2026 жылы Қазақстанда зейнетақы өседі
el24.kz 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы мөлшері 10 пайызға артады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Өсім барлық түрдегі зейнетақыға — базалық, жасына байланысты және жинақтаушы бөлікке қатысты болады.
Министрліктің мәліметінше, индексация нәтижесінде:
-
ең төменгі зейнетақы 104 645 теңгеге дейін,
-
ең жоғарысы 238 412 теңгеге дейін жетеді.
Базалық зейнетақының ең жоғарғы мөлшері де артады — 110%-дан 118%-ға дейін көтеріледі.
Қазіргі таңда зейнетке шығу жасы өзгеріссіз қалады: ерлер — 63 жас, әйелдер — 61 жас. Бұл норма 2028 жылға дейін күшінде болады.
Министрлік мәліметінше, зейнетақы жүйесін жетілдіру бағытында халықаралық тәжірибелер зерттеліп, қосымша ұсыныстар әзірленіп жатыр.


Қымбатшылық пен төмен жалақы: Экономикалық талдау


Зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметке пайдалану уақытша тоқтатылды
el24.kz хабарлайды. Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты (БЖЗҚ) стоматологиялық қызметке пайдалану мүмкіндігі 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап уақытша тоқтатылады. Бұл туралы ресми түрде «Отбасы банк» мәлімдеді.
Неге тоқтатылды?
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың айтуынша, тіс емдеу саласында заңсыздықтар анықталған. Атап айтқанда, жалған құжат рәсімдеу арқылы БЖЗҚ қаражатынан шамамен 200 миллиард теңге заңсыз шығарылған. Осы себепті мемлекет аталған бағыттағы өтінімдерді қабылдауды уақытша доғаруға шешім қабылдады.
Өтінімдерге қатысты не белгілі?
-
15 қыркүйекке дейін берілген өтінімдер заңға сәйкес қаралып, өңделе береді.
-
15 қыркүйектен кейін жаңа өтінім қабылдау тоқтайды.
-
Өтінім қабылдаудың қайта қашан басталатыны туралы қосымша хабарланатын болады.
Азаматтарға ескерту
Мамандар азаматтарға жалған стоматологиялық қызмет ұсынатын ұйымдардан сақ болуды ескертеді. Бұған дейін кейбір клиникалар қызмет көрсетпей-ақ, тек құжат рәсімдеп, зейнетақы қаражатын заңсыз иемденген жағдайлар тіркелген.
Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану мүмкіндігі қоғамда үлкен сұранысқа ие болғанымен, бақылаудың әлсіздігінен теріс пайдалану орын алған. Ендігі мақсат — тәртіпті күшейту және шынайы медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету.


Қырғызстанда өлім жазасын қайтару бастамасы көтерілді
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елде балаларға, әйелдерге және қыздарға қарсы жасалған аса ауыр қылмыстар үшін өлім жазасын қайта енгізуді тапсырды. Бұл жөнінде оның баспасөз қызметі ресми хабарлады- деп жазады el24.kz тілшісі.
Бастама 17 жастағы қыздың қатыгездікпен өлтірілуінен кейін жария етілді. Қоғамда үлкен резонанс туғызған бұл оқиға қылмыстық жаза шараларын күшейту қажеттігін көрсетті.
2007 жылы Қырғызстанда өлім жазасы заңмен жойылған, ал 2010 жылы ел БҰҰ-ның тиісті хаттамасын ратификациялаған болатын. Сондықтан жаңа заң жобасы қабылданса, Конституцияға да өзгерістер енгізу қажет болады.
Жаңа бастамаға сәйкес өлім жазасы балаларға жасалған зорлық-зомбылық, әйелдерді зорлап өлтіру және аса ауыр қылмыстарға қатысты қолданылуы мүмкін.


Махаббат неге ұзаққа бармайды?
el24.kz Әрбір қарым-қатынас басында ерекше сезім мен түсіністікке толы болады. Алайда уақыт өте келе сол жылулық жоғалып, ер адамның көңілі суып кететін сәттер кездеседі. Мұның себебі көбіне әйел адамның байқамай жіберетін ұсақ мінез-құлықтарында жатыр.
1. Артық сын мен ескерту
Ер адам өзін үнемі сын астында сезінсе, ішкі сенімін жоғалтады. Әйелінің қолдауын, жылы сөзін естудің орнына тек кемшілігін көрсе, оның махаббаты біртіндеп суый бастайды.
2. Басқамен салыстыру
“Басқа ерлер әйеліне сыйлық алып береді”, “көршінің күйеуі үй шаруасына көмектеседі” деген сияқты салыстырулар ер адамның намысына тиеді. Ол өзін бағаланбаған, қажетсіз адам ретінде сезінуі мүмкін.
3. Суықтық пен немқұрайдылық
Махаббат тек сөзбен емес, жылы қарым-қатынас арқылы да сақталады. Егер әйел адам салқын, сезімсіз болып кетсе, ер адам өзін алыстатып, үнсіздікке көшеді.
4. Сенімсіздік пен бақылау
Телефонды тексеру, артық сұрақ қою, себепсіз қызғаныш – ер адамды шаршатады. Ол өзін сенімсіз ортада жүргендей сезінеді. Ал сенім жоғалған жерде махаббаттың ұзақ сақталуы қиын.
5. Рақмет айтпау және бағаламау
Күнделікті ұсақ істерге ризашылық білдірмеу – үлкен салқындық тудырады. “Рақмет” деген қарапайым сөздің өзі қарым-қатынасқа жылулық қосады.
Махаббат – үлкен күшті сезім. Бірақ оны сақтау үшін екеуінің де ниеті мен түсіністігі қажет. Ер адам өзін құрметтелген, бағаланған, сенім артылған адам ретінде сезінсе, ол ешқашан алыстамайды.


Маңғыстауда тағы бір әскери қызметкер бензинге уланып қаза тапты
el24.kz Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз жанармай буынан улану салдарынан көз жұмды. Қайғылы оқиға 2025 жылдың 6 қазанында шекаралық бөлімшеде болған.
Оқиға қалай болған?
Алдын ала дерек бойынша, оқиға «Үстірт» шекара бекетінде тіркелген. Сағат шамамен 21:10 кезінде бөлімше бастығы капитан Асу К. сарбаз Еркебұлан Сағындыққа дизель генераторының радиаторын жуу үшін бензин алу жөнінде тапсырма берген.
Сарбаз жанармай сақтау орнына кіргеннен кейін біраз уақыттан соң есінен танып қалған. 21:20 шамасында бөлімнің электрик-дизелисі оның жатқан жерін тауып, алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқан. Алайда барлық шаралар нәтиже бермей, сарбаз оқиға орнында көз жұмған.
Тергеу басталды
Қайғылы жағдайға байланысты Ақтау гарнизонының әскери полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы – «Қызметтік міндеттерге салғырт қарау» – бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Қайғылы оқиғаға байланысты жауапты тұлғалардың әрекетіне баға берілмек.
Марқұм туралы мәлімет
Қаза болған сарбаз Еркебұлан Сағындық 2005 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2025 жылдың көктемінде әскери қызметке шақырылған.
Ол Маңғыстау облысындағы шекара бөлімшесінде қызмет атқарып жүрген болатын.
Қауіпсіздік талаптары күшейтіле ме?
Бұл жағдай әскери бөлімдерде қауіпсіздік техникасын сақтау мәселесіне қатысты сұрақтар туғызды. Сарапшылардың пікірінше, жанармай және химиялық заттармен жұмыс істейтін сарбаздар арнайы нұсқаулықтар мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы тиіс.
Әскери бөлімдерде мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін жан-жақты тексеріс жүргізу және қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажеттігі айтылуда.


Қазақстанда телефон сатып алу өзгерді: нені білу керек?
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
2025 жылғы 24 наурыздан бастап Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізіледі. Бұл өзгерістер заңсыз әкелінген немесе ұрланған құрылғыларды анықтап, олардың жұмысын шектеуге бағытталған,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Негізгі жаңалықтар:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, тегін дәрі-дәрмектерді беру жүйесіне өзгеріс енгізді
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Абай облысында денсаулық сақтау саласына жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында (2024 ж.) Бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС медициналық препараттарды уақытылы жеткізбеу фактілері анықталды.
Конституциялық Соттың шешімі бойынша, жас балаларға күтім жасаған уақыты еңбек өтіліне қосылады
- Подробности
- Категория: Бүгін
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты еңбек өтілін есептеу кезінде жас балаларға күтім жасау уақытын есепке алу тәртібіне түсіндірме берді.
Бұл түсіндірме Әлеуметтік кодекстің 208-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына қатысты болды, онда жұмыс істемейтін аналардың ғана жас балаларға күтім жасау уақыты еңбек өтіліне қосылатыны көрсетілген.
Атырауда зейнеткерді өлтіріп, өртеп жіберді деген күдікті қамауға алынды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
7 ақпанға қараған түні Атырау қаласында қайғылы оқиға орын алды.35 жастағы ер адам өз туысы, 62 жастағы зейнеткерді өлтіріп, кейін оның денесін өртеп жіберген- деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
1- сәуірден бастап еңбекке жарамсыздық парағы электронды форматқа көшеді
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
2025 жылдың 1 сәуірінен бастап еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (больничный) және басқа да медициналық анықтамалардың сегіз түрі тек электрондық форматта беріледі-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Бұл өзгеріс азаматтарға қағаз анықтамаларды алып жүру қажеттілігін жояды, және олардың келісімімен электрондық анықтамалар тиісті мекемелерге жіберіледі.
Демалыс күндері Қазақстанда бұрқасын, жаңбыр болады
- Подробности
- Категория: Бүгін
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Синоптиктердің болжауынша, демалыс күндері еліміздің батысында және солтүстік-батысында антициклондық екпінмен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ақтауда балабақша есепшісі өзінің есеп-шотына заңсыз ақша аударып алған
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Ақтау қаласының прокуратурасымен балабақшада бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректері анықталды ,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Талдау барысында №39 «Хиуаз бөбекжай» балабақшасының есепшісі директорының атынан банк құжаттарына қол қойып, өзінің есеп-шоттарына мемлекет бюджетінен 9 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз аударғаны анықталды.
Алматыда сауықтыру орталығы ретінде жұмыс істеген боди массаж салоны жабылды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Алматыда заңсыз жұмыс істеген 16 боди массаж салоны жабылды. Олардың кейбірі өздерін сауықтыру орталығы ретінде таныстырып, алайда нақты қызметтері заңға қайшы келген.
Бұл жағдайды қала әкімдігі мен құқық қорғау органдары бірлесіп анықтап, тексеру нәтижесінде салондардың заңсыз жұмыс істегені белгілі болды- деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Үкімет басшысы көлік апаттарының жиілеуіне алаңдаушылық білдірді
- Подробности
- Категория: Бүгін
Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов елімізде жол-көлік оқиғаларының көбейіп кеткенін атап өтті. Ол ауа райының қолайсыз жағдайында жолға шықпау жөнінде тұрғындарға дер кезінде ескерту жасаудың маңыздылығына тоқталды- деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
"Қазіргі таңда көлік апаттарының саны алаңдатарлық деңгейге жетті. Әсіресе, ауа райының қолайсыз кезінде жолға шығу үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан тиісті органдар халыққа ескертуді күшейтіп, жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ұсынуы қажет", – деді Үкімет басшысы.
Алмас Кішкенбаевқа ауыр айып тағылды: Бұл шындық па, әлде жала ма?
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
2025 жылдың 31 қаңтарында Алматы қаласында 17 жастағы жеткізу қызметінің қызметкері полицияға арызданған. Оның айтуынша, Алмас Кішкенбаев сыраға тапсырыс беріп, жеткізушіге бірге ішуді ұсынған және оған қол жүгірткен.
Бұл оқиға бойынша әншіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша айып тағылды-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Қазақстанға жаңа циклон жақындап келеді
- Подробности
- Категория: Бүгін
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылдың 30 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды.
Мамандардың айтуынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы солтүстік-батыс циклонының әсерінен қалыптасады. Сонымен, бұлтты ауа райы жауын-шашын, қар мен жаңбыр түрінде болады деп күтілуде.
Алматыда тергеу изоляторынан қашпақ болған күдікті ұсталды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Алматының тергеу изоляторында ұрлық жасады деген күдікпен қамауға алынған адам қашуға әрекет жасады.
Ол қабылданған шаралардың арқасында ұсталды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ қызметтік тергеу басталды, - деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Оқушылар 1 ақпаннан бастап қысқы демалысқа шығады
- Подробности
- Категория: Бүгін
Қазақстандық оқушылар 1 ақпаннан бастап қысқы демалысқа шығады-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Бұл – үшінші тоқсан ортасындағы дәстүрлі қысқамерзімді демалыс. Биылғы оқу жылының ерекшелігіне байланысты кейбір мектептерде демалыс күндері өзгеруі мүмкін, алайда жалпы білім беру ұйымдары үшін белгіленген мерзім сақталады.
Ақша бопсалаған екі блогер ұсталды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады.
Полициядан мәлім еткендей, күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 млн теңге бопсалаған.
– Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 млн теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған.
Страница 12 из 239




Ең көп қаралған
- Өмірімдегі ойранды айту оңай деп пе едің...
- Ғалымдар: Беттегі әжім - ажал жаршысы
- Құда баламен көңілдес болған келіншектің әңгімесі
- Көктемнің мың бір түні...
- Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты
- Аңыз адам ( Пахан зоны)
- Екі бала туған әйелге төсек ләззатын ұқтырған еркек
- Күйеуімді сағындым...
- Күйеуімнің аруағымен бірге тұрып жүрмін...
- Көңілдестерім.Көршім Руслан` (+18)
Соңғы жаңалықтар
- 2026 жылы Қазақстанда зейнетақы өседі
- Махаббат неге ұзаққа бармайды?
- Таразда мектептерге қарулы шабуыл туралы - жалған ақпарат
- Маңғыстауда тағы бір әскери қызметкер бензинге уланып қаза тапты
- Министрлер мен сыртқы саясатқа жауапты лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды — Ақорда
- Бурак Өзчивит Ақтауда: Түркі әлемінің мәдени астанасы атанған қалада түрік актері қонақ болды
- «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға кәсіпкер жаңа көлік сыйлады
- Қырғызстанда өлім жазасын қайтару бастамасы көтерілді
- Ойыншы
- Павлодар облысында 3 жасар қыздың қазасы: әкесі күдікке ілінді
- Қымбатшылық пен төмен жалақы: Экономикалық талдау
- Қазақстандағы "Сталкинг" заңының алғашқы қолданысы: Атырау облысындағы іс
- Санамның құпиясы: жан өлген соң қайда барады?
- Атыраулық тіс дәрігерлерінен 600 млн теңгенің мүлкі тәркіленді
- Қазақстанда ҰБТ форматы мен мазмұны өзгереді
- Қара кемпір
- Қымбатшылық жағдайында қаражат үнемдеу жолдары
- Египет курорттарында акулалардың жиілеуіне байланысты 10 отелдің жағажайлары жабылды
- Интуицияның құпиясы: жүректің үнін ести білу
- Зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметке пайдалану уақытша тоқтатылды
Әкем тойыма келмеді...
Лупаның ажалы шайтаннан болыпты
Әруақпен жүздесу
Махаббат құпиясы: төсектегі тыйымдар
Отбасылы адаммен көңіл қостым…
Тәнінің қайда екені жайында,жаны хабар берген...
Терезе алдындағы қызғалдақ
Адамның 7 қуат көзі (чакралары): әрқайсысының маңызы мен ағзаға әсері
Келіншегімді кешіре алар ма екенмін...
Анам күйеуімді қуып жіберді...
Құлыптаулы абақтадан шығып кете берген Сарымолда әулие
Қазақ қыздың баласын баққан ба?
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru