- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Саған мен соғыс жылдарынан кейін болған бір оқиғаны айтып берейін-деді,кәрия,тек,қорқып жүрме…
-Бірде қос өгіз жеккен екі шанамен поселкеден қалаға кіре тарттық.Аяз шамалы болса да,күн алақаншықтанып,жаяу борасын жүріп тұрған.
Колхоз бригадирі Матвей:-бұның соңы боранға ұласады.Бүгінше поселкеден шықпай-ақ қойыңдар-десе де,тәуекел деп,тартып кеттік Наталья екеуіміз. Ол - колхоздың агрономы да,мен-қоймашысы едім.Бұл-соғыстан соңғы,тың игеру жылдарының алды болатын.
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Кемпір тісі жоқ қызыл иектерін көрсетіп мәз болып күлді...
Настья әжейдің бір мінезі ақшаға қатты қуанады.Жеркепе үйінің алдындағы шағын бақшасында өзі өсіретін жемістері мен көкөністерін базарға шығарып сатады.
Бірақ,қаражатын орынсыз жұмсамайды.Ұсынықты қарт туған-туыстары бұл маңда жоқ болғандықтан,күні ертең өзін жерлеуге жұмсайтын қаражатты жинап жүрген сыңайлы ма қалай.
- Сонымен,Картаузды білесің бе, балам ? - деді, қәрия дірілдеген қолдарымен алдыма дастархан үстіндегі тағамдарын иттере түсіп...
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
…Настя әжейдің үйі өзі секілді кәріліктен қаусап,жер болып тұр.Әбден тозығы жеткен шатырына жақын келіп,қолыңды артып, сүйеніп тұруға болады.Уақыттың салмағынан мейілінше шөгіп кеткен осынау саман кірпіштен салынған баспана Астананың көкке бой түзеген көп қабатты ғимараттарының ортасында бейне алып кемелердің арасында қысылып-қымтырылып,теңізге шыға алмай қалған қайықтай жападан жалғыз ербиеді…
Әжейдің жертөлесін қала басшылары мен құрлыс компаниясы маңына биік дуалдар тұрғызылып,заңғар нысандар салына бастағанда-ақ құнын төлеп, сырып тастамақшы болған.Сексеннен әлде-қашан асып кеткен жалғыз басты кейуана оған көнбеген. -Мен осы босағадан күйеуім Ваняны соғысқа шығарып салғам.Егер ол тірі болып,орала қалса,туған шаңырағын қайдан іздеп табады.Көшпеймін еш қайда. Маған алтын сарай салып берсеңдер де керегі жоқ.Өлігім осы жерден шығады-деп.Настя әжей қиғылық салған…
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Тылсым дүние
Ерсін Ерғалиев
Жұмыстан шаршап келген Еркін тақтаға жата кетіп еді, қалғып кетіпті. Бір кезде құлағына еміс-еміс асқа шақырған әйелінің дауысы естілді. Дәлізге шыққаны сол еді, аяғына мысығы орала кетіп жүруіне кедергі жасаған соң, оны қолына алған. Бірақ мысығы бауырына жабысып, кеудесін тырналап ерсі қылық танытқанына таңғалып қалды. Дәліздің жарығы күңгірт болған соң ба, тарғыл мысығының түсі күлгін болып көрінді. Осы кезде әйелінің:
- Асқа неге келмей жатырсың? - деп ренжіген даусын естіп:
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Сәрікті жайлауын қыстап қалатын он шақты отбасы жылқысын тебінге бірге жіберіп, әр үйден бір адам кезекпен бағатын. Үйір-үйір жылқы бір-біріне қосылмай бір атырапта күпсек қарды теуіп, қашан қыс қыспаққа алғанға дейін далада жайылатын.
Бір күні кезек Алтай ақсақалға келеді. Түскі асын ішіп қайта барса, Сәменбектің қара айғырына бір қыз мініп жүр екен. Алғашқыда «Бұл кім болғаны? Көршінің баласы шығар» деген ой келеді. Артынан «Оның мұнда несі бар» деген ойға тағы қалады. Не болса да қасына барып көрейін деп жотаны өрлеп шықса, жылқылар сайға қарай тебіндеп түсіп кетіпті де, бағана ғана көрінген қыз бала ізім-ғайым жоғалып, қара айғыр өзі ғана тұр. Ақ қарда адамның көзі бұлдырап, неше түрлі бейнелер көрінуі ғажап емес қой. Кейде топ ши қасқыр сияқты боп көрініп, мылтық оқтағандар да болыпты. Алтай ақсақал сондай жайдың біріне балайды да, жылы жауып қоя салады.
Страница 15 из 41
Соңғы жаңалықтар
- Министрлер мен сыртқы саясатқа жауапты лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды — Ақорда
- Бурак Өзчивит Ақтауда: Түркі әлемінің мәдени астанасы атанған қалада түрік актері қонақ болды
- «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға кәсіпкер жаңа көлік сыйлады
- Қырғызстанда өлім жазасын қайтару бастамасы көтерілді
- Ойыншы
- Павлодар облысында 3 жасар қыздың қазасы: әкесі күдікке ілінді
- Қымбатшылық пен төмен жалақы: Экономикалық талдау
- Қазақстандағы "Сталкинг" заңының алғашқы қолданысы: Атырау облысындағы іс
- Санамның құпиясы: жан өлген соң қайда барады?
- Атыраулық тіс дәрігерлерінен 600 млн теңгенің мүлкі тәркіленді
- Қазақстанда ҰБТ форматы мен мазмұны өзгереді
- Қара кемпір
- Қымбатшылық жағдайында қаражат үнемдеу жолдары
- Египет курорттарында акулалардың жиілеуіне байланысты 10 отелдің жағажайлары жабылды
- Интуицияның құпиясы: жүректің үнін ести білу
- Зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметке пайдалану уақытша тоқтатылды
- Қазақстандықтардың есепшоттарына кибершабуыл жасаған күдікті ұсталды
- Ыстамбұлда экономикалық жағдайға байланысты наразылық өтті
- 2025 жылғы қыркүйектегі Ай тұтылуы: ғалымдар не дейді?
- Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты