Мен сіздерден жəне оқырмандардан бір жайтқа қатысты кеңес сұрағым келеді. Тұрмысқа шықпаған қызбын. Алайда, үш жыл бұрын бір жігітпен жүріп алданып қалдым. Сүйем деді, күйем деді. Ақыр соңында бос сөзге қарқ болып, абыройымнан айрылып қала бердім. Ол жігіт қазір елде емес. Германияға машина жасап сататын компанияға жұмысқа тұрып кетіп қалды. Біз екеуміз тоқсан күн ғана жұп болып жүрдік. Сол менімен жүріп жүргенін де шетелге кететінін еш айтпады. Үйленеміз деп, маған жарым боласың деп, торына түсірді.
Өткен іс өтті. Өкінгеннен пайда жоқ. Қазір, жұмысымда бір жігіт соңымнан қалмайды. Мен де шын көңілі бар секілді. Сезімін байқамаған адам құсап, көрген нəрсемді көрмеген киіпке енуден басқа ештеңе жасай алмаймын. Өткенімді білсе... Оңтүстіктің баласы бетіме қарар ма екен? Жалған айту болмысымда жоқ. Алдандым. Алдаған адамда жетісіп жүрмеген шығар. Ол жігіттің сезіміне қалай жауап беремін? Ол ойлағандай жан емеспін. Бекерге сыйласып жүрген жаннан айрылып қалмаймын ба? Ойлай беріп, ақылдан адасатын болдым.