Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония «Сүгір» атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің 15-жылдығына  орай оркестрдің бас дирижері, Ерлан Дәуренбековпен  сұқбат:

-Ерлан Нұрғалиұлы! Ең алдымен, оркестрдің 15–жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! Әңгімені, сіздің осы  оркестрге  келуіңізден  бастасақ. Қай жылы, кімнің  шақыртуымен  келдіңіз? Өзіңіз  қызметке  келмес  бұрында  өткен  оркестрдің  тарихымен  жақсы таныссыз. Бұл  оркестр  кімнің  ықпалымен  құрылған, кімдер  басшылық жасаған, қандай  өнер  ұжымдарымен  және өнер адамдарымен шығармашылық  байланыс  жасаған, осы  жөнінде  қысқаша  айтып берсеңіз.

-Бұл оркестр 2002 жылы  сол  кездегі  осы  облыс  әкімі, өнер  жанашыры ,Бердібек Сапарбаевтың  тікелей  қолдауымен  құрылған. 2009 жылы  оркестрге дарынды  күйші, Теріскейдің  тумасы  Сүгір  Әліұлының  есімі  берілген. Даланың  дарабоз  дарынының  есімін  аманаттап  алған  өнер  ұжымының  ең алғашқы  бас  дирижеры  Мұса  Жарқынбек  болған, ол  кісінің  көмекшісі болып ,Мұқтар  Қуандық  қызмет  атқарған. Мұса ағамыз , өмірден  озған  соң бас  дирижер  болып , Есіркеп  Жолдасов  тағайындалған. Есіркеп , ағамыздан соң маған дейін ,Ғалия Жомартова екінші  дирижер болып  оркестрдің  биік шыңға  шығуы  үшін  барын  салып қызмет  атқарған. Міне, есімін  ел  білетін осы  аға-әпкелерімізден  соң, осы өнер ұжымына бас дирижер болып мен келдім.

        Осы  кісілер  іргетасын  қалап  кеткен  қасиетті  өнер  ұжымының  ендігі өрлеуі – мен  үшін  үлкен  сенім. Біздің  оркестр  осы  жылы  ғана «Құрманғазы» атындағы  академиялық  ұлт-аспаптар  оркестрімен  бірлесіп  біршама  жұмыс жасады. Атап айтқанда, осы оркестрдің  бас дирижеры,  Арман  Жүдебаев  біздің өнерпаздармен  бір  аптадай  жұмыс  жасап, мастер-класстар өткізді. Және біздің  оркестрмен  бірге,  Нұрғали  Нүсіпжанов, Нұржамал Үсенбаева сынды өнер саңлақтары  ән  шырқаған.

    -Бүгінгі таңда  оркестрдің  құрамында қанша  әртіс  жұмыс  жасайды  және олардың кәсіби біліктілігі қандай?

Оркестр құрамында 47 әртіс жұмыс жасайды. Барлығы дерлік өз ісінің нағыз мамандары, өнердің биік шыңын мақсат еткен өнерпаздар. Бұл әртістердің 65 пайызы  жоғары  білімді, қалған 35 пайызы орта білімді жандар. Олардың ішінде Құрманғазы  атындағы  консерваторияның, «Өнер» академиясының, және осы облыс орталығындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың және облыстық  саз  колледжінің түлектері  бар.

-Кез-келген  өнер  ұжымының  ерекшелігі - оның репертуарының  бай  болуында. Ұлттық  өнер  мен  заманауи  музыканы  ұштастырып  ерекшеленіп  жүрген оркестрдің  қоржынында неше  шығарма  бар?

-Біздің басты ерекшелігіміз – оркестрге аты  аманатталған, Сүгір  Әліұлының, Төлеген Момбековтың  күйлерін  орындаймыз. Бұл дегеніміз – басқа композиторлардың  күйлері, шығармалары  орындалмайды  деген  сөз  емес. Біздің қоржынымызда Тәттімбеттің, Құрманғазының, Дәулеткерейдің күйлерімен қатар, қазақ даласындағы саңлақ сазгерлердің әндерін де сүйемелдейміз. Сонымен қаттар шетел композиторлары Моцарт, Штраустардың да шығармалары орындалады. Сөзімнің басында айтқандай, біздің басты мақсатымыз – Қаратау өңірінің күйлерін насихаттау. Репертуары жағынан 500-ге  тарта  шығарма бар. Бұл – 15 жылдық  тарихы  бар  өнер  ұжымы  үшін  үлкен  мәртебе.

-Келесі сұрақ өзіңізге тікелей байланысты. Дирижер мамандығына келуіңізге не себеп болды? Жалпы бұл өнердің құпиясы, артықшылығы, ерекшелігі жөнінде айтып беріңізші.

-1993 – жылы Қарағанды қаласындағы Тәттімбет  атындағы  саз  колледжіне оқуға түстім. Осы колледж  қабырғасында  жүргенде  ең алғаш КСРО Халық әртісі, профессор  Шамғуан  Сағадиұлы  Қазығалиевтың Т әттімбет атындағы академиялық  ұлт-аспаптар  оркестрімен  өткізген концертіне  қатысып, ол  кісі кісінің  оркестрмен  жұмыс  жасау  шеберлігіне  сүйсініп, дирижерлік мамандыққа  деген  қызығушылығым  оянды. Сол  кісіні үлгі тұтып, еліктеп өстім. Осы колледж  қабырғасында  осы  мамандықтың  қыр-сырын  үйреткен Хайруллин Мұрат Қасымұлы, Шоқанбаев  Әлтай  ағамыздан және қазіргі таңдағы, Тәттімбет  атындағы  академиялық  ұлт-аспаптар  оркестрінің  бас дирижеры ,Дүйсен Үкібай ағаларымыздан дәріс алдым. Содан  соң  Алматы

        Қаласындағы  консерваторияға  оқуға түсіп  онда, Қалауов  Мүкамал  ағамыздан дәріс алып, Төлепберген Әбдірашов ағаларымнан білім алып, баталарын алып оқу  орнын  тәмамдап  шықтым. Ең  алғаш  қызмет  жолымды  Талдықорған қаласындағы «Адырна» ансамблінде,Мұқан Төлебаев атындағы ұлт-аспаптар оркестрінде  дирижер  және  көркемдік  жетекшісі  болып  бастадым. Аллаберген  Мырзабеков, Айтқали Жайымов  ағаларымыздың  жол нұсқап, бата беруімен 2016-жылы  осы  оркестрге  қызметке  келдім.

  Алдағы уақытта оркестр  ұжымымен  бірге  қандай  шығармаларды  орындамақ ниеттесіздер? 15-жылдық  мерейтой  қарсаңында  қандай  шаралар  жасалуда және  қай  өңірлерге  гастролдік  сапармен  бармақшысыздар?

-Оркестрдің 15-жылдық мерейтойы  осы  жылдың  көктем  айларында, Сүгір Әліұлының    жеріне  барып, атамыздың  басына  тәу  етуден басталды. Сол өңірдегі  «Теріскей » жұртшылығына  Сүгір  Әліұлының  шығармаларынан тұратын концерттік  бағдарламалар  ұсындық. Алматы, Ақтөбе, Орал, Талдықорған  қаларында  барып, оркестрдің  15-жылдығына  байланысты гастрөлдік  сапарда болдық. Мұнымен  тоқтап қалмай  облыстың  барлық  аудан, қалаларына да концерттік  бағдарламамен  бару  жоспарда бар. Мені қуантқаны, мұнда  заманауи жабдықталған  керектінің  бәрі  бар. Ұжымдағы әншілердің  де  кәсібилік  деңгейі  мықты. Көп дауыста  ән  орындау  стилі жолға  қойылған. Қандай  іс-шара  болсын  әншілеріміз  ортасында  жүреді. Жетістігі  де  жетерлік. Облыс  әкімі  Жансейіт  Түймебаевтың , тікелей өнерге қолдауы ерекше. Мұндай қамқорлық өзге облыстарда жоқ.

- Сұқбаттасқаныңызға рақмет!