Жанкүйерлер Мәдинаның соңғы кездері өзгергенін және бұрынғыға қарағанда сұлулана түскенін байқаған. Көзі үлкейіп, бет пішіні айқындала түскендей.

 Әрине, өзгеріс назардан тыс қалған жоқ. Әншінің оқырмандары ұзақ ойланбастан оны көптеген атақтылар сияқты пластикалық хирургияға жүгінді деп болжады. Көпшіліктің пікірінше, әнші блефаропластика жасатып, көзін ұлғайтқан.

«Өзгердім сәл…» — деп тұспалдады Мәдина Сәдуақасова.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың ортасында Мәдина Кореяға аттанып, онда бірнеше апта өткізді. Әртіс өз сапарын еш жерде жарияламады, алайда таныстарының айтуынша сапарының мақсаты дәл осы хирургия болған.

365info.kz