға міндетті.
Маңғыстау облысы әкімдігі алдында ер адам өз-өзін өртеп жіберді
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
фото скриншот видеодан
Кеше желтоқсанның 5-де,облыс әкімдігі ғимаратының жанында оқиға орын алды-келуші өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен кездесуді талап етті, ал бас тартқаннан кейін ол өзін-өзі өртеп жіберді.
«Әкімдік қызметкерлері азаматқа бұл күні облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдамайтынын түсіндірді.
Құс атуға шыққан мектеп оқушысына оқ тиді
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Жетісу облысы, Алакөл ауданының Көлбай ауылында 20 қараша күні кешкі сағат 17:00 шамасында үш оқушы құс атуға шыққан кезде қайғылы жағдай орын алды. Қару байқаусызда атылып кетіп, 2009 жылы туған оқушы аяғынан ауыр жарақат алды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі баспана бағасына қатысты пікір білдірді
- Подробности
- Категория: Бүгін
Страница 14 из 239




Ең көп қаралған
- Өмірімдегі ойранды айту оңай деп пе едің...
- Ғалымдар: Беттегі әжім - ажал жаршысы
- Құда баламен көңілдес болған келіншектің әңгімесі
- Көктемнің мың бір түні...
- Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты
- Аңыз адам ( Пахан зоны)
- Екі бала туған әйелге төсек ләззатын ұқтырған еркек
- Күйеуімді сағындым...
- Күйеуімнің аруағымен бірге тұрып жүрмін...
- Көңілдестерім.Көршім Руслан` (+18)
Соңғы жаңалықтар
- 2026 жылы Қазақстанда зейнетақы өседі
- Махаббат неге ұзаққа бармайды?
- Таразда мектептерге қарулы шабуыл туралы - жалған ақпарат
- Маңғыстауда тағы бір әскери қызметкер бензинге уланып қаза тапты
- Министрлер мен сыртқы саясатқа жауапты лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды — Ақорда
- Бурак Өзчивит Ақтауда: Түркі әлемінің мәдени астанасы атанған қалада түрік актері қонақ болды
- «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға кәсіпкер жаңа көлік сыйлады
- Қырғызстанда өлім жазасын қайтару бастамасы көтерілді
- Ойыншы
- Павлодар облысында 3 жасар қыздың қазасы: әкесі күдікке ілінді
- Қымбатшылық пен төмен жалақы: Экономикалық талдау
- Қазақстандағы "Сталкинг" заңының алғашқы қолданысы: Атырау облысындағы іс
- Санамның құпиясы: жан өлген соң қайда барады?
- Атыраулық тіс дәрігерлерінен 600 млн теңгенің мүлкі тәркіленді
- Қазақстанда ҰБТ форматы мен мазмұны өзгереді
- Қара кемпір
- Қымбатшылық жағдайында қаражат үнемдеу жолдары
- Египет курорттарында акулалардың жиілеуіне байланысты 10 отелдің жағажайлары жабылды
- Интуицияның құпиясы: жүректің үнін ести білу
- Зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметке пайдалану уақытша тоқтатылды
Күйеуімнен қалай құтыларымды білмей жүрмін...
Көрге түсіп-шыққан жігіт жайлы хикая
Күйеуім "семізсің" деп намысыма тиеді...
Махаббат құпиясы: төсектегі тыйымдар
Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты
Психологиялық тест: Қай қыз тұрмысқа шыққан?
Түсініксіз құбылыс
«Шайтан түртіп жүр мені» — әйелімнің көзіне шөп салдым…
Еркектер жайлы("әйелдердің құлағына алтын сырға")
Анамның зейнетақысы қашан өзіне бұйырар екен
ШАЙТАН ШАҚЫРЫПТЫ
Әйеліңіз төсекте КІМДІ және НЕНІ ойлап жатқанын білгіңіз келсе... (21+)
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru