Қоғамда әйел адамдар сыр сақтай алмайды деген пікір қалыптасқан. Бір жағынан бұл – адамдар толассыз күресіп келе жатқан  гендерлі стереотип. Бұл тақырып аясындағы зерттеу жұмыстары өз нәтижесін берді: әйелдер құпияны сақтай алады.

 Жасым - отыз тоғызда. Ақтаулықпын. Бір Шымкентке қыдырып барам деп, кездейсоқ алып қашудың құрбаны болдым. Алып қашқан жігіт жайлы ойланғым да келмейді. Туғалы ауылдан адым аттап шықпаған, əріпті де дұрыс танымайтын тəрбиесіз біреу. Мақта терумен айналысатын, əр күні ішіп келетін. Мен бірдеңе десем, маған қол көтеретін. Əр түнде қасыма жақындаған сəттер жаман жиіркенетінмін. Əйелдің жиіркеніші дегеніміз - амалсыз көндігумен аяқталады екен. Сосын төртінші айда жолдасымның əдепсіз əрекеттеріне шыдай алмай, үйден қашып кеттім. Ақтауға итке ұқсап құр сүлдерімді сүйретіп əзер жеттім. Содан ол мені іздеп келмеді. Келмегеніне де шүкір.

   Мен жезөкшемін.Мойындау, айту қаншалықты қиын болса  да бәрібір ағымнан жарылмақпын.Мына өмір шаршатып жіберді.Қазір жаспын.Сұлумын.Бірақ  ертең жасым өткенде ешкімге керек болмай қалатынымды,бұл өмірім  өмір емес екенін білемін.Мен де тұрмысқа шығып, бала сүйгім келеді.

       Бірақ...мен сияқты  жанды кім алады дейсің.Одан қала берді,жұмыс істеп біреуге тәуелді болғым келмейді.Еркектің кірін жуып, үйде  отырғым да жоқ.Күндік табысым жаман емес.Шақыртумен барамын.Немесе қалталы азаматтар өздері келіп алып кетеді.Еркектердің көңілінен  шығудың неше түрлі әдіс –айласын қолданып, есін тандырамын.Сонда да қорлап, боғауыз айтып  ақша төлегесін білгенін жасайтындар бар.Қайтесің шыдайсың. Бір күні  шақырған жерге  барып қалсам, ағам  отыр екі жігітпен.Қасындағы жігіттерді бұрын да білуші едім.Ағамды көрген кезде есіктен не шығып кетерімді ,не кірерімді білмей қатты састым.Ол да жалт қарап ,түрі өзгеріп кетті.Аяқ асты қандай шешім қабылдарымды білмей  састым.Оған да оңай болмағанын сездім.

Гүлмира  оқуды біткеріп, біздің  компанияға келгеніне көп болған жоқ.Пәлендей көз тартардай сымбаты болмағанмен,бір қарағанда сүйкімділігі бар қыз.Алғашында тым батымды,  ойын бүкпесіз айта салатынын онша ұната бермейтінмін.Бөлім бастығы болғасын ол қыз қалайын, қаламайын менің қарауыма  кіретіндіктен , амал жоқ  қарым –қатынасты  бір қалыпты ұстауға тура келді.

    Берілген тапсырманы тап –тұйнақтай етіп орындайды.Бойында  өжеттік бар.Қызға тән сыпайылық,инабаттылық байқала бермейді.Жүріс –тұрысы ,тарс-тұрс.

Алды ашық көйлек, нәзіктік беретін иіссу, бетке ұқыппен жағылған макияж. Сексуалдылықтың барлық атрибуттары бір мезетте ғана өз маңызын жоюы мүмкін. Ол үшін тіпті қатты тер төгудің де қажеті жоқ. Бар болғаны, маникюріңізді жаңартпай, аяқ киіміңізді таза ұстамай не шашыңызды ұзақ уақыт тазаламасаңыз болғаны. Әйелдің күтім көрмеген сырт келбеті оның сексуалды образының құнын көкке ұшырары сөзсіз.

Әйелдер үнемі сексуалды көрінуге тырысып, оның жолдарын іздеп жүреді. Сол үшін мінезін қатайтып, соған сай киім таңдап, жігіттердің жүрегін жаулап алғысы келеді. Негізі ерлер қауымы әйелдің бойында дәл қай қасиеті, қай жері ұнайтынын өздері де біле бермейді, олар образды толығымен ұнатады. Алайда, оларға әйелдің бойындағы көзге оғаш көрінетін қасиеттер тайға таңба басқандай көрініп тұрады.
Сіз қанша тырысқанмен сексуалды, тартымды көрінбейтініңіздің себебін білесіз бе?