2026 жылы Қазақстанда зейнетақы өседі
el24.kz 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы мөлшері 10 пайызға артады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Өсім барлық түрдегі зейнетақыға — базалық, жасына байланысты және жинақтаушы бөлікке қатысты болады.
Министрліктің мәліметінше, индексация нәтижесінде:
-
ең төменгі зейнетақы 104 645 теңгеге дейін,
-
ең жоғарысы 238 412 теңгеге дейін жетеді.
Базалық зейнетақының ең жоғарғы мөлшері де артады — 110%-дан 118%-ға дейін көтеріледі.
Қазіргі таңда зейнетке шығу жасы өзгеріссіз қалады: ерлер — 63 жас, әйелдер — 61 жас. Бұл норма 2028 жылға дейін күшінде болады.
Министрлік мәліметінше, зейнетақы жүйесін жетілдіру бағытында халықаралық тәжірибелер зерттеліп, қосымша ұсыныстар әзірленіп жатыр.


Қымбатшылық пен төмен жалақы: Экономикалық талдау


Зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметке пайдалану уақытша тоқтатылды
el24.kz хабарлайды. Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты (БЖЗҚ) стоматологиялық қызметке пайдалану мүмкіндігі 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап уақытша тоқтатылады. Бұл туралы ресми түрде «Отбасы банк» мәлімдеді.
Неге тоқтатылды?
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың айтуынша, тіс емдеу саласында заңсыздықтар анықталған. Атап айтқанда, жалған құжат рәсімдеу арқылы БЖЗҚ қаражатынан шамамен 200 миллиард теңге заңсыз шығарылған. Осы себепті мемлекет аталған бағыттағы өтінімдерді қабылдауды уақытша доғаруға шешім қабылдады.
Өтінімдерге қатысты не белгілі?
-
15 қыркүйекке дейін берілген өтінімдер заңға сәйкес қаралып, өңделе береді.
-
15 қыркүйектен кейін жаңа өтінім қабылдау тоқтайды.
-
Өтінім қабылдаудың қайта қашан басталатыны туралы қосымша хабарланатын болады.
Азаматтарға ескерту
Мамандар азаматтарға жалған стоматологиялық қызмет ұсынатын ұйымдардан сақ болуды ескертеді. Бұған дейін кейбір клиникалар қызмет көрсетпей-ақ, тек құжат рәсімдеп, зейнетақы қаражатын заңсыз иемденген жағдайлар тіркелген.
Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану мүмкіндігі қоғамда үлкен сұранысқа ие болғанымен, бақылаудың әлсіздігінен теріс пайдалану орын алған. Ендігі мақсат — тәртіпті күшейту және шынайы медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету.


Қырғызстанда өлім жазасын қайтару бастамасы көтерілді
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елде балаларға, әйелдерге және қыздарға қарсы жасалған аса ауыр қылмыстар үшін өлім жазасын қайта енгізуді тапсырды. Бұл жөнінде оның баспасөз қызметі ресми хабарлады- деп жазады el24.kz тілшісі.
Бастама 17 жастағы қыздың қатыгездікпен өлтірілуінен кейін жария етілді. Қоғамда үлкен резонанс туғызған бұл оқиға қылмыстық жаза шараларын күшейту қажеттігін көрсетті.
2007 жылы Қырғызстанда өлім жазасы заңмен жойылған, ал 2010 жылы ел БҰҰ-ның тиісті хаттамасын ратификациялаған болатын. Сондықтан жаңа заң жобасы қабылданса, Конституцияға да өзгерістер енгізу қажет болады.
Жаңа бастамаға сәйкес өлім жазасы балаларға жасалған зорлық-зомбылық, әйелдерді зорлап өлтіру және аса ауыр қылмыстарға қатысты қолданылуы мүмкін.


Махаббат неге ұзаққа бармайды?
el24.kz Әрбір қарым-қатынас басында ерекше сезім мен түсіністікке толы болады. Алайда уақыт өте келе сол жылулық жоғалып, ер адамның көңілі суып кететін сәттер кездеседі. Мұның себебі көбіне әйел адамның байқамай жіберетін ұсақ мінез-құлықтарында жатыр.
1. Артық сын мен ескерту
Ер адам өзін үнемі сын астында сезінсе, ішкі сенімін жоғалтады. Әйелінің қолдауын, жылы сөзін естудің орнына тек кемшілігін көрсе, оның махаббаты біртіндеп суый бастайды.
2. Басқамен салыстыру
“Басқа ерлер әйеліне сыйлық алып береді”, “көршінің күйеуі үй шаруасына көмектеседі” деген сияқты салыстырулар ер адамның намысына тиеді. Ол өзін бағаланбаған, қажетсіз адам ретінде сезінуі мүмкін.
3. Суықтық пен немқұрайдылық
Махаббат тек сөзбен емес, жылы қарым-қатынас арқылы да сақталады. Егер әйел адам салқын, сезімсіз болып кетсе, ер адам өзін алыстатып, үнсіздікке көшеді.
4. Сенімсіздік пен бақылау
Телефонды тексеру, артық сұрақ қою, себепсіз қызғаныш – ер адамды шаршатады. Ол өзін сенімсіз ортада жүргендей сезінеді. Ал сенім жоғалған жерде махаббаттың ұзақ сақталуы қиын.
5. Рақмет айтпау және бағаламау
Күнделікті ұсақ істерге ризашылық білдірмеу – үлкен салқындық тудырады. “Рақмет” деген қарапайым сөздің өзі қарым-қатынасқа жылулық қосады.
Махаббат – үлкен күшті сезім. Бірақ оны сақтау үшін екеуінің де ниеті мен түсіністігі қажет. Ер адам өзін құрметтелген, бағаланған, сенім артылған адам ретінде сезінсе, ол ешқашан алыстамайды.


Маңғыстауда тағы бір әскери қызметкер бензинге уланып қаза тапты
el24.kz Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз жанармай буынан улану салдарынан көз жұмды. Қайғылы оқиға 2025 жылдың 6 қазанында шекаралық бөлімшеде болған.
Оқиға қалай болған?
Алдын ала дерек бойынша, оқиға «Үстірт» шекара бекетінде тіркелген. Сағат шамамен 21:10 кезінде бөлімше бастығы капитан Асу К. сарбаз Еркебұлан Сағындыққа дизель генераторының радиаторын жуу үшін бензин алу жөнінде тапсырма берген.
Сарбаз жанармай сақтау орнына кіргеннен кейін біраз уақыттан соң есінен танып қалған. 21:20 шамасында бөлімнің электрик-дизелисі оның жатқан жерін тауып, алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқан. Алайда барлық шаралар нәтиже бермей, сарбаз оқиға орнында көз жұмған.
Тергеу басталды
Қайғылы жағдайға байланысты Ақтау гарнизонының әскери полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы – «Қызметтік міндеттерге салғырт қарау» – бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Қайғылы оқиғаға байланысты жауапты тұлғалардың әрекетіне баға берілмек.
Марқұм туралы мәлімет
Қаза болған сарбаз Еркебұлан Сағындық 2005 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2025 жылдың көктемінде әскери қызметке шақырылған.
Ол Маңғыстау облысындағы шекара бөлімшесінде қызмет атқарып жүрген болатын.
Қауіпсіздік талаптары күшейтіле ме?
Бұл жағдай әскери бөлімдерде қауіпсіздік техникасын сақтау мәселесіне қатысты сұрақтар туғызды. Сарапшылардың пікірінше, жанармай және химиялық заттармен жұмыс істейтін сарбаздар арнайы нұсқаулықтар мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы тиіс.
Әскери бөлімдерде мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін жан-жақты тексеріс жүргізу және қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажеттігі айтылуда.


Әсет Шопанов Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімдігі мәлім етті.
Әсет Шопанов Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы Бейнеу ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған, 2003-2018 жылдары Бейнеу ауданы әкімдігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2024 жылы 20 мыңдай адам ел азаматтығынан бас тартты
- Подробности
- Категория: Бүгін
2025 жылдың алғашқы айында 1 513 адам Қазақстан азаматтығынан бас тартты. Ал өткен жылы 20 мыңға жуық отандасымыз өзге елдің азаматтығын алған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Kazinform агенттігінің ресми сауалына жолдаған жауапта айтылған,- деп el24.kz хабарлайды.
Наурыз мерекесіне байланысты елімізде қосымша әуе рейстері іске қосылады
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Наурыз мерекесіне байланысты елімізде қосымша әуе рейстері іске қосылады
2025 жылғы 16-30 наурыз аралығында отандық әуе компаниялар жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатында қосымша 120 рейс орындайды.
Air Astana әуе компаниясы қосымша 55 рейс жоспарлап отыр:
Ішкі бағыттар бойынша:
Елордада ер адамды атып кетті
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Екі таныс адамның арасында кикілжің туындап, бірі екіншісін атып тастаған.
Оқыс оқиғаны қалалық полиция департаменті растады.
– Адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды және қаруы тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, таныс адамдар арасында жанжал болған.
Өзбекстанда бой тасалаған Ақтау әкімнің орынбасары елге әкелінді
- Подробности
- Категория: Бүгін
Ақтау, 2025 жылғы 28 ақпан – Өзбекстанда жасырынып жүрген Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасов Қазақстанға экстрадицияланды. Ол алаяқтық және пара алу айыптары бойынша іздеуде болған,- деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Шерзат Полат ісі прокуратураға жолданды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Қазақстанда қоғам назарын аударған Шерзат Полат ісі бойынша тергеу аяқталды. Құқық қорғау органдары 62 томнан тұратын материалдарды жинақтап, тараптарға таныстырып, істі прокуратураға жолдады,- деп хабарлайды el24.kz тілшісі. Бұл іс елдегі резонанстық қылмыстардың бірі ретінде қарастырылып отыр.
Іс бойынша негізгі айыптау
Ақтауда сарбазға темекі тұқылын жегізген сержант сотталды
- Подробности
- Категория: Бүгін
Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінің 42 жастағы сержанты Әділет Керімов сарбаздарды темекі тұқылын жеуге мәжбүрлегені және бір сарбазды ұрып-соққаны үшін сотталды-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Ақтөбе гарнизонының әскери соты оны билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тауып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар, ол жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды.
"Қазақстан" шахтасындағы апатқа кінәлілерге сот үкімі шықты
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
2023 жылдың 17 тамызында Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында болған өрт салдарынан бес кенші қаза тауып, он жеті адам жарақат алған еді. Осы қайғылы оқиғаға байланысты сот процесі аяқталып, төрт айыпталушыға қатысты үкім шығарылды.
Шахтинск қалалық сотының шешімі бойынша, «Қазақстан» шахтасының өндіріс директорының міндетін атқарушы, конвейерлік транспорт учаскесінің басшысы, оның орынбасары және учаске механигінің орынбасары әрқайсысы 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Семей қаласында 6-сынып оқушысын соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Подробности
- Категория: Бүгін
Семей қаласында жоғары сынып оқушыларының 6-сынып оқушысын соққыға жыққаны туралы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Абай облысының полиция департаменті оқиғаға қатысушыларды анықтап, оларды ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізді.
Астанада "Iphone 16 Pro" ұялы телефонын алдап алып кеткен алаяқ ұсталды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Қазақстанда және Ақтау қаласында жақын күндерге ауа-райы болжамы
- Подробности
- Категория: Бүгін
Ақтау қаласында 2025 жылғы 20-22 ақпан аралығында қар жауу ықтималдығы жоғары.
Жалпы, ақпан айының екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанда аязды күндер жылы күндермен ауысып, қар жаууы, тұман және көктайғақ болуы мүмкін- деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Перизат Қайратқа қатысты тергеу аяқталуға жақын
- Подробности
- Категория: Бүгін
2025 жылғы 19 ақпандағы мәліметтерге сәйкес, "BizBirgemiz Qazaqstan" қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайратқа қатысты тергеу аяқталуға жақын,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, тергеу амалдары наурыз айының басында аяқталып, іс материалдарымен танысу кезеңіне өтеді.
Іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Сырғанақты бұзу кезінде Қостанайлық жұмысшы қайтыс болды
- Подробности
- Категория: Бүгін
Қостанайда сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы қаза тапты.Ер адамның құлаған кезде көпеген сүйегі сынған.
- Қазақстанда телефон сатып алу өзгерді: нені білу керек?
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, тегін дәрі-дәрмектерді беру жүйесіне өзгеріс енгізді
- Конституциялық Соттың шешімі бойынша, жас балаларға күтім жасаған уақыты еңбек өтіліне қосылады
- Атырауда зейнеткерді өлтіріп, өртеп жіберді деген күдікті қамауға алынды
Страница 11 из 239




Ең көп қаралған
- Өмірімдегі ойранды айту оңай деп пе едің...
- Ғалымдар: Беттегі әжім - ажал жаршысы
- Құда баламен көңілдес болған келіншектің әңгімесі
- Көктемнің мың бір түні...
- Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты
- Аңыз адам ( Пахан зоны)
- Екі бала туған әйелге төсек ләззатын ұқтырған еркек
- Күйеуімді сағындым...
- Күйеуімнің аруағымен бірге тұрып жүрмін...
- Көңілдестерім.Көршім Руслан` (+18)
Соңғы жаңалықтар
- 2026 жылы Қазақстанда зейнетақы өседі
- Махаббат неге ұзаққа бармайды?
- Таразда мектептерге қарулы шабуыл туралы - жалған ақпарат
- Маңғыстауда тағы бір әскери қызметкер бензинге уланып қаза тапты
- Министрлер мен сыртқы саясатқа жауапты лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды — Ақорда
- Бурак Өзчивит Ақтауда: Түркі әлемінің мәдени астанасы атанған қалада түрік актері қонақ болды
- «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға кәсіпкер жаңа көлік сыйлады
- Қырғызстанда өлім жазасын қайтару бастамасы көтерілді
- Ойыншы
- Павлодар облысында 3 жасар қыздың қазасы: әкесі күдікке ілінді
- Қымбатшылық пен төмен жалақы: Экономикалық талдау
- Қазақстандағы "Сталкинг" заңының алғашқы қолданысы: Атырау облысындағы іс
- Санамның құпиясы: жан өлген соң қайда барады?
- Атыраулық тіс дәрігерлерінен 600 млн теңгенің мүлкі тәркіленді
- Қазақстанда ҰБТ форматы мен мазмұны өзгереді
- Қара кемпір
- Қымбатшылық жағдайында қаражат үнемдеу жолдары
- Египет курорттарында акулалардың жиілеуіне байланысты 10 отелдің жағажайлары жабылды
- Интуицияның құпиясы: жүректің үнін ести білу
- Зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметке пайдалану уақытша тоқтатылды
...Алланың құдіреті деп санаймын
Махаббаттың азабына батқан әйел...
Тоқал болғым келеді...
Маржан
Бұл құпияны құрбыңызға да айтуға болмайды…
Қорқынышты кеш
Жездемнің ойы арам екен
Тәуіптер туралы
Жүрек тазалығы
Келін ата -енеге төсек салғаны дұрыс па?
Өлінің астынан өту
Ана соқпағы
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru