Фариза Амангелдіқызы

Бірақ сол оқу орнында өзгеріп бастады. Әрине достарының кесірі болды. Алдымен ішіп бастады. Сосын бір күні бір түрлі болып кірді. Көздері қанталап  ешкімді танымады.
  - Тоқташы. Сонда сен бұрыннан осы үйде істейсің ба?
  - Менің анам осы үйде қызметші еді. Анаммен бірге мен де көп жүретінмін. Кейін анам жасы келген соң, тек өзім келетін болдым. Содан кейін ғой бұл отбасыны беске білемін.
  - Аа бәсе. Солай десеңші. Содан...
  - Содан сол күні қатты жанжал болды үйде. Бірақ Дастан аға ешкімді тыңдамады. Бөлмесіне кіріп алып, музыканы қатты қойып есікті іліп алды. Ертеңіне әпкелер Дастан ағаны ешқайда шығармады. Отырып әбден ұрысты. Үнсіз бәрін мақұлдағандай болып еді, бір жетіден соң тағы басталды. Сосын тағы, тағы... ары қарай еті үйреніп кетсе керек тіпті қоя алмайтындай дәрежеге жетті. Содан әпкелер амалсыз ауруханаға жүгінді. Біраз ем алды. Жақсы болып шықты. Оқуға да бармай кетіп еді. Әпкеміз ақша беріп қызыл дипломды сатып алды. Басында ең үздік оқушы, ең үздік студент болған соң соңына дейін солай болып қалсын деп шешті. Оқуын аяқтап жұмысқа тұратын кезде тағы да осындай шу шықты. Бірақ үйдегілер алдын алып, дереу ауруханаға алып барды. Бұл жолы ұзақ жатты. Себебі, есірткі қабылдамай біраз уақыт жүріп, содан көп мөлшерде бірден қабылдаған екен, жағдайы күрт нашарлаған. Сол үшін ұзақ жатып емделді. Ауруханадан шыққан соң, үйдегілер Дастан ағаны үйдендіреміз деп шешті. Сол үшін жақсы қыз іздеді. Жақсы қыз жолықса, мүмкін, үйленіп отбасылы болған соң біржола қойып кетер деп үміттенді. Әкесі ең жақсы жұмысқа орналастырды. Сосын үйге сіз келдіңіз. Бар жағдай осы...- деді қызметші қыз күрсініп.
  - Сонда мені... алдап... керемет отбасы деп. Нағашы ағам керемет деп жан құрбым алып келді ме? Мүмкін емес.
  - Иә құрбыңыз.
  - Жоқ ,жоқ. Ол білмейтін шығар. Ол маған мұндай опасыздықты жасамайды да, қаламайды да.
  - Тағы мені айтты деп жүрмеңізші. Сол құрбыңыз күнде келіп әпкелермен ақылдасып сізді айтып отыратын. Алдын ала ұйымдастырған еді.
  Іші өртеніп кете жаздаған Іңкәр бармағын тістелеп біраз отырды. Қимылдауға қауқары жоқ. Сол күнгі оқиғалар көз алдынан өтіп жатыр. Ап-анық. Құрбысы расымен алдап еді.
Іңкәр сол күні түнімен көз ілмеді. Асханада сол отырған жерінде таң атқанша отырды. Ыстық шәй ішіп, ойланып ұзақ отырды. Енді не істеймін? Күйеуім нашақор! Нашақор! Миына осы сөз қайта қайта сигнал болып келе берді. Іштегі әлі бір ай да болмаған шаранасын қайтпек? Ең бірінші ойлағаны осы баласы болды. Нашақор еркектен қандай бала туылуы мүмкін? Қорыққанынан неше түрлі ойлар келіп миына маза берер емес. Таңға жуық қалжырап құлауға шақ қалған келіншек қонақ бөлмеге өтті де, бір жамылғыны жамылып аздап көз шырымын алайын деп жайғасты. Осылай мең-зең екі күн жүрді. Дастан сол күні-ақ таң азанымен ешкімге айтпай шығып кеткен. Содан ұшты күйлі жоқ. Бүгін ата-енесі келеді. Ерте келуі керек болған, жұмыстарымен тағы бірер күн аялдады. Түске жуық ата-енесі келді. Бар тірлікті қызметші жасап жүр. Іңкәрдің тірлікке қолы барар емес.
  - Сәлем бердім, -деп иіліп сәлемін салды да, жағдай сұрасқан болды. Іңкәрдің жүзінен-ақ үйде бір сұмдықтың беті ашылғанын сезген енесі асханаға зып берді.
  - Әй бері қарашы, ана біздің бала қайда?
  - Әпке, Дастан аға тағы бастапты...
  - Қу маңдай сорлы-ай,- деп баласына кейіген анасы дереу шалына тұра жүгірді. Сыбыр-күбір дыбыстарды естіген Іңкәр:
  - Апа, не болып жатыр үйде? Дастан біртүрлі. Дені сау адамның қылығын істемейді. Екі күннен бері үйде жоқ. Мен төркінде кезде де үйге мүлде келмепті.
  - Не ғой... әлгі... Дастан біраз сырқаттанып... - деп кібіртіктеген кемпірін тыйып тастаған қайын атасы бар шындықты өз аузымен айтып берді.
  - Қашанғы жасырмақсың? Келін не саған білмей қалатындай бөтен біреу ме еді,  шәй ішіп болып үйіне қайтатын. Келін, бізді кешір айналайын. Өз баламыздың тағдырын ойлаймыз деп біреудің баласының тағдырымен ойнаппыз. Дастанды адам болып кетер деген үмітпен саған үйлендіріп едік. Амал нешік. Ол есірткіге тәуелді.
  Жылап жіберген Іңкәр:
  - Неге маған басынан айтпадыңыздар? Мен енді Дастанмен қалай өмір сүремін? Мен қорқамын ондай адамнан. Өткендегі қанталаған көзін көргенде шошынып қалдым,- деп жас келін ағыл-тегіл жылады.
  - Іңкәр, қызым, қоя қойшы күнім. Біз оны емдетеміз. Әлі-ақ адам болып кетеді,- деп өзін де, Іңкәрді де алдаусыратып жатқан ана жүрек іштей қан жылап отыр.
Бірақ айтуын айтқанымен өзі де іштей үрейленіп отыр. Қанша рет емдетті, үйдендірді, бәрібір болмай жатыр. Енді қайтпек. Іштен шыққан шұбар жылан, жамандыққа бәрібір қимайды. Бірақ, Іңкәрға басу айтып, бәрі жақсы болады деп сендірді.
  Дастан сол күйі үй бетін көрмегелі бір жеті өтті. Әкесі жан-жақтан іздестіріп жүріп қала сыртында орналасқан демалыс орнынан тапты. Кіріп барған ол ес-түссіз жатқан ұлын көріп, бір жағы күйініп, бір жағы айырылып қалармын деп қорқып дереу алып кетті. Алдымен үйіне алып келді. Содан соң, үнемі көмектесетін өздерінің таныс дәрігерлерін үйіне шақырды. Бірақ, бұл жолы дәрігер келмеді. "Мен енді олай жасай алмаймын, ренжімеңіз. Жасырын түрде емдей алмаймын. Заңды түрде ауруханаға жатқызыңыз"- деді. Бұған дейін үнемі жасырын емделген екен. Амалсыз көнген ата-анасы Дастанды ауруханаға алып барды. Бұл жолы ұзақ жатты. Екі ай ем алды. Организмді тазалап, қанға өтіп кетпегеніне шүкір деді. Бұл кезде Іңкәр бет-жүзі толысып, әдемі келіншек болған еді. Аяғы ауыр болған жақты ма екен, әйтеуір жүзі нұр шашып тұрды. Күйеуінің де емделіп жатқаны бір үміт сыйлайды. Бүгін тексеріліске барады. Енесі де қызығып, бірге барайық деді. Екеуі бірге келіп УДЗ аппаратына түсті. Бірақ қорытынды мәз емес еді. Экраннан бас алмай қарап отырған дәрігер көңілсіз Іңкәрге бұрылды.
  -Нешіншің?
  - Біріншім.
  - Күйеуің қайда?
  - Ол... ол қазір қалада емес. Басқа жақта еді жұмыстарымен.
  - Не жұмыс жасайды?
  Кібіртіктеп қалған келіншек не айтарын білмей оның өзінің жеке бизнесі бар,- деді.
  - Сізге қазір бір нәрсе айтамын. Тек уайымдамаңыз. Жарайды ма?
  - Ол не?
  - Баланы алдырмасаңыз болмайды. Кішкентай кезінде алдырып тастау керек. Өзіңіз үшін.
  - Жо-жоқ, мен алдыруға келген жоқпын,- деді Іңкәр түсініңкіремей.
  - Мені түсініңіз, сізге де дені сау бала керек қой? Баланың бет-әлпеті, аяқ-қолы дұрыс емес. Генетика анализ тапсырдыңыз ба?  Анализден-ақ  сізге айтуы керек еді.
  - Сонда қалай? Дұрыс емес дегені қалай сонда?,- деген Іңкәр көзі жәутеңдеп дәрігерге қарады.
  - Әдетте анасы немесе әкесінің денсаулығы дұрыс болмағанда баланың да дені сау туылмайды. Сол үшін күйеуіңізді сұрадым. Өзіңіз жап-жақсы келіншек сияқтысыз.
Есік алдында отырған енесі атып тұрды:
  - Не дейді? Жағдайы жақсы ма? Бәрі дақсы ма екен?- деп келініне күлімдей қарады.
  - Апа... басқа дәрігерге барайықшы. Мына кісі маған ұнамады.
  - Неге? Не дейді? Тыныштық па?- деген енесі Іңкәрдің жүзінен-ақ бірдеңенің болғанын сезді.
  - Білмедім әйтеуір маған ұнамады. Үйге кеткім келіп тұр. Ертең басқа дәрігерге барамыз апа, жарайды ма?
  - Жарайды...
  Екеуі үйге келгенше үн-түнсіз келді. Көлік ішінде де екеуі ой үстінде отырды. Үйіне келіп бөлмесіне кірген Іңкәр төсегіне құлай кетті. Неше түрлі ойлар маза берер емес. Ішін сипалап қояды. Кешірші мені құлыным. Сен туралы оттаған әңгіме айтып жатыр. Ертең дені дұрыс дәрігерге барамыз иә? Өз-өзімен сөйлесіп отырғанда бөлмесінің есігі қағылды.
  - Іңкәр.
  - Ау,- деп орамалын тақты да бөлмеден шықты. Қараса қарсы алдында Дастан тұр. Бұлар дәрігерге көрінуге кеткенде қайынатасы барып Дастанды алып келіпті. Жағдайы жақсы, баяғыдай көздері ойнақы емес, ойлы көзқарасынан-ақ өзгергенін аңғарады кісі. Мойнына асыла кеткен келіншегі еңкілдеп жылап жіберді. Біресе күйеуінің адам болып келгеніне қуанса, біресе балапаны жайлы естіген әңгіме есіне түсіп қорқады.
  - Кешірші мені Іңкәр.
  - Жарайды, бастысы отбасымызды сақтайықшы.
  Барлығы кешкі асқа отырды. Дастарханжы да мерекелік кеш секілді етіп дайындапты. Үйдегі көмекші қыздың жасағаны белгілі. Себебі, Іңкәр күнімен көңілсіз, сәбиін ойлаумен жүрді.
  - Айтпақшы, Іңкәр, ертең қай дәрігерге барасың? Мен де бірге барайын ба? Әлде өзің бара бересің бе?
  - Мен интернеттен тауып қойдым. Бірге барайық апа.
  - Қандай дәрігер? Сендер бүгін бармадыңдар ма?
  - Басқа дәрігерге көрінетін болдық, бүгінгі дәрігер ұнамады,- деп енесі өзінің атынан сөйледі.
  - Іңкәр бір жерің мазалап жүр ме?- көлгелі бері үнсіз жүрген Дастан әңгімеге енді араласты.
  - Жоқ, еш жерім ауырмайды. Баланың жағдайын білейін дегенбіз.
  - Сенің аяғың ауыр ма еді?
  - Иә?
  - Оо, бәсе неге ерекше дастархан деймін? Құтты болсын,- деп Іңәрдің қолынан қысты.
  - Негізі... саған алдында айтып едім ғой, бірақ мән бермегенсің...
  - Өткенді қозғамайықшы өтініш.
  - Жарайды.
  - Бұл дастархан сенің келу құрметіңе ғой, Дастан,- деді Іңкәр.
Ертеңіне енесімен бірге басқа дәрігерге келді. Бұл  жолы кабинетке енесі бірге кірді. Аппаратқа түсіріп баланың денсаулығын көрген дәрігер біраз үнсіз отырды да, келіншекке бұрылды:
  - Қалай десем екен, бала дамымаған. Срогына сай емес. Және бет-әлпеті мен аяқ-қолында кінәрат бар.
  - Неге бәрі менің балама қадалып қалды?- деп ашуланған Іңкәр орнынан атып тұрды.
  - Түсініңіз, баланы өмірге әкелем десеңіз, босанып қолыңызға алғанда қатты өкінесіз. Сол үшін...
  - Жоқ! Алдырмаймын!
  Есіктен Іңкәрдің шығып кеткенін күткен енесі терең дем алды да дәрігерге бұрылды.
  - Не мәселе дәрігер, маған айтыңызшы?
  - Сіз қайыненесісіз бе?
  - Иә, менің келінім.
  - Тыңдаңыз. Баланың денсаулығында кінәрат бар. Әдетте, ата-анасының денсаулығы дұрыс болмаса,  немесе генде осындай ерекшелік болса балаға міндетті түрде өтеді.
  - Сонда қалай? Түсіндіріп айтыңызшы.
  - Былай ғой, баланың бет-жүзі көріксіз, аяқ-қолы бүтін емес болып туылады. Сол үшін баланы алдыру керек.
  - Бұл анық па?
  - Иә. Қазір заман дамыған, аппараттарымыз соңғы үлгідегі. Сенімсіз болсаңыз анализ тапсырыңыздар.
  - Түсінікті, рақмет,- деп есікке беттеген енесі Іңкәрді іздеп көзбен жан-жақты бір шолып өтті. Көрінбейді. Жалғыз өзі үйге қайтты. Келінінен емес, барлық бәле өз баласынан болып тұрғанын анық сезген енесі жол бойы жанары суланып келді. Үйге келсе келіні әлі келе қоймапты. Кешке дейін күткен ол, соңында қоңырау шалды. Тұтқаны көтермейді. Енесі енді шындап қорқайын деді. Бұл қайда жүр. Бірдеңеге ұрынып қалмаса жарар еді. Осы мезетте есіктен Іңкәр кіріп келді. Жүзі боп-боз болып кетіпті.
  - Қайда жүрсің Іңкәр-ау? Сені уайымдадым ғой.
  - Апа, мені баланы алдырып тастадым,- деді де бөлмесіне беттеді. Әлсіреп тұрғаны көрініп тұр.
Үнсіз көнген енесі сшцлана да алмады. Не деп ашуланады? Кімге ашуланады? Бәрі айдан анық емес пе... Іңкәр бөлмеге кірсе Дастан төсегінде жатыр екен.
  - Дастан, мен баланы алдырып келдім.
  - Не? Есің дұрыс па? Неге?
  - Баланың дені сау емес дейді.
  - Кім айтты?
  - Дәрігер.
  - Солар айтса солай болып қалады ма екен. Олар әлі туылмаған баланың денсаулығын қалай біледі? Оттапты.
  - Сенің есірткіңнің кесірінен баламыздың аяқ-қолы бүтін емес!
Жалғасы бар...