Болған оқиға ізімен...

Ғани Әлихан

Бүгін өзі мазам болмай салым суға кетіп жұмыстан шыққанмын . Жаз басталғаннан тұмау жұқтырдым ба білмеймін , қалтырап - дірілдеп үйге әрең жеттім . Аулаға кіргенше ойыма келмеген , бүгінде тоқтаған көлігімнен түспей тұрып зәулім үйге көз жүгірттім . Өйткені бұл үй маған бұрында жұмақ көрінсе, тап қазір тозақ көрініп жүр . Сол үшін де көліктей түспей жан - жағыма қарайтынды шығардым . Қиялымда құдды бір жаналғыштар босағада күтіп тұрғандай болады да тұрады .

Бойымдағы бұл қорқыныш күннен - күнге үдей түспесе басылатын түрі жоқ . Өйткені әлденеден күдіктенетін сияқтымын . Ойбай құдай сақтасын , әне тұр . Екінші қабаттағы бәйбішенің терезесінен біреу сығалап қарап тұр . Жарықты да сөндіріп тастапты . Алайда ашық тұрған есіктен жеткен жарықтан перде артынан сығалаған біреудің сүлбесін анық көрсетіп тұр . Жалма - жан көлігімді іштен іліп алдым . Тіпті от алдырып үлгірдім . Сөйттім де « бісміллә» деп алып әлгі терезеге қайта үңілдім . О, жаратқан ием , сақтайгөрші мені . Міне, міне  енді ешкім жоқ . Терезеден сығалаған сүлбе ізім - ғайым жоқ болды . Енді маған бәрі де айдан анық бола бастады . Мені бұлар сырттай бақылауға алған екен ғой . Сонда неден күдіктенеді ? Жүргіш қыз дейме екен ? Әлде жезөкше дейме екен ? Менің кеше ғана қыздығыммен қоштасқанымды бәйбіше білмесе де байсымағым білуге тиіс қой . Жо - жоқ , олай емес . Менен олар ешқандай да күдіктенбейді . Олар мені басқа ниетпен бақылауға алған . Оларға мен емес , менің құрсағымдағы балам ғана керек . Ал өзім түкке де тұрмаймын . Сол үшін де мыналардан ертерек құтылуым керек . Немесе құрсағымдағы баладан құтылуым керек . Міне мен осыны ойлағанымша болмады сыртқы есік айқара ашылды . Сөйтті де аузы басын тұмшалап , ұзын көйлегін сүйреткен біреу маған қарай аяңдай берді . Қорыққанымнан көлік тізгінін қыса түстім . Тұла бойым қалшылдап кетті . Қорықпай қайтейін мына келе жатқан жан алғыш жалмауыздың тап өзі . Міне , міне жетіп те қалды . Тіпті жақындай түсті . Жүзіне қарамауға тырысып бақтым . Ол болса көлік терезесін қағып тұр . Амалсыз мойнымды бұрып бетіне қарадым . Сонда ғана ес жия бастадым . Өйткені бұл бәйбіше еді .Сөзін естімесем де бірдеңелер деп сөйлеп жатты . Сонда ғана мен есікті ашып көліктен түскім келді . Алайда орнымнан тұра алмадым .Аяқ қолым дегеніме көнбей қойды . Енді маған бәйбіше көмектесуге кірісті .Маңдайыма суық алақанын басқандай болды . Сөзіне әрең дегенде түсіне бастадым .
- От боп тұрсың ғой сіңлім – ау- дейді . Неғып көліктен түспей отыр десем қозғалуға шамаң жоқ екен ғой- дейді . Сонан қалтасындағы телефонын алып Сәкеңе қоңырау соғып тезде жетуін сұрады . Онан жедел жәрдемге хабарласты .Осының бәрін мені сүйемелдеумен жүріп жасады . Өзі жарымжан сорлы әупірімдеп жүріп жатын бөлмеге кіргізді . Төсегіме жатқызып қан қысымымды өлшеді .Білегімнен ұстап тамырымды басып тың - тыңдады .Сол аралықта жедел жәрдемге қайта хабарласып тездетіңдер -деп бұйрық берді . Үйдегі қобдишадан алып ине екті . Ал мен болсам тек ішкі дүниеммен арпалысып жата бердім . Өйткені сөйлеуге шамам келмеді , денемді қозғай алмадым .Өн бойымды ауыр салмақ басып жатқандай сезілді .Тек құрсағымда бала барын білмесе екен деп армандаумен болдым . Арадан қанша уақыт өткенін білмеймін , алып ұшып Сәкең жетті . Оның соңынан іле - шала жедел жәрдем жетті . Онан соңғысы есімде жоқ . Мен ұйқыға кеттім . Сол жатқаннан мол жатып ертесіне ғана бас көтердім . Енді менің басыма қара бұлт үйірілді . Бөлмеме келген бәйбіше сүйінші сұрап жатты . Жүзінен күлкі көрсем де жүрегінен көре алмай қатты қиналдым . Меніңше мысқылдайтын сияқты . Үстімнен күлетін сияқты . Жасырғандары бар сияқты . Қысқасы бір қорқыныш бойымнан кетпеді . Ішімдегіден құтылу ойымнан кетпеді . Сол үшін де тезде орнымнан тұрып жұмысқа шықсам екен деп армандадым . Өйткені дәріханама жетсем баладан құтылудың жолын табатыныма көзім жетті . Қолдан түсік тастап, түсіп қалды десем кім сұрап жатыр . Ал енді мен неге мұны айтып отырмын . Неге түсік жайлы ойлап отырмын . Өйткені мен төсек тартып жатқалы Сәкеңмен бәйбішенің өзара сыбыры көбейді . Күңкілдеп сөйлесіп кейде ымдасатынды шығарды . Ол аздай маған деген көзқарастары өзгеріп шыға келді . Бір үйдің іші болған соң бұл менің жаныма батты . Біле - білгенге бұл деген қиынның да қиыны . Қой бүйткен тоқалдығы құрсын , бүйткен байлығы құрсын деп жаттым . Енді маған ішімдегіден тезде құтылмасам болмайды . Сол үшін де осындай шешім қабылдадым . Алайда мен өз дәріханама жете алмадым . Өйткені денсаулығыңа күтім керек , доктор солай айтты деген бәйбіше менің жұмысқа шығуыма тиым салды . Тіпті орныңнан тұрып көп жүруге болмайтынын ескертті дейді . Міне, міне  менің ойым мені алдамаған екен . Бәрі де мен ойлағандай боп жалғасып жатты . Өйткені бұл дегенің жәй ғана алдап қою екенін түсіндім . Жұмысқа жібермей көзден таса ұстау деп түсіндім . Ол аздай қазірше ешкімге айтпай ақ қойшы дейді . Тіпті мамаңа да айтпашы, соңында сюрприз жасайық дейді . Неге десем , тіл көзден сақтаншы , Сакеңе мұрагер сыйлашы дейді . Сосын сырттай кеп айналып толғанғанымен іштей ұры көзбен ұрлана қарайды . Мүмкін өзі тумаған ұлды мен туғанымды қаламайтын шығар . Мүмкін қызғанатын шығар , кім білсін . Мұны білетін тек өзі ғана ал маған қараңғы . Қысқасы енді менің қалаға шығуым мұңға айналды . Қорыққан үстіне қорқа түсіп көзіме қос көрінді . Ол аздай өздері де бақылауды күшейтті . Әр жарты сағаттан кеп есігімнен сығалайтынды шығарды . Әрине сырт көзге мұның барлығы менің денсаулығыма алаңдағандай сыңай танытты . Осылайша менің ойым дөп келді . Өйткені бұл екеуі мен баланы туғанша асықты . Ал менің болса басым қатты . Сөйтіп жүргенде ойда жоқта есіме Асылбек түсе қойды . Бәйбішені аңдып отырып сыртқа кеткенде номерін тердім .
- Ау Сабаш , қалайсың ?- дейді ойында түк жоқ сорлы . 
- Жақсымын , бәрі жақсы менде . Асылбек Астанаға келсең хабарласшы сөйлесейік -дедім . Мұндай сөзді күтпеген сорлы қатты қуанып кетті . 
- Егер аса қажет болсам , ертең - ақ келейін . Тек құр қол қайтпасам болды - дейді қулыққа салып . Ойбуй енді не десем екен . Құр қол қайтпасам деген сөздің астарын тез түсіндім әрине . Өткен келгенде қырындап көрген . Бірақ мен қарсы болғанмын . Сол үшінде құр алақан кеткен . Енді келсе оған ешқандай кедергі жоқ . Боларым болып бояуым сіңді ғой менің . Оның үстіне ол маған ұнайтыны тағы бар . Өзі де кет әрі емес . Өйткені сол келгенде менің жүріс тұрысыма қатты таң қалған . Уысымдағы ақшаны көргенде тіпті де есі кеткен . Сонда айтқан сөзі бар еді . Уәдесі бар еді . Сабаш , сен тек қана менікі болшы . Мен сен үшін бәріне де дайынмын деген болатын . Міне сол мүмкіндікті неге маған пайдаланбасқа ... неге мына екеуінен кек алмасқа ... неге екеуінің де көздерін құртпасқа ? Тіпті бұл дегенің дұрыс сияқты ғой ! Егер бәріде мен ойлағандай болса ... бәрі де Асылбек екеумізге қалса ... онда мына бізде арман барма ... Қысқасы көп сөйлесе алмаймын , өзің білесің ғой , қалаға келсең хабарласшы . Бірақ қоңырау соғушы болма . Тек хабарлама жаз жаным . Давай пока деп тұтқаны тастай салдым . Арадан үш күн өткенде Асылбектен " мен Астанаға жеттім , қайдасың " деген хабарлама жетті ...

( жалғасы бар )