Фариза Амангелдіқызы
- Бет-әлпеті құбыжық секілді! Сенің кесіріңнен!
- Сен не деп оттап отырсың? Есірткі қолдансам өзім үшін. Кетсе өз дансаулығым кетеді. Балама не қатысы бар?- деп Дастан атып тұрды. Оқты көзімен қараған көзқарасы Іңкәрді селк еткізді. Өмірінде басынан сөз асырмаған маңғаз күйеуі қайта оралғандай болды.
- Не өтірік пе? Кез-келген дәрігерден сұра, көзің ашық қой интернеке кіріп іздеп көр нашақордан қандай бала туылатынын,- деп Іңкәр да бой бермеді. Шыдап тұра алмаған Дастан жұдырығымен басынан салып қалды. Теріс қарап тұрған Іңкәрдің дәл мойнына тигені сол, сұлайып құлады. Өзі онсыз да әлсіреп тұрған еді, есінен танып қалды. Дастан ешкімге ештеңе білдірместен келіншегін көтеріп төсегіне жатқызды да, ашуын баса алмай сыртқа шықты.

Артынан анасы бірге шықты:
- Қайда шықтың балам? Өзің келгенің кеше ғой.
- Қорықпашы мам, ешқайда бармаймын. Дүкеннен сусын алып ішем әншейін.
- Сусын үйде де толып тұр емес пе?
Ешкімді тыңдамастан қақпаға бет алған ұлының артынан қарап тұрған анасы қорқып тұр. Іңкәрмен сөйлесейін деп бөлмесінің есігін қағып еді, тым-тырыс. Ақырын ашып көрсе келіні төсегінде теріс бұрылып жатыр екен. Ұйықтап жатыр екен ғой деген енесі ақырын есігін жауып шығып кетті. Түн болды Дастан әлі жоқ. Анасы жүрегі бірдеңе сезгендей. Күйеуіне хабарласып жағдайды айтты. Жұмыстан келе жатып іздестіріп көремін деді. Іңкәр енді ғана есін жиып орнынан тұрды. Басы мең-зең болып ауырып тұр. Бағанағы жайт есіне түсіп кетті. Бөлмеде Дастан жоқ. Бөлмеден шығып ас үйге беттеді. Енесі қарсы алдынан кезікті.
- Апа, Дастан қайда?
- Сол білмей отырмын. Бағана сен келгенде шығып кетіп еді.
- Оған баланы алдырғанымды айтып едім ашуланып шыға келді. Себебін айтсам түсінер емес. Жұдырығын ала жүгірді. Есімнен танып қалыппын. Қазір тұрдым.
- Не дейді құдай? Сені ұрды ма, қолың сынғыр.
- Иә, мойныма тиді. Басым мең-зең.
- Иттің ғана баласы. Қазір әкесі іздеп жатыр. Алып келеді. Өзім сөйлесемін онымен,- бұл жолы енесі шынымен ашуланды. Өзінің не бүлдіріп жүргенімен жұмысы жоқ, қатынына қол көтереді оңбаған деп өзімен өзі күйіп-пісіп ашуланды.
Әкесі таңға дейін Дастанды іздеп таппай қайтып келді.

Үй ішінде кең тыныштық орнаған. Мүлгіген қала. Бәрі ұйқыда. Тек Дастанның отбасы ғана ояу. Әрқайсысының ішінде бір ой бар, бір қорқыныш бар. Таң ата бұл үнсіздікті Дастанның ықылық ата кіріп келген дауысы бұзып жіберді. Өзі өлесі мас. Аяғынан тік тұра алмайды. Сүйретіле басып есіктен кірді. Ашуы шегіне жеткен әкесі орнынан атып тұрды:
- Сен қайда жүрсің а? Бүкіл қаланы аралап іздеп шыққанымды білесің бе өзің?
- Негеее? Мен... мен жүрмін ғой... көшеде, қыдырып...- деді ыржиып Дастан.
- Сен неге сөз ұқпайтын адамсың? Енді арақ ішуді бастадың ба?
- Іштім. Шектім. Не бопты ал? Кімнен рұқсат алуым керек еді?
- Оңбаған. Адам болмайлы бұл,- деп шапалақпен бетінен салып қалды.
- Есін жия алмай міңгірлеп тұрған Дастанның көзінен оты жарқ ете қалды. Әкесіне қанталаған көзімен атыла қараған ол:
- Неге ұрасың мені? - деді.
- Оттамай бар бөлмеңе!
- Неге ұрасың дедім мен саған?- деп әкесінің жағасына жармаса кетті. Әкесі бар күшімен итеріп жіберді. Табалдырыққа оңбай құлаған баласы қайта тұруға әлі келмей тәлтіректеп әрең тұрды. Әкесі сүйреп әкеліп төсегене тастады да есікті сыртынан кілттеп тастады:
- Жатсын өзіне келгенше. Хайуан құрлы жоқ. Адам болмайды бұл, қара мұны әкесінің жағасына жармасуын, - деп кейіді.
Анасы үндемеді. Ол да баласының тірлігіне күйініп кетті.
- Қайтсек адам болады бұл? Бәрін жасадық қой. Емдеттік те, үйлендірдік те. Жұмысқа да тұрғыздық.
- Адам болмайды бұл. Бекерге юізді сорлатқаннан басқа. Келіннің де обалына қалды деп жүрсек, енді немереміздің де обалына қалды, оның қаны осы хайуанның мойнында!- деді әкесі көңілі түсіп. Іңкәр бөлмесіне кіруге қорқып тұр. Тағы да қонақ бөлмеге беттеді...
Осылай күндер өтіп жатты. Дастанда өзгеріс жоқ. Баяғыдай тек шегіп емес, қазір ішіп те келеді. Аузы арақтан босамайтын болған. Іңкәр шыдай алмай ата-анасын шақырып, бүкіл заттарын жинап кетіп тынды. Ата-енесі қал деп айта алмады. Қалай айтады? Кеткені де дұрыс шығар. Бір ауыз кешірім сұрады да, саған ризамыз деп шығарып салды. Үйіне келген соң да біраз күн Іңкәр қысылып, көрші-қолаң, тума-туыстан ұялып жүрді.

Үш күннен соң көрге де үйренесің демей ме? Бір-екі апта өткен соң Іңкәрдің де бойы үйрене бастады. Үй тірлігіне араласып, өмірі бірте-бірте қалыпқа түсе бастады. Ата-анасы ауылға дипломымен жұмысқа тұрғызайын деп еді, Іңкәр көнбеді. Қалаға барып жұмыс жасаймын деді. Бірақ, әкесі бір шартпен ғана рұқсат берді. Кем дегенде 1 жыл үйде боласың деді. Осылайша Іңкәрдің үйде күндері өте берді. Заңды түрде ажырасуға да арыз тастады. Ойлап қараса тұрмыста болғанына жыл да болмапты. Бірақ, ондай күйеуден ерте құтылғанына өзі де қуанды. Шын жақсы көріп, араларында махаббат болып үйленбеген соң ба, кім білсін, күйеуіне деген қимастық сезім деген де болмады. Сол кеткеннен соң, қайын жұртынан мүлде хабар болмады. Кейде есіне түссе, ойланып қалады. Дастан сорлы ата-анасын зар қақсатып жүр ме екен. Әлде адам болды ма екен. Үйленіп тағы да бір қыздың обалына қалды ма екен...
Іңкәр қаладан жұмыс тапты. Баяғы бірге оқыған курстастары жұмыс ұсынды. Ата-анасының рұқсатын алып, қалаға аттанды.
Қалаға келіп жеке пәтер жалдады. Биыл оқуды аяқтайтын сіңлісі бар. Бұйырса оқуға түссе бірге тұрады. Ұзақ мерзімге келісіп, ішін жөндеуден өткізді. Жаңа өмір бастап, жұмысқа тұрып, бәрін басынан бастаймын деп шешті. Ендігі өмірімді ата-анам мен бауырларыма арнаймын. Бар көмегімді аямаймын деп шешті. Бір жыл жалғыз тұрды. Өмірі еш өзгеріссіз өтіп жатты. Жұмысына барады-келеді. Күнде үй ішімен телефон арқылы сөйлесіп тұрады. Биыл сіңлісі оқуға келеді. Соған қуанып жүр. Жұмысында да қырын көрсетіп жүрген жігіттер болған. Бірақ Іңкәр үнемі тыйып тастайтын. Тіпті, әзілдескенді де ұнатпайды. Жазғы демалыста да ауылға қайтпай үш ай дүкенде сатушылық жұмыс жасады. Осы уақытта әжептеуір қаржы жасап алды. Осылай бірте-бірте саудаға үйрене бастады. Жаздың соңғы күндері ауылына барып бір жеті демалды да, сіңлісін алып қалаға келді. Оқуға жайғастырып, өзі жұмысына кірісті. Қосымша саудамен де айналысты.
Бір күні жаңа товар келіп соны қабылдап алуға сіңлісімен бірге таңата складқа келді. Құжынаған адам. Барлығы саудагерлер. Кенет сыңғырлап күлген таныс дауысты есітіп жалт бұрылды. Иә иә таныс. Әлі түннің қараңғылығы жойыла қоймаған, жүзі шырмалып дұрыс көрінбеді.

Енді-енді таң бозарып атып келеді. Жаңағы таныс дауыс маза берер емес. Кім екен деп жалтақтап қарай берді. Өтірік заттарын іздеген болып дауыс шыққан эаққа беттеді. Олар да саудагерлер екен. Заттарын көліктеріне тиеп жатыр. Бағанағы әйел дауысының иесін емес, мүлде басқа жанды кезіктірем де ойламаған Іңкәр көзін алмай тұрып қалды. Қарсы алдында баяғы құлай сүйген жігіті тұр. Ол да көлігінің жанында Іңкәрге қарап қатты қалды. Артынан зат көтерген бағанағы дауыс иесі келді.
- Жаным, болсаңшы тезірек қайтайық. Не болды тыныштық па?...- деп Іңкәрге бұрылған баяғы құрбысы екі бетті оттай болып қызарып кетті.
- Ой, сәлем Іңкәр. Қалың қалай?
- Жақсы шүкір. Өзің қалайсың?
- Иә ақырындап сол... біз... негізі... саудамен айналысатын едік...
- Көрініп тұр саудамен айналысатындарың.
- Не ғой... біз...
- Мен асығыс едім, жарайды, кейін бір сөйлесіп отырармыз. Ал, жақсы сау болыңдар,- деген Іңкәр бойын тік ұстап білдірмей бұрылып кетті де, жанарынан домалаған жасын сүртіп сіңлісімен бірге заттарын алып үйіне қайтты.
Сол жерде қалған әйелі мен күйеуі бір-біріне сөйлеместен көліктеріне отырды да жүріп кетті. Көлік ішінде бар жағдайды егжей-тегжейлі сұраған күйеуіне өтірік айта алмай, барлығын мойындады. Кезінде Іңкәрді алдап нағашысына алып келген де, оны жігітіне басқаша бұрып жеткізген де, Іңкәрді жаман атты қылып көрсеткен де, жігітінің көңілін қалдырған да әйелінің ойластырған ісі болып шықты. Араға бір-екі ай салып, құрбысының жігітін өзі іздеп тауып, айналшықтап, қылымси күліп жүріп ақыры жүрегін жаулап үлгерген екен. Қазір, міне отау құрып бақытты күн кешіп жүргенін Іңкәрдің өзі де көрді. Ол үйіне жеткенше құрбысына лағнет айтып, КЕШІРМЕЙМІН СЕНІ деп іштей жек көріп келді. Тіпті бұған баяғы сүйгенін де кінәлады. Біращ, бұдан не пайда? Өткен іс өтті. Тағдырға жазғаны осы болса қашып қайда барады. Енді олар бірге бақытты. Отабсын құрған. Бірақ бәрібір ішінен "СЕНДЕРГЕ БАҚЫТ ТІЛЕЙ АЛМАЙМЫН" деген ол көзіндегі жасын сүртіп төсегіне құлай кетті...

Соңы...