Қазақстан азаматтары Арменияға енді төлқұжатсыз бара алады
el24.kz 2025 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан мен Армения азаматтары бір-бірінің еліне жеке куәлікпен (ID-карта) кіре алады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Келісімге сәйкес, қазақстандықтар Армения аумағында визасыз және тіркеусіз 90 күнге дейін бола алады. Егер сапар 30 күннен асса, ішкі істер органдарында тіркелу қажет.
Құжатқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қазанда қол қойып, ратификациялады. Армения тарапы да келісімді бекіткен.
Бұл шешім екі ел арасындағы туризмді, бизнес пен мәдени байланыстарды дамытуға бағытталған.


Қазақстанда АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасын көтеруге мораторий енгізілді
el24.kz 2025 жылдың 16 қазанынан бастап Қазақстан Үкіметі АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге мораторий жариялады. Бұл шешім елдегі баға тұрақтылығын сақтау және инфляцияны тежеу мақсатында қабылданды.
Энергетика министрлігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне өңірлерде жанармай бағасын бақылау және заңсыз баға өсіміне жол бермеу тапсырылды. Сонымен қатар, ішкі нарықты үздіксіз отынмен қамтамасыз ету міндеті жүктелді.
Мораторий не үшін енгізілді
Үкіметтің ресми түсіндіруінше, бұл шешім инфляцияны төмендету және халықтың әлеуметтік жағдайын қорғау үшін қабылданған.
Соңғы айларда мұнай мен отын бағасының әлемдік нарықта құбылуы ішкі нарыққа да әсер ете бастаған. Сондықтан мемлекет бағаның негізсіз өсуіне уақытша шектеу қоюды жөн көрді.
Мораторий тек АИ-92 маркалы бензин мен дизельге қатысты, өйткені бұл екі отын түрі халық арасында ең кең қолданылатын және стратегиялық маңызы бар өнімдер қатарына жатады.


Зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметке пайдалану уақытша тоқтатылды
el24.kz хабарлайды. Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты (БЖЗҚ) стоматологиялық қызметке пайдалану мүмкіндігі 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап уақытша тоқтатылады. Бұл туралы ресми түрде «Отбасы банк» мәлімдеді.
Неге тоқтатылды?
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың айтуынша, тіс емдеу саласында заңсыздықтар анықталған. Атап айтқанда, жалған құжат рәсімдеу арқылы БЖЗҚ қаражатынан шамамен 200 миллиард теңге заңсыз шығарылған. Осы себепті мемлекет аталған бағыттағы өтінімдерді қабылдауды уақытша доғаруға шешім қабылдады.
Өтінімдерге қатысты не белгілі?
-
15 қыркүйекке дейін берілген өтінімдер заңға сәйкес қаралып, өңделе береді.
-
15 қыркүйектен кейін жаңа өтінім қабылдау тоқтайды.
-
Өтінім қабылдаудың қайта қашан басталатыны туралы қосымша хабарланатын болады.
Азаматтарға ескерту
Мамандар азаматтарға жалған стоматологиялық қызмет ұсынатын ұйымдардан сақ болуды ескертеді. Бұған дейін кейбір клиникалар қызмет көрсетпей-ақ, тек құжат рәсімдеп, зейнетақы қаражатын заңсыз иемденген жағдайлар тіркелген.
Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану мүмкіндігі қоғамда үлкен сұранысқа ие болғанымен, бақылаудың әлсіздігінен теріс пайдалану орын алған. Ендігі мақсат — тәртіпті күшейту және шынайы медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету.


Қырғызстанда өлім жазасын қайтару бастамасы көтерілді
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елде балаларға, әйелдерге және қыздарға қарсы жасалған аса ауыр қылмыстар үшін өлім жазасын қайта енгізуді тапсырды. Бұл жөнінде оның баспасөз қызметі ресми хабарлады- деп жазады el24.kz тілшісі.
Бастама 17 жастағы қыздың қатыгездікпен өлтірілуінен кейін жария етілді. Қоғамда үлкен резонанс туғызған бұл оқиға қылмыстық жаза шараларын күшейту қажеттігін көрсетті.
2007 жылы Қырғызстанда өлім жазасы заңмен жойылған, ал 2010 жылы ел БҰҰ-ның тиісті хаттамасын ратификациялаған болатын. Сондықтан жаңа заң жобасы қабылданса, Конституцияға да өзгерістер енгізу қажет болады.
Жаңа бастамаға сәйкес өлім жазасы балаларға жасалған зорлық-зомбылық, әйелдерді зорлап өлтіру және аса ауыр қылмыстарға қатысты қолданылуы мүмкін.


Қарағандыда 15 жастағы қызды “әйел қылған” ер адам сотталды
Қарағандыда 38 жастағы ер адам 15 жастағы қызға қатысты заңсыз әрекеттері үшін сотталды. Бұл туралы el24.kz тілшісі сот материалдарына сілтеме жасап хабарлады.
Тергеу дерегінше, жәбірленушінің анасы мен өгей әкесі оны шариғат бойынша тұрмысқа бермек болған. Алайда қыз келіспеген. Биыл наурыз айында өгей әке қызды 38 жастағы ер адамға Қарағандыға жіберген, сол жерде қылмыс жасалған.
Сот күдіктіні ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы («Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу») бойынша кінәлі деп танып, 17 жылға бас бостандығынан айырды.
Сонымен қатар, сот үкіміне сәйкес ол өмір бойы білім беру саласында және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынды.
Прокуратураға қыздың анасы мен өгей әкесінің әрекеттерін қылмыс құрамына жатқызу тұрғысынан тексеру тапсырылды.


ІІМ басшысы: алкоголь тек арнайы дүкендерде сатылуы тиіс
Қазақстан Ішкі істер министрі Ержан Саденов алкоголь өнімдерін тек мамандандырылған дүкендерде сатуды ұсынды,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, елде мас күйінде жасалатын қылмыстар азаймай отыр. Жыл сайын шамамен 10 мың қылмыс, оның ішінде 1,400-ден астамы ойын-сауық орындарында тіркеледі.
Сондықтан ІІМ мынадай шектеулер енгізуді қарастыруда:
- алкоголь тек арнайы лицензиясы бар дүкендерде сатылуы;
- түнгі уақытта сату шектелуі;
- үйге жеткізу және онлайн-сатуға толық тыйым салу.
Ержан Саденовтың сөзінше, бұл шара толық тыйым емес, тек реттеу және қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.
«Түнге дейін ішіп отыру – дұрыс емес. Алкоголь тек белгілі уақытта және арнайы орындарда сатылуы керек», — деді министр.
Қазір бұл ұсыныс талқылау кезеңінде. Сарапшылар оның тиімділігі мен ықтимал салдарын қарастырып жатыр.


Қара адам
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Осы бір қара адаммен «дос» болғаныма он жылдың жүзі болды.
Күндіз аса көп көріне бермейді. Қасымда адам болса, анандай жерде тұрады. Жақындамайды. Көзімнің қиығымен көріп отырамын. Ал ешкім жоқ болса, қасыма кеп алады. Ал түнде... айту да қорқынышты. Көзім ілінсе болды, үстіме мініп отырып алады да, буындырады. Содан тынысым тарылып, жан - дәрмен жанталасып жатамын.
Страница 240 из 240