Жаңа Зеландия әуежайындағы ұзақ құшақтасудың соңы қиындыққа алып келуі мүмкін. Данидин әуежайының бастығы бұл қадам қону аймақтарында үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ететінін айтты, деп хабарлайды el24.kz тілшісі Zakon.kz.ке сілтеме жасап.
The Guardian газетінің жазуынша, Жаңа Зеландияның Данидин қаласындағы Халықаралық әуежай қону аймағында қауіпсіздікті жақсарту және үздіксіз қозғалысты сақтау бойынша іс-шаралардың бір бөлігі ретінде үш минуттан артық құшақтасуға тыйым салды.
Арнайы белгі де орнатылған:
"Құшақтаудың максималды уақыты-3 минут. Нәзік қоштасу түрі үшін автотұрақты пайдаланыңыз".
Әуежайдың бас директоры жаңа ережелерді бұзу айыппұлдарға әкелуі мүмкін екенін айтты.
Аталмыш ақпаратты сынаушылар мен қатар таптырмас айла екенін айтып мақтағандар да болды.
Бұған дейін балаларын өз қолымен өлтірген американдық әйелдің 30 жылдан кейін бостандыққа шығуы мүмкін екендігі хабарланды.