Апельсин шырынының бағасы бүкіл әлемде аспандап барады. Бағаның күрт өсуіне Американың шығыс жағалауын жайпап өткен «Милтон» дауылы себеп болды,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Жергілікті мамандардың айтуынша, табиғи апаттың кесірінен үш миллион жәшік апельсин құрыған. Енді биыл Флориданың шаруалары соңғы 100 жылда болмаған аз өніммен отыр.
Осылайша цитрус шырынының өндіріс көлемін де қысқартуға мәжбүр. Ал мұздатылған апельсин шырынының биржадағы фьючерсі максимумға жетіп, бір келісі 11 жарым доллар болды.