Австралиялық полицейлер радиостудияға басып кіріп, жүиргізуші Джен Фрикерді сүйіп алған қаңғыбасты тұтқындады.
Оқиға 5 қыркүйекте болған. Қаңғыбас күзет қызметіне байқатпай кіріп, студиядағы сүйкімді жүргізушіні сүйіп алып, қашып кеткен. 31 жастағы күдіктіні құқық қорғаушылар орталық вокзалда ұйықтап жатқан жерінен тапқан. Оған адам аңдығаны, ғимаратқа заңсыз кіргені және шабуыл жасағаны үшін айып тағылған. Қазір ол сот-психиатриялық сараптамадан өтіп жатыр.



Дереккөз: lenta.ru

reactor.inform.kz