Неслишаһ Эрген
"Арзан сөз бен жасанды жүз - көрерменді аз ғана уақыт алдарқатады. Алдай алмайды. Жай түсінетін нəрсе, келбетті жанға бір апта ғана таңданасыз. Оның өз үн ерекшелігі, кісіге жұғымды сөздері, өзіне жарасар əрекеттері болмаса, бəрі бекер. Сосын, бір сəттік сыртқы кескін-келбетке таңданыс көкке ұшып кетеді. Одан соң алтын берсе де, көңілге орын алмаған жүргізушінің хабарын көре алмайсыз.
Эфир - жаңару мен жаңғырудың символы. Əр төрт жыл сайын кез-келген елдің эфир кеңестігі жаңарады. Əлемде көрермен ең көп жиятын телеөнімдердің авторлары да бұл жайтпен келіседі.
Төрт жыл. Аз ғана уақыт емес. Осы аралықта сіз нені жасай аласыз? Танымал тұлға болға аласыз. Танымалдылық деген - құнсыз байлыққа ие бола аласыз. Эфирдегі төрт жыл - шартты ұғым емес. Алайда, таңғы бағдарлама сияқты хабарлардың жүргізушілерін үздіксіз жаңарту тиімді. Себебі, көрермен алмасады. Көрермен алмасқан тұста, бір адам он жыл бір хабарды тізгіндеуі қисынсыз.
Бұл төрт жылдың қоғамдық ток-шоуларға қатысы шамалы. Ескеретін нəрсе, ток-шоудың алғашқы нұсқасын жүргізген тележүргізушіден халық ықыласы аумайды. Бастысы- халықтық деңгейге жете алу. Тележүргізушіні алмастырмағанмен, көбіне продюсерлер ток-шоудың атын алмастырып жатады. Ол - дұрыс қадам.
Ток-шоу - тележүргізушіден үздіксіз ысылуды талап етеді. Эфирдегі арзан əзілдің де əннің де ғұмыры бір айлық қана.
Эфир - ұлттық құндылықтарды дəріптеуді жарнамалық тұрғыдан игере алатын бірден-бір құрал".