Мысыр соты сақал қоятын полицейлерді қызметтен шеттетуді қолдады. 

Каирде сақал қоятын полиция офицерлері сот шешімімен жұмыстан қуылады. Мысыр заңына сәйкес, тәртіп сақшылары сақал мен шаш өсіріп, өзінің діни сенімін жұртқа жария қылмауы тиіс.    
 
2012 жылы Мысырда билік исламшылдардың қолына өткеннен кейін сақал қоятын полицейлер сот арқылы діни сенімінен бас тартпауға мүмкіндік алған еді.  Дегенмен енді Ішкі істер министрлігі басшылығын сақал қойғаны үшін жұмыстан қуылған полиция офицерлерін қызметіне қайтарып, бұрынға шендерін қалпына келтіруге міндеттеген әкімшілік соттың шешімі күшін жойды.    
 
 
Дереккөз: Sputnik