Болған оқиғаның ізімен...

Ғани Әлихан

Бәйбіше не десін , Сәкең жақсы адам дегеннен басқа жауап ала алмадым . Онан әрі тәптіштеп сұрап жатуға менің шамам жетпеді . Несіне езе берейін өзі аурудан көз ашпаған қатыннан не сұрайсың . Менің болса ақылым айран . Сонда да сұрақты төтесінен қойып тікелей төсекке тірегім келген . Алайда қазіргінің жастары төсектен басқа айтпай ма деп ойлап қалар деп тағыда үнсіз қалдым .

Оның үстіне шам алып қарап тұрайын ба ?- десе не деймін . Ойбай ұят . Онан да Сәкеңнің өзімен сөйлесейін деген оймен түс қайта жұмысыма тарттым . Жұмыс болғанда адам өлетін жұмыс жоқ , тек қаншама дәрі - дәрмек сатылды және де қанша ақша кассаға құйылды соны анықтау . Бұл жұмысты да соңғы төрт айда жілігін шағып майын ішкенмін . Осылайша жеті дәріхананың жетеуіне де кіріп ақшасын қалтаға басып шығу ғана . Ал қандай дәрі қажет қандай дәрі өтімді оны қарайтын , заказын беріп алдыратын Сәкеңнің өзі . Онда менің шатағым жоқ . Бүгін де түске дейін үш дәріхананың ақшасын әкеп үйге қойғанмын . Сол кездегі есеппен бес жүз мыңнан асады , яғни бұл аз ақша емес . Сонымен түс қайта қала шетіндегі дәріханаға кіріп отыра бергенім сол екен телефоным шырылдай түсті . Әрине бейтаныс номер .
- Алло тыңдап тұрмын- дедім тұтқаны көтеріп . Сөйтсем 
- Сәлем Сабаш қалайсың ?- дейді арғы жақтағы дауыс . ( достарым мені Сабаш дейтін ) Тұла бойым дірілдеп кетті . Әй мынау маған таныс дауыс қой . Бұл кезінде мектепте бірге оқыған Асылбек деген сыныптасымның дауысы . Ия , ия тап өзі . Асылбектің даусын танымай ақылдан азғаным барма . Өйткені бұл менің алғашқы махаббатым ғой . Өзі сұлу да, сымбатты жігіт . Кезінде ессіз ғашық болып соңынан қанша жүгірсем де қарамай қойғаны бар .
- Нөмеріңді Айшадан алып едім - дейді . Не дерімді білмей қалдым .
- Қай Айша?- деппін сасқалақтап .
- Айша ше?- дейді . Сағынбаева Айшада сыныптағы . Өзіміздің Болаттың келіншегі . Алматыдан кеше келгенмін . Ауылда жүрмін . Алла қаласа сен жаққа да өтермін . Сені Астанада -дейді ғой рас па ? 
Сосын тағы да бір әңгімелер естіп жатырмын , ол да рас па ?-дейді . Әрине Асылбектің не айтып тұрғанын тезде түсіндім ғой . Әңгіме мен жайында болып тұр . Менің кәрі шалға тоқал болғанымды айтып тұр .
- Ия рас , енді солай боп қалды -дедім өксігімді басып . Сонымен біраз сөйлесіп барып байланыс үзіліп кетті . Шамам жетіп мен қайта қоңырау соқпадым . Олда хабарласпады . Бірақ осы қоңырау мені күрт өзгертті . Ойыма сол Асылбек жиі түсетін болды . Ғашықтық деген дерт жүрегіме қайта жабысты . Сәкең жайына қалды . Адам дегеннің өзгере салуы , ақ жолдан таюы екі - ақ елі екен ғой . Қалаға тезірек келіп хабарласса екен деген үмітім қайта оянды . Сарғая күткендей күйге жеттім . Күтпей қайтейін , кезінде осы Асылбекті өлердей сүйгенім бар . Қысқасы мені міне құдай ұрды . Өйткені некелі байым тұрып некесізді күттім . Бірақ некелі байдан не пайда ? Түнделетіп келіп етегімді түрмесе ... Жақ ашпаса , жан жылуын сыйламаса ... Мені өзіне тең көрмесе ...менде қандай кінә бар ? Еркек деген ез болмай қатынға қараса екен . Неке қиғанымызға аптадан өтсе де мына сорлыда үн жоқ . Сонда ғана сор басым мен Сәкеңді сүймейтінімді , тек сыйлайтынымды ұқтым . Себебі кешегі соғылған қоңыраудан соң сүю деген ол басқаша болатынын түсіндім . Қысқасы қан жұтқан күндерім жалғасып жатты . Не Сәкеңнен,не Асылбектен хабар болмады . Бейкүнә періште боп мен де жүре бердім . Енді бір күн анамнан қоңырау жетті . Ақ жүректі жаны таза    , денсаулығымды сұрап күтініп жүр қызым дейді . Себебі шілдеде жүр деп ойласа керек . Бірақ байғұс ана қызы қандай күйде жүргенін қайдан білсін . Онікі әйтеуір жанашырлық қой . Қысқасы осылай жүріп тағы бір апта жүгіріп өте шықты . Сәкеңнің сол баяғы жүрісі , қанша күтсем де келмеді . Енді менен шыдам кетті . Өзім де медик емеспінбе сырттай бұл адам белсіз адам яғни " импотент " деген диагнозды қойып үлгірдім . Ендігі қалған бірде бір жолы өзімен тікелей сөйлесіп шешу ғана . Сондағы ойым басымды ашықтап алу . Сол үшінде жеке сөйлесуім керек . Және де бұл әңгіме екеуміздің ғана арамызда қалуы керек . Не бөтен біреу ,не қыздары тіпті бәйбішесі де білмеуі керек . Осылайша соңғы шешімді қабылдап қоңырау соқтым . Ойында түк жоқ сорлы 
- Әу, Сабираш ?!-дейді . 
- Қайдасыз ?Сөйлессек деп едім - дедім .
- Аа , мен орталықтағы Гиппокараттамын , товар қабылдап жатырмын -дейді . Демек кем дегенде тағыда екі - үш сағатсыз Сәкең босамайды . Өйткені ол біздің ең үлкен дәріхана . Тіпті осы қаладағы ең үлкені десем де болады . Оған келетін товар үлкен фуралармен келеді . Бұл біраз уақытты алады . Қысқасы бүгін де бұл адаммен сөйлесу бұйырмайды деген сөз . Өйткені осыдан соң шаршап үйге барады . Одан кешкі асын ішер - ішпес бәйбішенің бөлмесіне кіріп қарасын батырады . Сонда деймін де , бәйбіше де қызық . Бар анау жас тоқалыңа бар демей ме екен ? Мүмкін дейтін де шығар ,бірақ ол менің жатын бөлмеме жоламайды . Сонда бұрынғы қазақ екі - үш қатынмен қалай өмір сүрді екен деймін . Себебі бір гәзеттен оқығаным бар еді : Қазіргідей көп бөлмелі үй болмаған соң , киіз үйді пердеше асып бөлмелерге бөлген ғой . Содан бір үйдің іші болғандықтан бәрі бірі - бірін көріп , біліп жатпай ма ? Тоқалға шапқан шалды бәйбіше шақырып , ал бәйбішеге шапқан шалды тоқал ыңырсып шақырған деседі . Сонда атам қазақ соның бәріне домалап жүріп үлгірген екен . Ал мына бізде бәрі басқаша . Жағдай жеткілікті . Үй болғанда да қандай үй ? Ана бұрышпен мына бұрышқа домаламақ түгіл жортып отырып әрең жетесің . Сонда да мына сорлыдан қайран жоқ . Демек бұл импотент . Не мұны емдеу керек не мұнан құтылу керек . Өйткені ойда жоқта қалаға Асылбек келе қалса ше ? Онан Алла тағалам бала бере салса ше ? Онда бұл мыналарға үлкен күдік тудырары сөзсіз . Не деймін не айтамын , күлге аунап таптым деймінбе ? Қысқасы менің күнім құрысын . Тап осыдан Сәкең қолыма түсер болса бәрін айтамын , бетіне айтамын . Соңғы шешімім осы . Бітті ! Үндемесем тоқал емес күңге айналып барамын тіпті . Қысқасы ертесі күні сорлы Сәкеңмен сөйлесудің сәті түсті . Сұрақты төтесінен қойдым .
- Мен сізге кіммін , айтыңызшы?-дедім . Сорлының аузына сөз түспей қалды . Мен онан сайын қадала түстім .
- Мен кіммін? Мен сізден жауап күтіп отырмын . Шынымды айтсам не белде жоқ, не бесікте жоқ ойда ғана бар бала сияқтымын . Мен бәрінен шаршадым . Мынандай жүріс маған керек емес . Сізге тоқал болам деп ел жұртқа күлкі болдым . Енді анамның бетіне қалай қараймын . Құрбы құрдастарыма не айтамын ?- деп ішімдегінің бәрін тізбектей жөнелдім . Енді Сәкең сасайын деді . Менен мұндайды күтпегені рас . 
- Ау, Сабираш  ! Жаным тоқташы , не деп кеттің өзің ? Мен саған оны қалай түсіндірсем екен . Бері қарашы , ашуыңда басшы - деп құрақтай ұшты . Міне, мен Сәкеңді осылайша құрдай жорғалаттым . Қорыққаны көздерінен көрініп тұр . Мұны білгенде онан әрі үдей түстім .
- Қайдағы түсіністік?-деймін . Қайдағы ... қашанғы мен осылай қу басымды құшақтап жүрмекпін . Екі апта өтті емес пе ? Жаным деп тілмен айтқанша жаныма неге келіп жатпайсыз , неге жақындамайсыз ? Әлде денсаулығыңыз жоқ па?-деп қойып қалдым . Мына сөзге беті бозарып кеткені соншалық от шашқан көздері маған тесіле қарады . 
- Мен оны сүйемін, ал сені сыйлаймын . Маған мұндай артық әңгіменің керегі жоқ . Мен сен ойлағандай ауру еркек емеспін . Егер сенің күткенің сол болса бүгін ақ қасыңа қонамын . Тек жиырма жыл отасқан жарымның көзінше сенің құшағыңда жатқым келмейді Сабираш . Сосын сен өзің айтқандай пәктігің бар қыз емессің бе ?Қайда асығып барасың ?Еркек көрген қатын болсаң ол бір жөн . Түсінер едім . Ал мұныңа жол болсын?Енді тек күтесің , сабыр сақтайсың деп қайтарып тастады . Осымен сөз бітті . Орнынан тұрды да шығып кете барды . Сумкаммен кілтімді алып мен де ере шықтым . Әңгіменің қысқасы бәйбішенің өлімін күткеннен басқа амалым қалмады . Ал арадан үш күн өткенде қалаға Асылбек келді . Осылайша өртпен судың ортасында қалдым . Бәрін тастап Асылбекке еріп кеткім келді . Бірақ оған мына үйдегі байлық жібермеді . Байлықтан бұрын арым жібермеді . Қанша айтсам да ауылдың қызы есеспін бе, Сәкеңді күткеннен басқа жол таппадым . Ал бәйбішенің денсаулығы бір қалыптан өзгермеді . Сөйтіп жүргенде арадан тағыда ай өтті . Сонда да мен не әрі болмадым, не бері болмадым . Бірақ сол сөйлекеннен кейін Сәкеңнің маған деген көзқарасы өзгерді . Бұрынғыдай емес өзіне жақын тарта бастады . Үйде үндемеседе жұмыста жүргенде жаным деп сөйлейтінді шығарды . Еркелетіп қалжыңдайтынды шығарды . Ал мен деп келген Асылбек құр қол қайтты . Есім ауып тұрса да жауабын беріп шығарып салдым . Өйткені еркекте ес жоқ деген рас екен . Ас қасыққа тік қасық болмақшы . Содан күдерін үзіп ол кетті . Сөйтіп жүргенде мамыражай мамыр жетті . Бәйбішенің денсаулығы өзгерді . Тіпті беті бері қарап қалды . Жолға жарамды болып Сәкең екеуі Алматының Шонжасына кетті . Үмітсіз шайтан деген осы ғой сол жерде шәймен емдейтін Әулие шығыпты дейді . Ал менің өмірім сол қалпы өзгермеді . Дәріхананың жұмысымен үй тірлігі ешқайда мойын бұрғызбады . Ол аздай товардыда өзім қабылдап жүрдім . Сөйтіп жүргенде тосыннан сый келді . Басы салбырап Сәкең жалғыз өзі кіріп келді . Бәйбішенің жағдайы біршама жақсарып төбесі құрғап сүйек өсе бастапты . Әрине бұл ешкім күтпеген жағдай болды . Алланың құдіреті шексіз ғой , өледі деген бәйбіше өз аяғымен жүріп тұратын күйге жетіпті . Бірақ бұл оқиға мені онан сайын тығырыққа тіреді . Енді маған қалайда Сәкеңді тұсаулап алу керек болды . Олай болмаған жағдайда менің құр алақан қаларым сөзсіз екені анық . Сол үшін ертеңгі туған күніме сый алғым келді . Дөңгелек үстелге бәрін салып жайнатып қойдым . Анаммен бауырларымнан құттықтау естіп Сәкеңнің сыйын күттім . Көп өтпей қаладан ол да жетті . Жалтылдап тұрған жаңа көліктің кілтін сыйға тартты . Алайда бұл өзінің емес бәйбішенің сыйлығы екенін айтып жылы лебізін білдірді . Сөз соңында бақытты болғаймыз деп қосып қойды . Бұл сөзге мен құрақ ұшып шексіз қуандым . Орнымнан атып тұрып мойнына асыла кеттім . Дегенмен есік көрген еркек емес пе ақ төсекке атып ұрды . Сонан соң ... сонан соң көзіме көк шыбын үймелетті . Құдайдың өзі кешірсін импотент деп жүрген Сәкенім, жанымды жаһаннамға жіберіп ұяшығымның тас - талқанын шығарды . Ол аздай соққан үстіне соққылай түсті . Өзі иіліп тұрған қызды аясын ба ұршықша иіріп таңға дейін тыным таптырмады . Міне, міне енді мен арманыма жеттім . Өйткені тоқал болып осы үйдің толыққанды мүшесі атандым ...

(жалғасы бар)