Анашым, жетер енді. Мені бұлай азаптамаңыз. Қашанға дейін сол әйелдің айдауына көнуіміз керек?
- Уәде беремін. Осымен бәрі бітеді. Мен енді Мөлдір мен Лаураның атын аузыма да алмаймын. Бар бәле осымен кетсін. Сұрағанын берейік.
- Анашым...

-Білем, Лаураны ұмыту оңайға соқпайды. Бірақ бір түсінгенім екі таңдаудың біріне тоқталуым керек екен. Сенің өміріңді ойрандауға хақым жоқ. Онсыз да саған көрсетпеген қорлығым қалмады.
- Түсініңізші, менде Лаура үшін алаңдаймын. Бірақ заң бар емес пе? Ол қашан бой жетіп өз таңдауын жасай алатын кез келгенше оны анасынан ажырата алмаймыз.
- Сен не десең де көнемін. Тек мына темір қапастан аман-есен босанып шықшы ұлым.
Кездесуге берілген уақыт аяқталып, ана мен бала бір-бірін қимай қоштасты.
Шерханның темір тұлпарын Берік сатып Мөлдірдің сұраған ақшасын апарып берді. Осылайша Мөлдір өз арызын қайтарып алып Шерхан бостандыққа шықты.


Үйден береке қашқан. Бастары бірігіп, дастархан басына жиналмай, отбасы түгел жан-жаққа ыдырап кетті. Әсияның үш ұлы да күн шыққаннан жұмысқа кетіп, қараңғы түскенде бірақ келеді. Әсия таңнан кешке дейін Лаураның киімін иіскелеп, құшағына басып сағынышын басады. Жылай - жылай көзінің жасы таусылуға шақ. Үй еш бір тірі жан тұрмайтын үй секілді.

Бұл тыныштықты бір топ ер адамның дауысы бұзып жіберді. Есіктің алдына гүрілдеп келіп жүк көлігі тоқтады. Мөлдірдің анасы бір топ жігіттерді ерте келіп үйдің астан -кестеңін шығарып кезінде Мөлдірдің артынан келген дүниенің барлығын түгел жинап алып кетті.

Тоңазытқыштағы астың бәрін жан - жаққа лақтырып төгіп- шашып, төсеніш кілем, жиһаз ға дейін түгел жинап алып кетті. Әсияны тыңдап елеген бір адам жоқ. Жатын бөлмеде тұратын марқұм Ғазиз ұлының суретінің айнасы сынып байғұс ана сол суретке қарап отырып егіле жылады. 

Ананың ұлына деген сағынышын өлең жолдары мен жеткізіп көрейін.

Сезім шіркін көңілдерді кернеген,

Қимастықтың күйін шертіп тербеген.

Күтпеп едік, көріп жүрміз бүгінде

Қиындықты біздер бұрын көрмеген.

Сағыныштан жүрек тулап алқынды,

Жылағаннан көз жасым сарқылды.
Жол апаты болған сол бір күрең күзде

Мәңгілікке жоғалттым өзіңдей алтынды.

Бақыт дейді, бақыт бар ма жалғанда?

Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанға.
Өзімді мен санаушы едім бақытты,
Төрт ұлым да ортамызда болғанда.
Алла алды, өзі берген жандарын.
Тілеймін мен жұмақтан орын болғанын

Туыс, бауыр, достарыңнан сұраймын.
Дұға оқып, естеріне алғанын!
Көре алмай тіршіліктің көп қызығын,
Тата алмай шаттық өмір тәттілігін.
Жарқырап келе жатқан жұлдызым ең,
Әттең-ай! Ерте сөнді-ау от-ғұмырың.
Қыраным ең шырқар биік аспанға,
Айналардай ұлым едің мақтанға.
Пенделіктің ашпай жатып пердесін.
Періште боп ұшып кеттің аспанға.
Шаңырақтың еркесі едің, серкесі едің,
Өнердің еншілеп ең ерте шебін.
"Анашым " деп өткен асыл құлыным-ай,
Жамбасыңа батпасын жер төсегің!

Әсия көз жасын көл етіп отырғанда ұлдары жұмыстан келіп, айналаға көз жүгіртіп не болғанын бірден түсінді.
-Айттым ғой мен сізге заттарын түгел сыртқа шығарып тастайық деп.
- Анашым жыламаңыз.
Берік ашуға бұлығып үйден шыққалы жатқанда Әсия тоқтатып қалды.
- Жетер, жетер бәрі бітсін. Менің ол арсыз келін мен күресуге дәрменім қалмады. Жолама оларға. Қалағанының бәрін алсын. Тек бізді тыныш қойсыншы.
- Анашым, жыламаңыз.
Үш ұлы жан - жақтан анасын құшақтап жұбатып, көзінің жасын сүртіп, үй ішін ретке келтірді.
Бірі еден жуып, бірі сыпырып жұмыстан шаршап келгендеріне қарамастан таңға дейін тыным таппады.

Әсияның бар ойы Ғазиз ұлының жалғыз ізін жалғар қызы Лаурада. Күні - түні, ойлай - ойлай ой түбіне жете алар емес. Күндіз күлкі ,түнде ұйқыдан айырылды. Ел жұрт арасында жайылған бұл отбасы жайлы түрлі өсектер Әсияның құлағына да жетіп отырды. Тесік құлақ болған соң естімеуі мүмкін емес қой. Әр адамның сөзін жүрегіне жақын қабылдап, жүйкесі жұқарып дәрмені таусылып, өмірге деген құлшынысы төмендеп төсек тартып жатып қалды. Анасы үшін қатты алаңдаған ұлдарынан да маза кеттті.
- Анашым, бұл жерден көшіп кетейікші.
- Балам ау, қайда барамыз?
- Бізді ешкім танымайтын басқа қалаға қоныс аударайық. Жаңа орта, жаңа дос табайық.
- Әкеңнен қалған, Ғазизімнің иісі сіңген мына үйді қалай қиып тастап кетемін? Бұл үйдің әр бұрышы естеліктерге толып тұр. Жоқ, мен ешқайда көшпеймін.
Мен өлген соң қалаған жақтарыңа кете беріңдер. Өлсем осы үйден өлігім шықсын.


Шерхан мен бауырлары қанша үгіттесе де анасын көндіре алмады. Әр күн сайын марқұм ұлының суреті терміліп, Лаураның иісі сіңген жейдесін иіскей отырып көз жасын көл ететін Әсияның жан азабы үш ұлының жандарын азаптап, төзімдерін тауыстты. Шерхан анасынан жасырын түрде, ақылдаспай тұрып жатқан үйлерін сатып жіберді.

«Жұмыс бабымен басқа қалаға барып қайтамын» деп, анасын алдаған Шерхан үй сатып алып қайтты.
-Анашым сізге айтар сөзім бар. Мен сізді алдап Алматыға жұмысқа емес, үй алуға барып қайттым. Жаңа үй сатып алдым. Бар жағдайы жасалған. Мына үйден ештеңе алмаймыз. Мен бәрін сатып алдым.


- Не айтып тұрсың? Мен ешқайда бармаймын. Оданда мені өлтіріп осында көміп кет.
- Апа, жетер енді сіздің қырсықтығыңыздан шаршадым. Осы күнге дейін сіздің әр бір шешіміңізге құрметпен қарап, дегеніңізге көніп келдім. Ал нәтижесі не болды? Жұртқа мазақ болдық. Көшеде жүруге арланатын күйге түстік. Төзімім таусылды. Өлген адам өлді. Өлгеннің артынан өлмек жоқ. Тірі адам тіршілігін жасауы керек емес пе? Тек « Ғазизым» деп, өмір сүріп келесіз. Сонда не біз тоқалдан тудық па? Бір сәт бізді де ойласаңыз қайтеді? Жасым болса отызға таяды.« Осы баламды үйлендіріп, үйлі жайлы етсем» деп ойлайсыз ба, жоқ па? Мен де пендемін ғой. Адам ұқсап өмір сүруге мұрша берсеңізші.
- Балам...
- Не, не балам? Балам дейсіз -ау. Бірақ менің көзімдегі мұңды көрмейсіз.
- Кешірші мені ұлым...
- Мені таңдау жасауға мәжбүр етпеңіз. Бізбен бірге кетесіз бе?
- Егер сен солай шешім қабылдасаң, жарайды көнбеске амалым бар ма?

Шерхан анасы мен бауырларын ертіп өзге қалаға қоныс аударды. Жаңа орта, жаңа жұмыс, жаңа таныс тауып көп ұзамай ибалы, тәрбиелі қызға үйленді. Келіншегі Әйгерім көркіне ақылы сай болып, енесіне күтім жасап үнемі көңілін аулап Әсияның жүзіне күлкі үйіріле бастады. Алайда жалғыз қалғанда Лаураны бір сәтке де ойынан шығара алмайтын.
«Қайда, қалай жүр? Не ішіп, не жеді екен? Киімі бүтін, қарны тоқпа екен?» деген сұрақтар санасын жаулап маза бермейтін. Ал бұл кезде Мөлдірдің арам, арсыз әрекетінен хабардар болған әкесі мен бауырлары қызы екеуін үйден қуып жіберген болатын.

Барар жері болмай Әсияның үйіне келіп олардың іс түссіз артынан із қалдырмай көшіп кеткенін біліп бармақ шайнады...
Әр жерде пәтер жалдап арын сатып, жалдаған үйін жын ойнаққа айналдырып үй иесі үйден қуып, қызы екеуі тентіреп жүретін. Жатар алдында анасы екеуі ғана жатып, түн ортасында оянса бөгде адамды көретін Лаура алғашында «-Бұл сенің әкең» деген анасының сөзіне иланып мәз болатын.
Таңертең оянған сайын « әкем қайда кетті» деп анасының мазасын алатын. Тек қараңғы түнде ғана көлеңкесін көретін әкесінің әр түн сайын ауысатынын кіп-кішкентай қыз қайдан білсін.

Жалғасы бар...

"Әсерлі әңгімелер" топтамасынан

Дереккөз: el24kz