Кандидатқа қандай да бір нақты талап қойылып отырған жоқ: ол кәсіби шеберлікті қажет етпейтін әртүрлі жұмыстарды атқарады.

Австралияның антарктика бөлімі Антарктидадағы станцияға қара жұмысшы іздеп жатыр: өтініш берушіге 126 мың доллар көлемінде жылдық жалақы ұсынылды.  Кандидатқа қандай да бір нақты талап қойылып отырған жоқ: ол арнайы немесе кәсіби шеберлікті қажет етпейтін әртүрлі жұмыстарды атқарады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
 
Жалақыдан басқа, ол қызметкерге 40 мың доллар көлемінде арнайы жәрдемақы беріледі.
 
Сонымен бірге, қызметкердің тамағы мен жүріп-тұру шығынын бөлім өз мойнына алады. Кандидат іріктеудің екі кезеңінен өту керек: онда адамның ептілігі мен тұрақты шағын ұжымда қаншалықты ұзақ жұмыс істей алатындығы анықталады. Бұл бос жұмыс орнына кез келген адам өтініш бере алады – бөлім құжаттарды 2020 жылдың 23 қаңтарына дейін қабылдайды.