Осы жақында ғана теледидардан көрсеткендей, Астана мен Алматы емханаларында әлемдік тәжірибеге сай пилоттық жоба жүзеге асып жатыр.

Яғни жүрек ауруы, қант диабеті, гипертония тағы басқа сырқаты бар науқас адамдардың білегіне QR-кодпен жабдықталған медициналық көмек білезігі тағылуда. Кодты оқу арқылы жедел жәрдем дәрігерлері науқас туралы толық ақпарат ала алады екен. Мәселен, науқас ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне түссе, дәрігерлер ол туралы толық ақпаратты қолындағы білезіктен тез және бірден ала алады.

Қас қарая төсекке қисайып қалғып бара жатыр едім, басымдағы жастығым сырғып сәкіге түсіп кеткеннен оянып кеттім. «Жастығым жайдан-жай неге түсті екен?» деп жан-жағыма көз салып едім, ешкім көрінбеді.

Қайтадан жастығымды басыма бүктей салып, көзім ілегіп бара жатқан, осы кезде жастығымды әлде біреудің жұлып алғанын анық сездім. Тосын жайдан ұйқым шайдай ашылды. Түсіп кеткен жастығымды еңкейіп алып бере, көзім тақтаның астында жастығымды қыса ұстаған қызыма түсті. «Қызым-ау, жастығымды өзіме бер, жеті түнде ұйықтамай жүргенің не, бар ұйықта» – дегеніме қызым аң-таң болған жүзбен: «Мені көріп тұрсың ба?» дегені.

«Менің жасым 45-те. Біз отбасында 8 ағайындымыз. Туып өскен жеріміз Шығыс Қазақстан облысы. Әке-шешем өмір бойы ауылда тұрды, бала-шағасын жеткізіп, оқытып-тоқытты, зейнетінен бейнеті көп өмірлерін бізге арнады. Осыдан біраз уақыт бұрын ауыр науқастан ата-анамыз бірінің соңынан бірі дүние салды. Үйдегі қыздардың үлкені болған соң анам маған қайтыс болардың алдында сіңілім Сандуғашты қатты тапсырды.

Негізі жындар адамдар арасында өмір сүретін көрінеді. Олар да үйленіп, бала-шағалы болады екен. Бірақ оларды өлмейді деседі. Сонан соң олар адамдардың көзіне көріне бермейді. 

Осыдан бірнеше жыл бұрын менің ағам ауыр науқастан қайтыс болды. Ол біздің ауылдан 30 шақырымдай жерде орналасқан көрші ауылда тұратын еді. Ал мен ата-анаммен бірге тұрып жаттым.

Ағам қайтыс болар алдында өзін ата-анасының үйінен шығарып жерлеуді өтінген еді. Соңғы сапарға аттанып бара жатқан адамның сөзін жерге тастамай, ағамды өзі туып-өскен үйіне алып келдік. Көп ұзамай ағам қайтыс болды. Жан-жақтан ағылып туыстарымыз көңіл айтып жатты. Үйдің іші абыр-сабыр, у-шу.